Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет24/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Бақылау сұрақтары

1. Комментатор.

2. Бағам.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №15. Қойылымды мақала 

Жоспар:

1. Мақалаға анықтама.

2. Қойылымды мақала жазудың тәсілі.

Лекция   мақсаты:

 Қойылымды   мақала   жазудығ

заңдылықтарын үйрету.



Лекция       мәтіні.   1.  Газет   бетіне   шыққан   материалдың   оқылуы   көбінесе

тақырыбының қалай қойылуына тікелей байланысты болады. Өйткені сәтті

қойылған   тақырып   оқырманды   бірден   баурап   алады.   Оның   да   өзіндік

сырлары жеткілікті. 

Әдетте   тақырыптың   қойылуы   мақалада   айтылатын   фактілерге   тікелей

байланысты. Көп іздене білетін журналист ресми материалдың өзіне де сәтті

тақырып   қоя   алады.   Бұл   арада   журналистің   кәсіби   шеберлігі   мен

тәжірибесінің   молдығы,   талантының   дәрежесі   шешуші   роль   атқарады.

Тақырып кейде бір немесе екі сөзбен беріледі. Кейде кейіпкердің тұшымды

бір сөйлемі тақырыпқа шығарылады. Кейде мақалада айтылатын ең негізгі




ой-ұсыныс   тақырып   ретінде   оқырман   назарына   ұсынылады.   Кейде

аллитерация және ассонанс тәсілдері қолданылып жатады. Тағы бірде мақал-

мәтел   тақырып   жүгін   арқалайды.   Енді   бірде   жыр   шумағының   екі   жолы

тақырыпқа шығарылады. 

Қалай   болғанда   да   журналист   оқырман   назарын   өз   мақаласына   аударуға

тырысып бағады. Күнделікті газеттерге қарап отырсаңыз сәтсіз тақырыптар

да өріп жүреді. Кейде  бұған түсіністікпен қарауға  да тура келеді. Өйткені

газет   жұмысы   оперативтілікті   қажет   ететіндіктен   ондағы   жарияланып

отырған   мақалалардың   барлығын   құлпырған   тақырыппен   беріп   отыруға

уақыт жетісе бермейді. 

Сонымен қатар оқырмандардың назарын аудару үшін тақырып беріліп, оның

астына тақырыпша қойылады. Мұның өзі материалдағы фактілердің мәнін

нақты аңғартуға қажеттіліктен туындаған. 

Қазақ   журналистикасындағы   белгілі   тақырып   қоюшының   бірі   Сейдахмет

Бердіқұлов.   Ол   «Лениншіл   жастың»   редакторы   ретінде   әрбір   мақала

тақырыбын ойнақы берілуін қадағалап қана қоймай, көптеген тақырыптарды

әп-сәтте   өзі   өзгертіп   жіберіп   отырған.   Сонымен   қатар   тақырып   қоюды

публицистер Сарбас Ақтаев, Қайнар Олжай, Қали Сәрсенбай, Нұртөре Жүсіп,

Талғат Батырхан да ерекше меңгерген. Қазақ журналистикасындағы белгілі

публицистер олардың талантын мойындаған.   

Қазақ журналистикасында тақырып қоюдың хас шеберлері мол болғандығын

айтып өттік. Мақала мазмұнын оқи бастағаннан-ақ сәтті тақырыпты бірден

қоятын   публицистер   әдетте   қазақтың   шұрайлы   тілін   терең   меңгергендер

екендігі анық. Өйткені сәтті тақырып қою тілі бай публицистің қолынан ғана

келеді.

2.  Журналистикада   формалық   ізденістің   мәні   зор.   Өйткені   көптеген

журналистер   бірін-бірін   қайталаудан   жалықпайды,   соны   соқпақ   салуға

талпынбайды да. Бұл – өкінішті жайт. 

Сонымен қатар қазақ журналистикасында өзіндік өрнегі бар публицистер де

жетерлік. Олар басқаны қайталамай-ақ, өзіндік жол-соқпақ тапқан. Солардың

бірі   белгілі   журналист   Қайнар   Олжай.   Ол   кез-келген   мақаласын   жаңаша

формамен   жазуға   тырысады.   Тақырыбының   өзін   ойнатып   қоя   отырып,

мақаласының   құрылымын   өзгеше   өрнектейді.   Оның   «Президент   пырағы»

атты кітабіна назар аударсаңыз, бұған нақты көз жеткізесіз. Қайнар Олжай

әсіресе   «Егемен   Қазақстан»   газетінде   жұмыс   істеп   жүрген   шағында   қазақ

журналистикасының   пішініне   соны   өзгерістер   енгізіп,   нақты   эталон

болатындай көптеген мақалалар мен очерктерді дүниеге әкелді. 

Екінші   бір   журналист   –   Бауыржан   Омарұлы.   Ол   өз   мақалалары   мен

эсселерінде   ең   алғашқыда   өлең   шумақтарын   беру   арқылы   оқырмандарды

елең екізеді. Көсемсөзшінің тілі жатық, түйін-тұжырымдары жинақы, мығым,

орнықты. 

Журналистика   –   жұмбақ   құбылыс.   Басқалар   үшін.   Жанымен   түсінгісі

келмейтіндер үшін. Ал, журналистикамен «ауырғандар» үшін-таптырмайтын

тәтті құбылыс. 



Журналист   қызметінің   сипатын   анықтағанда,   БАҚ-тың   мақсаттары   мен

міндеттерін   белгілегенде,   ұйымдастыру   шараларын   жүргізгенде   істің

бостандығына   байланысты   мәселе   міндетті   түрде   туындайды.   Оған

байланысты шешім қабылдау, жүзеге асыру – күрделі әрекет.

Бостандық дегенді журналист білгенін істеу, ойына не келсе соны жазу деп

түсінсе, ұғым осылай қалыптасса – ондай еркіндік жүзеге асырыла бастаған

сәтте-ақ тұйыққа тіреледі. Құқықтық және этикалық сан алуан шектеулер мен

заңдық нормаларға, редакцияның шығармашылық ережелеріне, ішкі тәртібіне

сөзсіз бағыну қажет. оның сыртында тағы бір маңызды мәселе бар. Жазатын

объектісінің   мазмұны   күрделі   әрі   журналистің   білім   деңгейінен   тым   биік

болуы және оған дарыны, қабілеті жетпеуі әбден ықтимал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет