«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары



Дата31.12.2019
өлшемі48 Kb.
#55153
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
Қазақ тілі мен әдебиеті

І кезең – жазбаша жұмыс (шығарма) -50 ұпай

ІІ кезең – практикалық жұмыс -10 ұпай
Жазба жұмысты бағалау тәртібі:


  1. Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі -10 ұпай

  2. Әдеби материалды пайдалу деңгейі -10 ұпай

  3. Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай

  4. Тыныс белгілері (пунктуация) -10 ұпай

  5. Емле (орфография) -10 ұпай

Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы -50 ұпай
Ескерту: Жазба жұмысында кітаптан көшірілген шығарма тексерілмейді. Шығарма жазу үшін оқушы ең алдымен түпнұсқамен танысу керек. «Батыр Баян» поэмасын оқымай, талданған материалдар негізінде шығарма жазуға болмайды. Бәрібір де оқушының шығармасының шалалығы көрініп тұрады. Шығарманы тексеруде біз шығарма жоспарына да үлкен мән береміз. Шығарма жоспарының ұтымдылығы, оның жазылған шығармамен сәйкестігі де негізге алынады. Оқушының ой ұтқырлығы, сөздік қорының молдығы, эстетикалық талғамы шығарма тексеруде ерекше назарда болады.

І тур
8-сынып
Шығарма тақырыптары


  1. «Зар заман» әдебиеті өкілдері: Шортанбай мен Дулат

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы – шебер суреткер

  3. Халқын сүйген – салтын сүйер


Практикалық жұмыс

  1. Абай шығармаларында кездесетін синонимдік тіркестерден 10 картотека теру, қолдану мағынасын түсіндіру.

  2. Абай шығармаларында кездесетін мақтану сипаты, мақтану түрлерінен 5 картотека теру, мағынасын түсіндіру.


Ескерту: Практикалық жұмыста көбінесе, оқушының тілін дамытып, сөздік қорын байытатын тапсырмалар беріледі. Картотека теріп алып, оны дәптерге жазып жіберу қажет. Картотекада міндетті түрде кітаптың атауы, шыққан жылы, баспасы, беті көрсетілсін. Себібі бұл картотеканың көркем шығармадан алынғандығын дәлелдейді.

9-сынып
1. «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең» Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық болмыс көрінісі

2. Ертегідегі ел арманы

3. «Киесі, иесі бар өнер»


Практикалық жұмыс

  1. Батырлар жырында кездесетін әсірелеу мен кішірейту тәсілдеріне 10 картотека теру.

  2. Халық ауыз әдебиетінде кездесетін бел сипатын ашарлық сөз бен сөз тіркестеріне 5 мысал келтір.



10-сынып
1. Шәкәрім туындыларындағы әлеуметтік өмір шындығы

2. Ахмет – азаттық жыршысы

3. Шығыстың жарық жұлдызы

Практикалық жұмыс

1.Зар заман ақындарына тән өзіндік сөз қолданыстарына 10 мысал келтіру.

2. Махамбет Өтемісұлының шығармаларында нақылға айналған сөздерді жинақтау. (5 мысал)

11-сынып
1. Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі

2. Сөз зергері (Ғ.Мүсірепов шығармашылығы негізінде)

3. Мен табынған ақын

Практикалық жұмыс

1.М.Әуезовтің «Абай жолы» романында кездесетін қимыл түрлеріне 10 картотека теру.

2. Әдебиет зерттеушісі Дандай Ысқақұлы: «Мағжан – басынан бақайшағына дейін ұлттық ақын» деп баға берген екен. Бұған сіздің айтар дәлеліңіз.

ІІ тур
8-сынып
1. Абай Құнанбаев шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы

2. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Батыр Баян бейнесі

3. «Қазақтың Толағайлары»
Практикалық жұмыс

1. Абай шығармаларында кездесетін антонимдік тіркестерден 10 картотека теру, қолдану мағынасын түсіндіру.



2. Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларынан тау-төбе түрлеріне 5 мысал келтіру.
9-сынып
1. «Жыраулар поэзиясы – зергерлік сөз тұнығы»

2. Шешендік өнер – халық даналығы

3. Ұстаз – ұлы есім

Практикалық жұмыс

1. Батырлар жырында кездесетін салт-дәстүр түрлеріне 10 картотека теру.

2. С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасындағы дыбыс сипатын танытатын сөздерден 5 мысал келтіру.
10-сынып
1. Абайдың қара сөздеріндегі дидактикалық сарын

2. «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...» С.Торайғыров шығармалары негізінде

3. Ұлтын сүйген жүрек

Практикалық жұмыс

1. М.Әуезовтің шығармаларынан жауын түрлеріне 10 картотека теру.

2. Дефистің қойылу ережесіне байланысты С.Мұқановтың шығармаларынан 5 мысал келтіру.
11-сынып
1. С.Дөнентаев – мысалшы

2. Мағжан поэзиясындағы азаттық үн

3. Мен – азат елдің ұланымын

Практикалық жұмыс

1. Ж.Аймауытовтың шығармаларында берілген психологиялық параллелизмдерге 10 картотека теру.

2. Көркемдік детальдің көркем шығармада кездесуіне 5 мысал келтіру.

ІІІ тур
8-сынып


  1. М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасындағы» Бақтығұл бейнесі

  2. Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі жазушы шеберлігі

  3. Менің сүйікті кейіпкерім

Практикалық жұмыс

1. Тез ұғымын берерлік сөздер бойынша Ғ.Мүсіреповтің шығармаларынан 10 мысал келтіру.

2. Қазақы өлшемдерге 10 картотека теру.
9-сынып
1. Ілияс Жансүгіров - өнер жаршысы

2. «Айман-Шолпан» жырындағы Айман бейнесі

3. Кітап - өмірлік серігің

Практикалық жұмыс

1.Жыраулар поэзиясындағы метафоралық сөздік қолданысы.

2. Қазіргі қазақ поэзиясында қысқы табиғат көрінісін әсем суреттеп берген шығармалардан 10 мысал келтіру.
10-сынып
1. Біржан өлеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелер

2. Сегіз қырлы, бір сырлы суреткер (Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы)

3. Ауылым – алтын бесігім

Практикалық жұмыс

1.Қазіргі шешендік өнердің дамуы. Оған дәлел ретінде 10 мысал келтіріңіз.

2. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық калорит. Дәлелдеңіз.
11-сынып
1. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы жастар бейнесі

2.«Сайраған жолым жатыр жер бетінде...» (Қ.Аманжоловтың шығармашылығы хақында)

3. «Келеді жазғым тасқа өлең....»

Практикалық жұмыс

1. «Абай жолы» романынан сөйлеу түрлеріне 10 картотека теру.



2. Ғ.Мұстафиннің суреткерлік қырларын дәлелде (кемінде 5 мысал).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет