Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


 Шөлейт дала аймақшасының ашық қара қоңыр топырақтары



Pdf көрінісі
бет45/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

5. Шөлейт дала аймақшасының ашық қара қоңыр топырақтары
Ашық қара қоңыр топырақ еліміздің шөлейт аймағында таралған болып, Батысы 
Каспийден шығысы Алтай тауларының етегіне дейінгі кең аумақты алып орналасқан, ауданы 
38,4 млн. га. Жер бедері Батысында Каспий маңы ойпатының, топырақ түзуші тау 
жыныстары – тұзданған балшықтар және ауыр құмбалшықтар. Орал тауының оңтүстік 
етегінің жалғасында және Торғай үстірттері маңының жер бедері адырлы-бұдырлы 
жазықтықтар және аңғарлар мен сайлардан құралған. Аналық тау жыныстары – карбонатты 
балшықтар және құмбалшықтар. Сарыарқа төңірегінде бұдырлы жазықтықтар мен ұсақ 
шоқылар және аласа таулар орналасқан. Аналық тау жыныстары элювиалды-делювиалды, 
қиыршық тасты құмбалшық, кейде құмайттар.
Өсімдіктер жамылғысы аймақшадағы ылғалдың кемуіне байланысты, шөлге төзімді 
болып келетін жусанды-астық тұқымдасты және жусанды шөптесін өсімдіктермен бірге 
қараған-бұталар да кездеседі. Бұл аймақшада орташа есеппен 180-210 мм жауын-шашын 
түседі. +10
0
С-тан жоғары температураның қосындысы 2600-3100

құрайды. 
Ашық қара қоңыр топырақтардың үстіңгі қарашірінді қабатының қалыңдығы 15-18 
см, ашық қара қоңыр түсті, қарашірінді мөлшері 2-3%. Гранулометриялық құрамы күңгірт 
қара қоңыр топырақтармен негізінен ұқсас, әр түрлі ауыр гранулометриялық құрамды болып 
келеді, Ақтөбе облысының Ойыл және Ырғыз аудандарында, сонымен қатар Ертіс маңында 
әр түрлі жеңіл гранулометриялы топырақтар кездеседі.
Жалпы азоттың мөлшері 0,2%-дан аспайды, гранулометриялық құрамы жеңіл ашық 
қара қоңыр топырақтарда одан төмен болады. Жалпы фосфордың мөлшері күңгірт қара 
қоңыр топырақтардан айырмашылығы аса байқалмайды. Алмаспалы сіңген катиондар 100 г 
топырақта 15 м-экв құрайды.
Ашық қара қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы климатының құрғақ болуына 
байланысты, оны егіншілікте пайдалану тимсіз, тек суармалы егіншілікпен айналысуға 
болады, бірақ су көздерінің тапшы болуына байланысты бүл өңірде мал шаруашылығын 
дамыту еліміздің экономикасы үшін тимі болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет