Бақылау сұрақтары
1. Мақалаға анықтама.
2. Қойылымды мақала жазудың тәсілі.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №16. Полемикалық дискуссиялық мақала
Лекция мақсаты: Полемикалық дискуссиялық жанрда
жазылатын мақалаларға талдау жасау.
Лекция мәтіні. 1. Полемика - [еж. грек, polemikos - жауыққан, жаугерлік]
- идеялардың, көзқарастардың, пікірлердің қарама- қарсылығы, күресі,
конфронтациясы бар дауласу. Осы тұрғыдан полемиканы қандай да бір
мәселеге байланысты принципті түрде қарсылықты пікірлердің әрқайсысы
өз көзқарасы тұрғысынан пікірін қорғау, оппоненттің пікірін жоққа
шығару мақсатында туындайтын жариялы дауласу деп анықтауға болады.
Оның жай пікірталастан (
дискуссия
,
диспуттан
) айырмашалығы -
мақсатты бағыттылығында. Дискуссия, диспуттың қатысушылары пікір
алмасу арқылы ортақ пікірге, ортақ шешімге, ақиқатты орнатуды көздесе,
полемиканың басты мақсаты - қандай да жолмен қарсыласты тұқыртып, өз
көзқарасы мен пікірінің дүрыстығын мойындатып, жеңіске жету. Полемика
- көз жеткізе білу, өзін құптату өнері. Ол бойынша әрбір айтылған ой
дәлелдермен, дәйекпен, ғылыми пікірлермен толықтырылуы керек.
Маңызды, адамзаттық құндылықтарды, адам құқын қорғау, қоғамдық
пікірді туғызу, жаңа саяси көзқарастарды қалыптастыру барысында
полемика аса қажетті болып табылады.
Дискуссия (
лат.
discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір
сайысы, қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер
тобын білікті
тұлғалармен
бір мәмілеге келу үшін талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |