Бағдарламада «Оқу мақсаттары» қолдануға, мониторинг жасауға тиімді болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.
Ескертпе:
Барлық оқу мақсаттары нақты контекстке қатысты байланбай, әр түрлі тақырып аясында іске асырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |