Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н


Ақпаратты екі дереккөзден алу ережесі



Pdf көрінісі
бет10/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
3. Ақпаратты екі дереккөзден алу ережесі


Ақпарат көздеріне қатысты ең құнды ереже – қандай да бір мәліметтің басуға

жарамды   екенін   анықтау   үшін   оны   кем   дегенде   екі   сенімді   және   дербес

ақпарат   көзімен   нақтылап   алған   жөн.   Бұл   бір   ақпарат   көзінің   мәліметті

екіншісінен   алмағанын   немесе   екеуінің   қажетті   ақпаратты   бір   жерден

алмағанын аңғартады. Жалпы алғанда, «екі дереккөзден алу» ережесіне сай

келмесе,   ол   мәліметті   нақтыланған   ақпарат   ретінде   жарияламаған   дұрыс.

Қолыңызда бір ғана ақпарат көзі болған жағдайда, бірақ өзіңіз ол ақпаратты

беру маңызды деп шешсеңіз немесе оның сенімділігіне күмәніңіз болмаса,

онда «А ақпарат көзінің айтуынша» немесе «А ақпарат көзі нақтылауынша»

деп   сілтеме   жасай   отырып   хабарлаңыз.   Дерек   дау   тудыруы   мүмкін   екенін

байқасаңыз, мұны жасырмаңыз. Керісінше, бұл мәселеге қатысты әр адамның

пікірі әртүрлі болуы мүмкін екенін айтыңыз.

Жалғыз ақпарат көзін қолдану үшін алдымен ақпараттың сенімділігіне және

деректердің   дұрыстығына   көз   жеткізіңіз.   Мұндай   жағдайда   ақпарат   көзі

міндетті   түрде   көрсетілуі   тиіс.   әрине,   бір   адам   ақпаратты   толық   білуі   де

мүмкін, бірақ толық сенімді болыңыз. Себебі, кейде олай болмауы да мүмкін.

Ең дұрыс шешім – екі немесе одан да көп ақпарат көзін қолдану.

Дерек көздерін сәйкестендіру

Ақпарат   көздерін   сәйкестендірген   уақытта   барынша   жан-жақты   мінездеме

беруге  тырысыңыз,   оқырман   дерек  көзінің  сенімді   екеніне  өзі   көз  жеткізе

алатындай болсын. Бұл дерек көзінің білікті маманның қолынан шыққанына

негіз   бар   екенін   анықтап,   оның   объективтіліктен   ауытқуына   себептің   бар-

жоғын   да   біліп   алу   керек   деген   сөз.   Бұл   мәселеге   неғұрлым   мұқият

қарасаңыз,   жазған   мақалаңыз   соғұрлым   шындыққа   жанасымды   болып

шығады.   Кейбір   жағдайларда   жекелеген   мән-жайды   ашып   көрсетуге   тура

келеді. Мәселен, дерек көзінің дәл осы мәселеге қатысты қаржылық немесе

кәсіби   мүддесі   бар   ма,   сынға   алынып   отырған   адам   мен   дерек   көзінің

арасында көп уақыттан бері шешілмей келе жатқан кикілжіңдер жоқ па, өзге

де түсініксіз жайттар жоқ па, міне, осының барлығын оқырман үшін түсінікті

етіп көрсету керек.

Егер   үкіметтің   саясатын   сынға   алған   болсаңыз,   «комментатор   Хасан   Али

айтты» деген дәйексөз «...деді «Трибун» басылымының жетекші шолушысы

Хасан   Али»   дегенге   қарағанда   әлдеқайда   нақты   болып   келеді.   Немесе

үкіметті   жақтайтын   пікірде   «...деді   осы   аймақ   бойынша   тәуелсіз   сарапшы

Рэндэл Брейтвейт» деп берілсе, бұл екіұшты ойға қалдыруы мүмкін. Ал егер

«Рэндэл Брейтвейт – үкіметті аймақтағы мәселелер жөнінен ұдайы хабардар

етіп отыратын кеңесші» деп берілсе, оның салмағы басқа болады.

Сенімге лайық дерек көздері

Ресми   құрылымда   жұмыс   істейтін,   нақтылы   оқиға   бойынша   жан-жақты

хабардар   адамның   пікірі   жақсы   дерек   көзі   болып   есептеледі.   Мысалы,

Қорғаныс министрі қорғаныс саясатына қатысты жайттарды жақсы білетін ең

беделді дерек көзі болса, сол министрлікте жетекші шенеунік болып жұмыс

жасайтын азамат туралы да осыны айтуға болады. әрине, ол адамның аты-

жөні көрсетілуі тиіс. Алайда, дәл сол сарапшы қаржылық




қиындықтар мен халықаралық қатынастар жөнінде пікір айта алмауы мүмкін.

Сол   себептен,   мүмкіндігінше   түсініктеме   берген   адамның   аты-жөні   мен

лауазымын атап көрсетіңіз. Мысалы, қорғаныс министрі Стенли Смит деген

сияқты.


Ресми   мәлімдеме   мен   беделді   азаматтардың   аузынан   шыққан   сөздің   бәрі

маңызды   деректерге   құрылмауы   мүмкін,   кейде   тіпті   мұндай   мәлімдемелер

қайсыбір   жайттарды   бүркемелеу   үшін   берілуі   де   мүмкін.   Ақпарат   ресми

көзқарасты білдіретін болса, оны тексермей-ақ қоюға болады деген түсінік

тумауы   тиіс.   Бұл   арада   материал   объективті   және   сенімді   болу   үшін   ғана

қарама-қарсы пікір іздеуге болмайды. Мәселен, қорғаныс министріне оның

жақтаушылары   жүзеге   асырып   жатқан   әскери   науқанның   барысы   туралы

сауал  қоятын  болсаңыз,  бұл аса  сенімді емес  дерек көзі болып  табылады.

Өйткені, ресми қызметіне орай ол шындықты айта  алмауы мүмкін немесе

үкіметтің   мүддесін   көздеу   тұрғысында   тек   жағымды   тұстарын   сөз   етуі

мүмкін.

Репортер немесе куәгер

Репортердің өзі немесе баяндалып жатқан оқиғаны өз көзімен көрген немесе

құлағымен естіген куәгер де маңызды дерек көзі бола алады. Хабарламадан

репортердің тікелей куәгер болғаны анық көрініп тұруы керек. Олай болмаса,

дерек   көзі   туралы   айту   керек:   «IWPR   тілшісі   жарылыс   болған   орынға   20

минуттан кейін келген. Корреспондент Саид Джамал бес адамның мүрдесі

жатқанын   және   оншақты   полицейдің   жиналғандарды   орнынан   қозғалтуға

тырысып жатқанын хабарлады».

Дерек көзіне сілтеме жасалмаған хабарлама

Ақпарат ешқандай талас тудырмайтын жағдайда дерек көзін көрсету міндетті

емес.   Мысалы,   тарихи   дерек   берілген   жағдайда:   «1654   жылы   Миталистан

тәуелсіз   мемлекетке   айналды».   Бірақ,   көптеген   тарихи   деректердің   даулы

болып келетінін де естен шығармаған абзал.

Ресми дерек көздері

Тікелей   атқаратын   міндетінің   негізінде   қолында   ақпарат   қоры   бар,   бірақ

лауазымды   қызмет   атқармайтын   адам   да   ресми   ақпарат   көзі   бола   алады.

Полицейді   қауіпсіздік   туралы   мақалаға   орай,   мемлекеттік   азаматтық

қызметкерді   мемлекеттік   саясат   туралы   жазылған   мақалада,   БҰҰ   немесе

ҮЕҰ қызметкерін сол бағытта жұмыс істеп жүрген гуманитарлық сұрақтар

бойынша ресми ақпарат көзі деп атауға болады. Кейбір жағдайларда дерек

көзін   көрсетпеуге   уәде   беруге   тура   келеді,   дегенмен   басқа   уақытта   ресми

дерек   көзінің   толық   аты-жөні   мен   лауазымды   тұлғаның   қызметін   атап

көрсету керек. Мұндайда шатасуға да, шатастыруға да жол бермеңіз.

Ең   бастысы,   дерек   көзінің   ақпаратты   толық   білетініне   негіз   болуы   керек.

Мысалы,   «Экономика   министрінің   орынбасары   Абдель   Бассер   Мохаммади

баға   өткен   жылға   қарағанда   20%-ға   төмендеген   деп   хабарлады»   деп

жазсаңыз,   бұл   жай   ғана   «шенеунік   былай   деді»   дегенге   қарағанда

салмақтырақ.   Егер   шенеуніктер   аты-жөнін   атамаса,   олардың   атқаратын

қызметі туралы толығырақ жазыңыз. Егер жоғарыдағы мысалда келтірілген

министрдің орынбасары да аты-жөнін айтудан бас тартса, онда «Экономика



министрлігіндегі   жоғарғы   шендегі   лауазымды   тұлға»   деп   алған   жөн,   бұл

«лауазымды  тұлға...» деп жай ғана атап  өткенге  қарағанда салмақты. Егер

дерек көзі біреу болса, ешқашан оны көпше түрде жазбаңыз.  Бір полицей

«полициядағы дерек көздері» бола алмайды, ол тек «полицей» деп алынады.

Егер қандай да бір дипломат әлденені баяндаса, ол тек бір «дипломат» болып

қалады, «дипломатиялық  дерек  көздері»  бола алмайды. Сондай-ақ, «Батыс

дипломаттары»   деген   анықталмаған   терминнен   аулақ   болған   жөн.   Дерек

көздерін көрсеткенде селқостықтан аулақ болыңыздар

Дерек   көздерін   көрсеткен   уақытта   селқос   сөздерден   аулақ   болған   жөн.

Мәселен,   «бұл   түсінікті   еді»,   «хабарланған»   немесе   «есептеледі»   деген

терминдер халықаралық журналистикаға тән термин емес. Ақпараттан кімнің

«түсінгені» немесе «сенгені» айқын көрінуі керек. «Хабарланған» деген сөз

адамды   тіксінтіп   тастайды,   себебі   оны   сіз   жеткізуіңіз   керек.   Бұл   үнемі

қолданылатын   «хабарлауынша»   деген   терминге   де   қатысты.   Бірақ,   «Кабул

радиосының хабарлауынша» деген сөйлем өте жақсы, бұл нағыз дерек көзінің

өзі.   Ал   «барлығына   мәлім...»   деген   сөйлем   ешқандай   да   дереккөз   бола

алмайды.

Дерек көзінің мақаладағы орны

Ақпараттың қайдан шыққаны туралы мақаланың басында айтылуы керек. Ал

нақты  орны материалдың  қандай  шиеленісте  өрбитініне  байланысты.  Егер

мақала   президенттің   ресми   іссапары   жайлы   болса   (егер   ол   құпия   іссапар

болмаса), онда ол талассыз дәйек, сол себепті дерек көзін алғашқы абзацта

еске   салмауға   да   болады.   Ал   құпия   болған   жағдайда,материалда   репортер

ақпаратты қайдан алғанын көрсетуі керек және бұл жерде дереккөз сенімді

болуы   керек.   Егер   сапар   болып   жатқаны   шын   мәнінде   көрсетілсе,   онда

дереккөзді   сипаттаудың   қажеті   жоқ.   Ал   сапар   барысында   болып   жатқан

жайттарды   сипаттау   сенімді   дереккөзді   қажет   етеді.   Кез   келген   түйткілді

немесе   күдікті   дәйек   жағдайдан   толық   хабардар   дереккөзді   қажетсінеді.

әсіресе, әлденені ауызша естіген жағдайда міндетті түрде дереккөзді көрсету

керек.


Контекст

Әрдайым оқырманыңызға ақпараттың қалай және қайдан алынғанын айтып

отырыңыз.   Мысалы,   «баспасөз   мәслихатында   хабарланғанындай»,

«репортерлерге   арналған   өтініште»   немесе   «осы   басылымға   берген

сұхбатында».   Алдағы   күні   келіспеушілігін   айтады-ау   деген   жайттар   мен

«эксклюзивті сұхбат» терминінен де аулақ болыңыз. Бір мақаланың ішінде

берілген   ақпараттардың   кейбірі   бұрын   шыққан   есептен,   құжаттан   немесе

көпшілік   алдында   жасалған   мәлімдемеден   алынып,   қалғаны   сіздің

сұхбатыңыздан   болса,   қайсысының   неге   жататынын   нақты   көрсеткен   жөн.

Пікірлердің қайнар көзін көрсету. Егер мақала екі немесе бірнеше тараптың

арасындағы дау-дамауға қатысты болса, ал мақалада бір ғана жақтың пікірі

берілсе, онда пікірлерді емес, мәліметтерді қандай дереккөзден алғаныңызды

міндетті   түрде   көрсетіңіз.   Сондай-ақ,   материалдың   тек   бір   ғана   жақтан

алынғаны міндетті түрде білініп тұратын болсын.




Егер   болып   жатқан   дау-дамайға   тікелей   қатысы   болса,   онда   пікір   мен

көзқарастың да зор маңызы болуы мүмкін. Мәселен,  тараптар  арасындағы

дау-дамайды көрсеткен уақытта «бүгін миталистандық дипломат Сахестанды

зомбылық саясатын жүргізіп отыр деп айыптады» деп берген жөн.

Дегенмен,   көзқарастың   түп   төркіні   әрдайым   ашық   көрсетілуі   керек.

Анонимді   дереккөзден   барынша   аулақ   болуға   тырысқан   абзал.   Кімде-кім

өзгелер туралы жағымсыз жайтты жария еткісі келетін болса, онда ол өзінің

сөзіне өзі жауап бере алатындай болуы керек және аты-жөнін жасырмауы да

маңызды. Қорыта келгенде, бейтараптық және тепе-теңдік ережесін ешқашан

естен   шығармаңыз.   Репортажыңызда   тараптардың   ешбіріне   жақтаспаңыз,

бұра тартпаңыз. Адамдардың пікірі тек көзқарас ретінде берілуі тиіс, оларға

дерек деп қарамау керек. Егер сыни мақала жазып отырған болсаңыз, екінші

тараптың жауап беруіне мүмкіндік жасауды ұмытпаңыз. Бұл олардың заңдық

құқығы


Дереккөздерді сөзбе-сөз келтірудің негізгі ережелері

Сұхбат   алатын   адамдарыңызға   қандай   ережеге   сүйенетініңізді   мұқият

түсіндірген жөн және оны барынша сақтауға міндеттісіз. әсіресе, қоғамдағы

бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысынан бейхабар жандар үшін егжей-

тегжей   түсіндіру   қажет.   Өзіңізді   құшақ   жая   қарсы   алған   азаматтардың

алдында   ашық   болғаныңыз   жөн.   әсіресе   ол   адамдарды   қайнаркөз   ретінде

көрсететін   болсаңыз,   мұны   міндетті   түрде   ескертуге   тиіссіз.   Қоғам

қайраткерлері мен ресми тұлғалар баспасөзбен жұмыс істеуді жақсы біледі,

соған   қарамастан,   кез   келген   сұхбаттың   алдында   негізгі   ережелерді   естен

шығармаған абзал. Газетте  жариялау үшін: демек, журналист қолында бар

ақпаратты   толығымен   қолдана   алады   және   сөйлеп   отырған   адамның   аты-

жөнін көрсетуі керек. Сұхбат берушіге оның пікірінің қоғамдық маңызы бар

екенін   ескерте   отырып,   әрдайым   оның   келісімін   алуға   тырысу   керек.

Дереккөзге   сілтеме   жасамау:   яғни,   ақпаратты   және   дәйексөзді   пайдалана

отырып,   дереккөздің   аты-жөні   көрсетілмейді.   Журналист   сұхбат   алушы

субъектісінен   қызметін   қалай   көрсету   қажеттігін   келісіп   алуы   керек   және

мұндайда барынша нақтылық қажет (мысалы, «армия бас штабының мүшесі»

деген сөз жай ғана «офицер» дегеннен гөрі нақтырақ).

Мәліметтер   үшін:   мұндайда   ақпарат   берушінің   аты-жөні   де,   ақпарат   пен

дәйексөзді   келтіруші  дереккөз  де   көрсетілмейді.  Бұл   журналисті   репортаж

жасау барысында көмегі тиетін деректермен қамтамасыз етеді. Алайда,басқа

дереккөздер нақтыламайынша, оларды қолдануға болмайды. Дәл осы ереже

суреттер   мен   дауыс   жазбаларына   да   қатысты.   Камераны   немесе   басқа   да

түсіретін   немесе   жазатын   құрылғыларды   қоспастан   бұрын   рұқсат   сұрауға

тиіссіз. Сондай-ақ, кімде-кімнің суретін жариялайтын болсаңыз, ол адамнан

ашық рұқсат сұрау керек.

Журналист   осы   ережелер   шеңберінде   өзіне   жүктелетін   міндеттемелерді

бұзбауы керек. Ал егер сұхбат барысында негізгі шарттар өзгерген жағдайда,

оны   сілтеме   арқылы   көрсетуі   керек.   Кейде   «мәлімет   үшін»   деп   берілген

ақпаратты   «жариялау   үшін»   пайдалану   мүмкіндігі   тууы   да   мүмкін.   Атап

айтқанда,   ол   мәліметті   өзге   де   дерек   көздері   растаған   жағдайда,   оны



жариялағаннан кейін ақпаратты берген адамға ескертіп, түсіндіруге болады.

Алайда,   ол   үшін   екінші   жақ   міндетті   түрде   келісім   беруі   тиіс.

Журналистикада жиі қолданылатын off the record термині, яғни «жариялауға

арналмаған» деген түсінік кейде «мәлімет үшін» деген мағынаны білдіретін

болса, енді бірде «дереккөзге сілтеме жасамай жариялау» дегенді аңғартады.

Сол себептен ақпарат берушіден қандай мағынада айтқанын анықтап сұрап

алу керек.

Жасырын дерек көздері

Егер ақпарат беруші құжаттың астына аты-жөнін көрсетуден бас тартса, оның

айтып отырғанының шындық екеніне немесе өсек-аяң еместігіне көз жеткізіп

алыңыз.   Кейбіреулер   аузынан   шыққан   сөздің   жауапкершілігінен   қорқуы

мүмкін, яғни кейбір  адамдарда ақпаратты  жасырын беруге қисынды себеп

болуы мүмкін. Соған қарамастан, қандай да бір тұлға жасырын ақпар бере

отырып,   өзінің   аты-жөнін   көрсетпеуді   өтінсе,   онда   сіз   де   жақсылап

ойланыңыз. Біреу ат-тонын ала қашып отырған нәрсені өз атыңыздан беруге

бола ма, болмай ма?

«Нью-Йорк   Таймс»   газетінде   соңғы   жылдары   осындай   мәселеге   қатысты

бірнеше   рет   даулы   жағдай   болды.   Дегенмен,   бұл   басылымның   медиа-

бизнесте өз орны бар және бұл газет барынша жан-жақты қамтылған кодекске

бағынады.   Өте   сапалы   журналистика   жобасының   сайтында   экс-редактор

Джозеф Леливельд ойлап тапқан тест туралы ақпарат бар. Редактор жасырын

дерек көзін пайдаланардың алдында журналист өзіне екі сұрақты қоюы керек

деп есептеп, екі-ақ сұрақтан тұратын тест түзген екен. Ол қандай сұрақтар?

1. Дерек көзі оқиға туралы нақты не біледі? Немесе оның осы оқиға туралы

білетіні қандай мөлшерде?

2.   Дерек   көзінің   сізді   адастырып,   болмағанды   болды   деп   айтуына   немесе

ақпаратқа қатысты маңызды деректі жасырып қалуына себеп бар ма? Болса,

ол қандай себептер?

Осы екі сауалға қанағаттанарлық жауап алғаннан кейін ғана газет жасырын

дерек   көздеріне   жүгіне   алады.   Және   мүмкіндігінше   бұл   ақпаратты   дерек

көзінің   қайдан   алғанын   және   қайдан   білетінін   көрсету   қажет   (мысалы,

«дереккөз құжатты өз көзімен көрген»). Сондай-ақ, дереккөздің жеке мүддесі

қай тұрғыда екені де көрсетілуі керек (мысалы, «бас штабтағы дерек көзі»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет