Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет13/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Бақылау сұрақтары

1.Жанр түрлері. 

2.Жанрлар сипаттамасы.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №6 Аналитикалық жанрларды оқу әдісі арқылы журналистік 

тәжірбиені зерттеу

Лекция   мақсаты:  Журналистика   жанрларын   ажыратуға

үйрету, тәжірбие жинақтау.



Лекция     мәтіні. 1.  Аналитиканың негізі - қоғамға әлеуметтік маңызы бар

құбылыс,   үрдіс   болып   табылады.   Әрине,   аталған   бағыт   өзіне   қарама-

қайшылықты  және  мықты  тұлғалық   элемент  тұрғысынан   назар  аудартады,

сондықтан   да   осы   мәселеге   өзіндік   көзқарасының   болғаны   маңыздырақ.

Пәннің тақырыптық өрісіне тәжірибе жүзінде ешқандай шектеу қойылмаған.

Механизм,   қозғаушы   күш   пен   мүмкін   болатын   салдарды   терең   зерттеу

(аналитикаға   дайындық)   -   талдап-қорытылған   мінездемелерді,   құрылған

болжамдарды,   оқиғаны   дамытудың   түрлі   моделінің   тергеу   себептерінің

байланысын анықтау арқылы жүзеге асады. 



Ескеретін соңғы жайт, бұл ақпаратты жеткізу құралы. Ол мәтіннің танымдық

бағытының технологиясына жақын логика тұрғысынан автордың ойын нақты

білдіруі керек. Жазылу стилі мен мазмұндау тілі публицистикалық, ғылыми

терминологиядан   қашық   болу   керек   (ақпаратты   қабылдауға   қиындық

туғызады).

Аналитикалық материалдардың түрлері

Басты   мақала  (редакциялық)   -   телеарна   мен   баспа   орындарының   өзіндік

көзқарасын   білдіретін,   бүгінгі   күннің   маңызды   мәселелерін   қозғайтын

ақпараттар болып табылады. Ол тақырыптың реттік номері бойынша БАҚ-да

жарияланады   және   телеарнадағы   жаңалықтарды   ашады.   Советтік   кезеңде

"дерективті" деп аталған. 

Насихаттаушы мақала  - қандай да бір идеяны (ойды) пайымдау. Мақсаты -

маңызды   мәселені   түсіндіру,   ұғындыру,   көпшілік   тыңдаушыға   түсінікті

теориялық   тұрғыда   еркін   меңгерген   тілге   аудару.   Әрдайым   сыни   тұрғыда

жазылады. 

Өзекті мақала  - орта назарын өзіне аударарлық дәлелді әлеуметтік маңызы

бар мәселені қарастырады, болжау элементі маңызды болып табылады.

Теориялық   мақала  -   теориялық   деңгейде   арнайы   мәселелерді   терең   оқып-

үйрену.   Көпшілік   басылымдарда   сирек   кездеседі,   ғылыми   БАҚ-да   кең

таралған. 

Баспасөзде айтылған сындар - оқиғамен оперативті түрде тығыз байланысқан

немесе   бір   мезгілде   болған   ақпараттар.   Аталған   ақпараттың   жазылу

құрылысы   дәстүрліден   ерекшеленіп   тұрады.   Басты   тақырыбы   -   "оқиға"

болып табылады, мәні ашылған кезде жан-жақты бағаланады. 

Жоғарыда аталған мақала түрлерін барлығын аналитикаға жатқызуға болады,

себебі   олар   қоғамға   қажет   құбылыс   пен   үрдістердің   маңыздылығын   терең

және   толық   түсінуге   мүмкіндік   береді:   оқиғамен   байланысты   тергеу

себептерін   ашу,   осы   немесе   өзге   де   оқиғаның   нәтижесіне   ауқымды

қорытынды   жасау,   байыту,   оқиғаның   даму   бағыттарына   алдын-ала   болжау

жасау.  Аналитика  - көп жұмысты қажет ететін күрделі жанр. Оның пайда

болуы сол кездегі өмірдің бір кезеңімен тығыз байланысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет