Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


- Дәріс. . Қазақстанның орманды дала аймағының қара топырақтары Қазақстанның дала



Pdf көрінісі
бет42/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

8- Дәріс.
. Қазақстанның орманды дала аймағының қара топырақтары Қазақстанның дала 
аймағының қара топырақтары және қуаң дала мен шөлейт аймағының қара –қоңыр 
топырақтары. Қазақстанның шөл аймағының топырақтары 
 
Мақсаты: Қазақстанның жазық аймақ топырақтарының құрамы, қасиеті және 
таралу заңдылықтарымен таныстыру. 
Жоспар
:
1. Ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасының кәдімгі қара топырақтары 
2. Оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала аймақшасы 
3. Қуаң дала аймақшасының күңгірт қара қоңыр топырақтары
4. Қуаң дала аймақшасының қара қоңыр топырақтары


5. Шөлейт дала аймақшасының ашық қара қоңыр топырақтары
6.Солтүстік шөл аймақшасының қоңыр топырқтары 
7. Орталық шөл аймақшасының сұр-қоңыр топырақтары
Дала аймағында қара топырақтың кәдімгі және оңтүстіктік екі типшесі таралған. Бұл 
топырақтар ТМД елдері териториясының 99 млн. га. аумағын алып жатса, Қазақстандағы 
дала аймағының көлемі 25,4 млн. га.
1. Ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасының кәдімгі қара топырақтары 
Бұл аймақша Солтүстік Қазақстан облысының түгелдей дерлік жер териториясын, 
Қостанай және Ақмола облыстарының солтүстік аудандарын алып жатыр, аумағы 12 млн. га.
Жер бедері Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігінде тегіс болып келсе, ал 
Сарыарқаның Көкшетау қыратында аласа таулар мен тегіс жазықтардан құралған.
Топырақ түзуші тау жыныстары гранулометриялық құрамы құмбалшық немесе 
балшық болып келетін элювиалды-делювиалды шөгінділер мен аллювиалды, көлді 
шөгінділерден тұрады. 
Климаты күрт континенталды қысы суық аязды және жазы ыстық, ауаның +10 
0
С-тан 
жоғары белсенді температурасының қосындысы – 2100-2200
0
. Жылдық орташа жауын-
шашын мөлшері 300-330 мм.
Аймақшаның басым бөлігі табиғи аралас шөптесін өсімдіктерден тұрады, сонымен 
қатар Көкшетау қыратының таулы жерлерінде қарағайлы-қайыңды аралас ормандар, ал 
ойпат жерлерінде көктеректі-қайыңды шоқ ормандар кездеседі және қорғаныштық орман 
жолақтары мен орман массивтеріде топырақ түзілуінің кейбір негізгі және қосалқы 
үрдістерінің сипатына өзгерістер тигізуі мүмкін.
Жалпы қасиеттері жағынан нағыз қара топырақтарға ұқсас болғанымен, бұл 
топырақта қарашіріндінің жиналуы баяу жүреді. А қабатының түсі күңгірт-сұр немесе қара, 
қарашірінді мөлшері 5-7%-ға дейін болады. Түйіртпектілігі дәнді немесе дәнді-кесекті, 
қалыңдығы 30-40 см, біртіндеп түсі қоңыр реңді күңгірт сұр В

қабатына ауысады, 
Түйіртпектілігі кесекті немесе кесекті-бағаналы. (А+В
1
) қалыңдығы 43-59 см-ге жетеді. В

қарашірінді ағындары қабаты көп жағдайда В
к 
карбонаттар қабатымен ұштасады немесе 
бірден карбонатты қабатқа ауысады. Карбонаттар ақ көз түрінде кездеседі. В

және В
к 
қабаттарының түйіртпектілігі бағаналы. Карбонатты қабат біртіндеп С аналық тау жынысы 
қабатына ауысады.
Кәдімгі қара топырақтың физико-химиялық, химиялық қасиеттері өте қолайлы. 
Сондықтан бұл аймақшадағы топырақтар түгелімен ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
Кәдімгі қара топырақтардың келесідей: кәдімгі, карбонатты, кебірленген, тереңнен 
қайнайтын, жетілмеген, аз дамыған тектері бөлінеді.
Кәдімгі қара топырақтардың түзілуіне, құнарлылығын жақсартуда осы өңірдегі ауыл 
шаруашылығы жерлерін жел эрозиясынан қорғау және ылғал жинау мақсатында егілген 
қорғаныштық орман жолақтары мен массивтерінің тигізетін әсері зор. Мысалы, 2015-2017 
жылдар аралығында жүргізілген біздің зерттеулерімізде кәдімгі қара топырақтардың 
морфологиялық белгілеріндегі келесідей өзгерістер анықталды. Топырақтың қарашірінді 
қабатының қалыңдылығының тың жер топырағымен салыстырғанда қайың екпелері 
астындағы топырақта – 12 см-ге, қарағай екпелері астындағы топырақта – 7 см-ге, ал 
қарағайлы-қайыңды орман екпелер астындағы топырақта – 4 см-ге артқаны дәлелденді. 
Біздің ойымызша, орман екпелері астындағы қарашірінді қабатының қалыңдауына,орман 
ішіндегі оңтайлы гидротермиялық жағдай әсерін тигізді. Ал ашық алаңды жерлерде, тың жер 
немесе жыртылған танап болсын үрдістің басқаша бағытта жүретінін көптеген ғалымдармен 
дәлелденген [П.Е. Соловьев, Е.Г. Парамонов және т.б.]. бұл жағдайдың себебі, топырақ 
бетіндегі өсімдік қалдықтарының мол немесе аз болуымен байланысты. Мысалы, орман 
екпелері топырақтарының беткі орман төсеніштерінің қалыңдығы 3-6 см болса, тың жерде 
небәрі 2 см қалыңдықты шөптесін қалдығын құраған.


Зерттелінген топырақтың жалпы қарашірінділі қабатының (А+В
1
) қалыңдылығы 
қайың орман екпелері астында 62 см, қарағайлы-қайыңды және қарағайлы орман екпелерінде 
тиісінше 60 және 56см болса, тың жерде бұл көрсеткіш 46 см-ді құрады. Орман 
отырғызылымдары астындағы кәдімгі қара топырақтарда қарашірінділі қабатының 
қалыңдылығының артуы, топырақтағы ылғалдылықтың мол болуынан органикалық 
заттардың жақсы ерігіштігі әсерінен туындаған. 
Тың жер топырағымен салыстырғанда орман екпелері астындағы кәдімгі қара 
топырақтардың тұз қышқылынан қайнай бастауы барлық нұсқаларда төменгі қабаттарда 
байқалады. Сонымен қатар орман екпелері топырақтары нұсқаларында карбонаттардың аз 
кездесуінен тұз қышқылынан әлсіз қайнайды. Демек, орман жамылғысы астындағы 
топырақтарда шайылу үрдісі біршама қарқынды жүреді. Бұған карбонаттардың жиналу 
тереңдігі мен тұз қышқылынан қайнауы дәлел.
Тың жер топырағында карбонаттар кескіннің В
2к 
- 46 см қабаттынан бастап мол 
жиналып, 11,64%-ға дейін жетсе, төменгі ВС және С қабаттарында бір деңгейде 
қалыптасқан. Ал қарағай екпелерінде бұл көрсеткіш 10 см-ге, қайың екпелерінде 16-см-ге, 
қарағайылы-қайыңды аралас екпелерде 54 см-ге дейін төмен орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет