Бақылау түрі: Салыстырмалы



бет4/4
Дата27.02.2022
өлшемі67 Kb.
#133565
1   2   3   4
Байланысты:
Пед кеңес №2
English File 3e - Intermediate SB, манитор 2017-2018 кортынды Балапан, Зерек топ қортынды, жеке даму картасы- ересек топ, ҚМТҚ ТЕХ КАРТА, Презентация Microsoft PowerPoint (2), Циклоргамм (2)
4 ТЫҢДАЛДЫ: Әдіскер
Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қимыл өрісі шексіз”. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойындіа, өз ойын тіл құралы ар-қылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жинақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұмсалады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларының калпы, даму жолдары көрсетіледі. Көркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шығарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарының картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді.


ШЕШІМ: Балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке қабілеттерін ескере отырып ұйымдастырылатын оқу-тәрбие түрлерінде баланың негізгі тілдік құзіреттілігін арттыру, сөйлеу тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында ауыз әдебиетін пайдалануды жалғастыру. Баланың сөйлеу тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамытуда балалардың жас ерекшелітеріне қарай тәсілдерді іріктеп тиімді пайдалануды жүзеге асыру.
Жауапты топ тәрбиешілері. Орындау мерзімі 2018-2019 оқу жылы барысында.

5-сұрақ бойынша тәрбиешілер балаларға арналған әдебиеттер және балалардың ой-қиялдарынан құрастырылған ертегі кітаптарынан көрме ұйымдастырды.


ШЕШІМ:
Тәрбиешілердің балаларға арналған әдебиеттер және балалардың ой-қиялдарынан құрастырылған ертегі кітаптарынан ұйымдастырған көрмелері қанағаттанарлық деп есептелінсін.

Пед.кеңес төрайымы:


Хатшы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет