№36 мектеп-гимназия
Бекітемін
_______________
_____._______________ 2019 ж.
«Бір ел – бір кітап - 2019!» атты кітап оқу әдеби кешінің
БАҒДАРЛАМАСЫ
17 қазан 2019 жыл
Атырау қаласы
Кештің тақырыбы: «Бір ел – бір кітап – 2019» (кітап оқырмандарының кеші)
Мақсаты: Кітап оқу мәдениетін жас ұрпақ санасына, өмірлік дағдысына қалыптастыру арқылы, рухани дамыту, жан – жақтылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Кітап оқуға келешек буын өкілдерінің қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Бір ел – бір кітап – 2019» атты кітап оқу әдеби кешіне қош келдіңіздер. Жан дүниенің рухани азығы бола білген, заман өтсе де, техникалар мен технологияларға теңдесе жүріп, әлеуметтік желілер мен ғаламтормен жарыса жүріп, терең білім берер даналардан дарыған даналық – кітап.
2 – жүргізуші:
Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым білімнің көзі, өнермен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың.
Кітап адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап араб сөзі. Ол қазақша «жазу, жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш білімде, білім кітапта», «Кітап - ғажап дос» дееп бекер айтпаған. Олай болса кешіміздің шымылдығын ашу үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Айнұр Коренқызына сөз кезегін береміз.
Биыл елімізде ұлы тұлғалы, көрнекті ақын- жазушыларымызға атаулы күндер толып отыр.
Өте қызық, олай болса атап өтейік!
Достарыңызбен бөлісу: |