Бұл пәннің мазмұнын анықтауға көркем еңбектің оқыту мақсаттарының 3 бөлімнен және 11 бөлімшелерден тұратын жүйесі реттелген. Негізі білімді және тәжірибелік дағдыларды шығармашылық белсенділік үдерісінде көркем еңбектің мазмұндық тізбегі 1-4 сыныптарға үш бөлімде оқыту идеясының жүйесінде қалыптасуға бағытталған.
1-бөлім."Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту" - қазақ халқының және басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін меңгеріп, қоршаған ортада әр түрлі материалдарға зерттеу жасау үдерісінде, зерттеу дағдыларын және шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту бағытында өз идеяларын жасайды.
2-бөлім."Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау" -әр түрлі жұмыс техникаларын меңгеріп және өзінің іс-әрекетін жоспарлап, әр түрлі материалдармен эксперемент жүргізіп, қоршаған ортаның бейнелеу дағдыларының тәжірибелерін дамытуға бағытталған.
3-бөлім. "Презентация, талдау және бағалау" комуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған, соның аясында өзінің және басқалардың жұмысын бағалайды, презентациялайды және түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |