1. БАҚ комментарий туралы жалпы түсінік.
1. Комментарий мен реплика ара қатынасы.
айырмашылықтарын ашып көрсету.
3. спектакльдерде бір кейіпкер айтатын сонғы сөз, фраза, одан кейін баска
көрініс басталады. Сөйлеу тәжірибесінде Репликаға балама ретінде
какпай сөз, кағытпа сөз, түртпе сөз т.б. атаулар колданылып жүр.
Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы.
Баспасөз —
халық
арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық
пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік
топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет
етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде
жарты жылда бір рет шығарылатын
газет
,
журнал
,
альманах
,
бюллетень
,
олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің
ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына,
әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының
сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді
баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің
дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне
байланысты Батыс
Еуропада
(
Германияда
— 1609 жылы,
Ұлыбританияда
—
1622 жылы,
Францияда
— 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады.
Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы
Ташкент
қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ
даласында
Ресей
империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы
ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы
қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор
екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар,
альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен
безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара
Газет
,
Журнал
,
Альманах
).
2. Журналистикада формалық ізденістің мәні зор. Өйткені көптеген
журналистер бірін-бірін қайталаудан жалықпайды, соны соқпақ салуға
талпынбайды да. Бұл – өкінішті жайт.
Сонымен қатар қазақ журналистикасында өзіндік өрнегі бар публицистер де
жетерлік. Олар басқаны қайталамай-ақ, өзіндік жол-соқпақ тапқан. Солардың
бірі белгілі журналист Қайнар Олжай. Ол кез-келген мақаласын жаңаша
формамен жазуға тырысады. Тақырыбының өзін ойнатып қоя отырып,
мақаласының құрылымын өзгеше өрнектейді. Оның «Президент пырағы»
атты кітабіна назар аударсаңыз, бұған нақты көз жеткізесіз. Қайнар Олжай
әсіресе «Егемен Қазақстан» газетінде жұмыс істеп жүрген шағында қазақ
журналистикасының пішініне соны өзгерістер енгізіп, нақты эталон
болатындай көптеген мақалалар мен очерктерді дүниеге әкелді.
Екінші бір журналист – Бауыржан Омарұлы. Ол өз мақалалары мен
эсселерінде ең алғашқыда өлең шумақтарын беру арқылы оқырмандарды
елең еткізеді. Көсемсөзшінің тілі жатық, түйін-тұжырымдары жинақы,
мығым, орнықты.
Журналистика – жұмбақ құбылыс. Басқалар үшін. Жанымен түсінгісі
келмейтіндер үшін. Ал, журналистикамен «ауырғандар» үшін-таптырмайтын
тәтті құбылыс.
Журналист қызметінің сипатын анықтағанда, БАҚ-тың мақсаттары мен
міндеттерін белгілегенде, ұйымдастыру шараларын жүргізгенде істің
бостандығына байланысты мәселе міндетті түрде туындайды. Оған
байланысты шешім қабылдау, жүзеге асыру – күрделі әрекет.
Бостандық дегенді журналист білгенін істеу, ойына не келсе соны жазу деп
түсінсе, ұғым осылай қалыптасса – ондай еркіндік жүзеге асырыла бастаған
сәтте-ақ тұйыққа тіреледі. Құқықтық және этикалық сан алуан шектеулер мен
заңдық нормаларға, редакцияның шығармашылық ережелеріне, ішкі тәртібіне
сөзсіз бағыну қажет. оның сыртында тағы бір маңызды мәселе бар. Жазатын
объектісінің мазмұны күрделі әрі журналистің білім деңгейінен тым биік
болуы және оған дарыны, қабілеті жетпеуі әбден ықтимал.
Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар,
плакаттар
,
күнтізбелер
,
ноталар
, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі —
кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда
Қытайда
басталды. Алғаш рет
ксилографиялық
(ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің
“Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл
жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-
мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап).
Қазіргі кезде
Қазақстанда
1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар
жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам
баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар,
буклеттер
мен
плакаттар
, т.б.
шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “
Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы
” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: