Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет17/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Бақылау сұрақтары

1. Комментарий туралы түсінік.

2. Шұғыл комментарий жасаудың қыр-сыры.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №10. Комментарий – жанрдың түрі

Жоспар:

1. БАҚ комментарий туралы жалпы түсінік.

2. Комментарий журналисттен ерекше талапты қажет ететін

жанр.


Лекция мақсаты: Комментарийді жанр ретінде зерттеп, оны

жасаудың қыр-сырымен таныстыру.



Лекция       мәтіні.   1.

  Бұқаралық   ақпарат   құралдары   (БАҚ)  -   арнайы

техникалық   құралдардың   көмегімен,   кез   келген   тұлғаларға   әртүрлі

мәліметтерді   ашық   жариялауға   арналған   әлеуметтік   меке-   мелер.

Сарапшылар   олардың   мынадай   ерекше   белгілерін   атап   көрсетеді:

жариялылық,   яғни   тұтынушылардың   шексіздігі;   арнайы  

техникалық

құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор)

қабылдаушыға   біржақты   ықпалы;   тұтынушы   аудиторияның   тұрақсыз

әркелкілігі.   Қоғамның   өмір   сүруін   қамтамасыз   етудегі   БАҚ-тың   рөлі   зор.

Наполеон


: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата

соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. 

француз

 жазушысы О. де 

Бальзак

баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура

мағынасындағы   орны   болмағанымен,   оның   саяси   процестегі   орнын   асыра

бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде 

электронды

 ақпарат құралдарының пайда

болуымен   бүл   әлеуметтік   институт   бүгінгі   қоғамның,   сая-   сибиліктік

қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

БАҚ-тың   атқаратын   қызметі   әртүрлі,   сарапшылардың   пікірінше



олардың   аса   маңыздыларына   мыналар   жатады:   ақпараттық,   білімдік,

әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат 

субъектілерінің

ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.




БАҚ-тың   ақпараттық   қызметі   азаматтарға,   билік   органдарына,

қоғамдық   институттарға   аса   маңызды   жалпы   оқиғалар,   құбылыстар,

процесстер

 жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез

келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

БАҚ-тың   білімдік   қызметі   азаматтарға   әртүрлі   ғылым   саласынан   -



қоғамдық-гуманитарлықтан   жаратылыстану   ғылымдарына   дейінгі

танымдық   хабарларды   дайындап,   таратуынан   көрінеді.   Әрине   ол

толыққанды,   жүйелі,   арнайы   оқу   орындарында   берілетін   ғылымды

қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің

әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді,



құндылықтарды   сіңіріп,   мінез-қылықтарын   қалыптастыруға   септігін

тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы

оны   жеке   түлғаны   әлеуметтендіруші   алғашқы   институттар   -   отбасы,

дін,   мәдениет   ошақтарымен   қатар   бір   орынға   қойды.   БАҚ   арқылы

адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір

бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы

барлығын   сезінеді.   Саяси   журналистердің   шабыттанған

үгітнасихатының   арқасында   азаматтар   әлеуметтік-саяси   процестердің

белсенді қатысушыларына айналады.

БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті



түсы.   Саяси   мүдделер   тек   БАҚ   арқылы   ғана   емес,   сонымен   қатар

азаматтық   қоғамның   басқа   да   институттары   (мысалы,  

партиялар

,

қоғамдық   бірлестіктер)   ар¬қылы   жүзеге   асырылады.   Бірақ   кейбір



жағдайларда   тек   бүқаралық   баспасөз   бен   теледидар   ғана

алғашқылардың   бірі   болып   қоғамдағы   өзекті   мәселелерге   назар

аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл

қағып,   билік   қүрылымдарын   жағдайды   саралап,   арнайы   шешім

қабылдауына итермелейді.

БАҚ-тың   жүмылдырушы   қызметі   адамдарды   нақтылы   бір   іс-



әрекеттерге   немесе   саналы   әрекетсіздікке   шақырады.   БАҚ-тың   осы

қызметі   саяси   қатынастар   саласында   аса   маңызды   болып   табылады.

Азаматтардың   белсенділігін   ынталандыра   отырып,   БАҚ   сайлау

кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді.

Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе

саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар

қоғамға   өмірлік   маңызы   бар   міндеттерді   шешуге   азаматтарды

жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

БАҚ-ты   саналы   түрде   саяси   алдап-   арбау   мақсатында   қолдану



азаматтарға   және   қоғамға   аса   қауіпті   болып   табы¬лады.   Оған   өз

мүдделеріне   қайшы   келетін   әрекеттерге   баруға   мәжбүрлеу   үшін

адамдардың   санасы   мен   мінез-   құлқын   жасырын   басқару   жатады.



Алдапарбау   БАҚ-та   таралатын,   шын   мәнінде   жалған   ақпараттарға

адамдардың   сенуіне   негізделеді.   Оған   тапсырыс   берушілер   үшін   ол

пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз

қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен

БАҚ-тың   қызметін   реттеуге   тырысады.   БАҚ-тың   жағымсыз   салдары

оның   қоғамдық   үйымдарымен   шектелуі   мүмкін.   Қазіргі   қоғамдарда

БАҚ-ты   үйымдастырудың   үш   негізгі   жүйесі   қолданылады:   жеке

(

коммерциялық



),   мем¬лекеттік   және   қоғамдық-қүқықтық.  

АҚШ


-та

қолданылатын   бірінші   жағдайда   бүқаралық   ақпарат   қүралдары

жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің

есебінен   қаржыландырылады.   Алайда   бүл   елде   жекелеген   азаматтар

мен   жалпы   қоғамның   мүддесі   сотпен   қорғалады,   БАҚ-   тың   онымен

келіспеуге   еш   шарасы   жоқ.   Екінші   жағдайда,   бұқаралық   ақпарат

құралдары   негізінен   мемлекеттің   қарамағында.   Олар  

парламентке

,

үкіметке   бағынышты,   ол   үшін   арнайы   қызметтер   құрылады.



Электронды

  бұқаралық ақпарат қүралдарын үйымдастырудың үшінші

түрі  

Германияда



  басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан

жиналатын   арнайы   салық   есебінен   қаржыландырылады.   Олардың

заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған

ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп

айтуға келмейді.

2.Журналист   мамандығы  –   қиындығы   мен   қызығы   мол,   жан-жақты

білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға

да,   адамға   да   қызмет   ететін,   ешқашан   қателесуге   болмайтын,   қашанда

жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп

иелерінің қатары  жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық

жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай

пайда болғандығын білесіз бе? 

Журналист   мамандығы   қызықты   әрі   күтпеген   кездесулермен,   саяхатпен,

ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен

де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі

бір   уақытта   тез   тіл   табысқыш,   ықыласты,   бауырмал   болу   деген   сөз.

Қоғамдағы   құбылыстарды   зерттеп-зерделеу   жолында   өзіңнің   күшің   мен

уақытыңды   аямайтын   дәрежеге   жеткенде,   өзіңнің   шын   талантыңмен

оқырманды   баурап   алатын   шабытың   шыңдалғанда   ғана   жақсы   журналист

бола   аласың.   Қаламың   мен   қағазың   арқылы   қорғансызға   пана   болып,

әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін

сезінуге   болады.   Журналистиканың   нақты   анықтамасы   жоқ.   Әркім   оған

өзінше анықтама беруге тырысады.

Журналистика ұғымы туралы айтқанда көз алдымызға тұрпаты мен мағынасы

ерекше   терең   сөз   өнері   елестері   анық.   Өйткені   бұқаралық   ақпарат

құралдарының   майталман   маманы   болу   алдын-ала   ерекше   әзірлікті   қажет

етеді. Мектепте алған алғашқы білім негіздері кәсіби арнайы білімге негіз

болып қаланып, студент нақтылы мамандықтың қыр-сырына ойлай бастайды.

Журналистикаға   ерекше   әзірлікпен   келудің   мәні   зор.   Тырнақалды




журналистік туындылар  публицистика өнеріне басталған алғашқы қадамдар

ғана. 


Журналистикаға әзірлік ең алдымен осы ұғымға терең бойлаудан басталады.

Өйткені   «Журналистика   (французша   -   journal,   немісше   -   journalіstіk,

ағылшынша   -   journalіst)   –   1)   баспасөз,   радио,   теледидар,   кино,   интернет

сияқты   ақпарат   құралдары   арқылы   елдегі   және   әлемдегі   жаңалықтар   мен

оқиғалар,   саяси,   әлеуметтік,   экономикалық,   мәдени,   рухани   және   табиғи

құбылыстар   жөнінде   жұртшылыққа   мағлұмат   беріп,   қоғамдық   пікір

қалыптастыратын   әдеби-шығармашылық   қызмет   түрі;   2)   белгілі   бір

халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда

жарияланған   материалдар   жиынтығы;   3)   баспасөз   тарихын,   теориясы   мен

практикасын зерттейтін ғылым саласы».  

Демек   әдеби-шығармашылық   қызметтің   бұл   түріне   іштей   теориялық

дайындықпен   келудің   мәні   зор.   Қазақ   журналистикасы   теориясының

майталманы   Тауман   Амандосов   «публицистиканы   дәуір   үні»   ретінде

қарастыруы тегін емес. Бұл жөнінде профессор Марат Барманқұлов, қазақ

журналистикасы   теориясының   корифейлерінің   бірі   Намазалы   Омашев

түйінді ой-пікірлерін жазды. 

Әр   журналистің,   жазушы-қаламгердің   шығармашылыққа   келу,   алғашқы

жетістіктерге   жету,   шеберлік   тұғырына   көтерілу   жолы   әрқилы.  Кез-келген

қаламгердің шығармашылық жолға келуіне, алғашқы жетістіктерге жетуіне

оның өз күш-жігерімен қоса, қандай да бір тұлғаның әсер етуі әбден мүмкін.

Сондықтан дарындылық пен жаңашылдық  көктен түсе қалмайды. Оның бәрі

өзінен бұрынғы үлгіге сүйеніп, тың ізденіс пен талпыныстан туады. Ол үшін

әрине,   ең   алдымен,   қаламгер   бойында   табиғи   қабілетт,   көркем   әдебиетке

сүйіспеншілік   қасиеттері   болу   керек.   Бұл   қасиеттер   қаламгердің   өз

ізденісімен кеңейеді, қалыптасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет