Ұйымдастырылған оқу қызметі
|
10.00 -10.30
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Л.Н. Толстойдың «Үш аю» ертегісі
Мақсаты: Ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру.Тақырыпқа сәйкес ертегі оқып беріп, оның мазмұнын түсінуге,
кейіпкерлерге, оқиғаларға өзінің көзқарастарын білдіруге үйрету. Тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Достыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын:
«Қай аңның үйшігі?»
|
1. Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты:
өлең мазмұны бойынша әңгіме құрауға, зат есім, сын есімдерді байланыстырып айтуға, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Балалардың шырша туралы түсініктерін кеңейту.
А. Асылбековтың «Жасыл шырша жанында» өлеңімен таныстыра отырып, өлең жолдарының мазмұнын түсіне білу қабілетін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Сурет салу
Тақырыбы: «Қарағанды көмірі»
Мақсаты: балаларды Қарағанды облысы көмірді шығаратын жер екендігі туралы мағлұмат беру. Көмірдің суретін салуға үйрету. Саусақ бұлшықеттерін дамыту. Бояумен таза, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Құрастыру
Тақырыбы: : «Әдемі шырша»
Мақсаты:
Жаңа жыл мерекесіне дайындық ретінде түрлі тәсілдерді пайдаланып қағаздан шыршаны бүктеп, қиып жасай білуге үйрету, қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін ажырата алу және оны бүктеу арқылы шырша жасай білуге үйрету;
Қарама-қарсы бұрыштарын теңестіріп, бүктеу ұғымдарын түсіндіру;
Ұқыпты жұмыс жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
|
1. Математика негіздері
Тақырыбы:
«Алдында-артында. Жоғары-төмен»
Мақсаты:
өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету (алдында – артында).
Заттардың өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан заттардың бағытын ажырату (алдында – артында) түсініктерін қалыптастыру; заттардың өзінің айналасындағы кеңістіктегі бағытын ажырату білігін дамытуды жалғастыру: (жоғары – төмен); сөздерді қолдана алу: алдында, артында, жоғары, төмен; қарындашпен жұмыс жасауды, сезім қозғалыс түйсіктері арқылы
балалардың зейінін дамытуды жалғастыру. Жинақылыққа тәрбиелеу.
|