Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
2.

  Журналист   мақала   жазуға   кіріспес   бұрын   нақты   объектісін   жан-жақты

зерттеуі   өте   қажет.   Себебі   тереңнен   зерттелмесе   жазылатын   материал

мазмұны   жағынан   қасаң,   жайдақ   болып   шығады.   Оқырмандар   мұндай

материалды   оқымайды   әрі   редакцияны   сынға   алады.   Ендеше   материал

объектісін   зерттеудің   қандай   қажеттілігі   барына   тоқталайық.   Кез-келген

газеттегі сәтті мақала ұзақ уақыт бойғы журналистік зерттеудің жемісі болып

есептеледі.   Неліктен?   Өйткені   ол   материалда   айтылатын   цифрлар   мен

фактілер   үстірт   баяндалып   қана   қоймай,   оған   қоса   журналистің

салыстырмалы талдауы қоса өріледі. Яғни публицист бұл жерде белгілі бір

фактіні тізіп қана қоймай, оған өзінің авторлық пікірін білдіріп, сол арқылы

қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етеді. 

Демек материал объектісін зерттегенде оның сол сәттегі жай-жапсарын ғана

емес,   қажет   болса   оның   тарихына   да   көз   жүгіртудің   артықшылығы   жоқ.

Материал   объектісі   әртүрлі   болуы   мүмкін.   Журналистік   тәжірибеде   оның

мынадай түрлері белгілі: 

1.

Жекелеген бір тұлға 



2.

Белгілі бір кәсіпорын немесе мекеме

3.

Журналистің маманданған нақтылы бір тақырыбы 



4.

Белгілі бір мамандық иесі 

Әрине   материал   объектілері   мұнымен   шектеліп   қалмайды.   Жоғарыда

айтылған төрт жайт солардың негізгілері болып есептеледі. 

Белгілі   журналистика   теоретигі   В.   Горохов   пен   Р.   Бухарцев   журналистік

шеберліктің   шыңына   шығуда   материал   объектісін   мұқият   таңдап   алудың

ерекше   мәні   барын   атап   көрсеткен.   Бұл   пікірге   журналистік

шығармашылықты тұрақты зерттеп жүрген ғалым Г. Лазутина да қосылған. 

Яғни жоғары дәрежедегі кәсіби журналист болу үшін журналист объектіні

терең зерттеу дағдысын игеруі шарт. Өйткені қажетті ақпараттар жеткілікті

болмаса мақаланың мазмұны қасаң күйінде қалмақ. Егер нақтылы фактілер

мен цифрлар молынан пайдаланылса мақаланың мән-мағынасы одан әрі байи

түспек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет