Әдебиет: Силлабусты қара.
6 – дәріс
Тақырыбы: Шала өткізгіш аспаптардың түрлері
Мазмұны:
1. Шала өткізгіш аспаптардың басқа түрлері.
2. Шала өткізгіш аспаптардың арнайы түрлері
3. Фотоэлектрлік аспаптар
Мақсаты: Шала өткізгіш аспаптардың ерекшеліктерін, жұмыс істеу принципін түсіндіру.
1. Шала өткізгіш аспаптардың басқа түрлері.
Транзисторлар мен тиристорлар
Э лектрондық- кемтіктік өтуі болатын қондырғыларға диодтан басқа, транзистор мен тиристорлар жатады. Транзисторлар: биполярлы және униполярлы болып бөлінеді. Басты ерекшелігі: Транзистордың 2 p-n өтуі– яғни шала өткізгіштердің 3 қабатынан құралуы немесе шала өткізгіш пластинада сыртқы өрістің әсерінен өзгеретін өткізгіш каналдың болуы.
Биполярлы транзистордың үш шала өткізгіш қабат,екі p-n өтуі болады.3 контактісі – эмиттер(Э), база(Б), коллектор-(К). Базадағы ток электрондық тізбегінен өтетін қуатты токтың өтуіне елеулі әсерін тигізеді. Сондықтан Э- Б – тізбегінен өтетін әлсіз токтар. Электрондық тізбегінде күшейтіледі деп айтуға болады.
Өрістік транзисторда3 контакт: бастау(И), бекітпе (З), құйма (С) деп аталады. Бастау-құйма тізбегінен өтетін токты , бекітпедегі электр өрісінің көмегімен басқаруға болады.Сол арқылы әлсіз сигналдарды күшейтуге болады.
Тиристорды үш p-n - өту болады. Тиристордағы токтың өту- өтпеуі оның арасындағы шала өткізгіш қабаттардың потенциалдарына және алдыңғы моменттердегі токқа байланысты. Тиристор электр сұлбасында айырып-қосқыш қызметін атқарады. Тиристордың екі электроды болса, оны динистор деп атайды, үш электроды болса - тринистор. Вольтамперлік сипаттамасы координат басына қатысты симметриялы болса - симистор деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |