Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.
Мақсаты: қар жауып тұрған құбылысты бақылай білуге үйрету.
Көркем сөз:
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Еңбек: участкені тәрбиешінің көмегімен сыпыру.
Мақсаты: Үлкендерге көмектесе білуге тәрбиелеу.
Қ/қозғалыс ойыны: «Ақ қоян»
Мақсаты:
Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.
Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді. (қар)
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Қайың ағашын бақылау.
Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылауға үйрету.
Көркем сөз
Ағаштар тұр жүдеп,
Жапырақ сәні енеді.
Соғады жел үдеп,
Қыстың кеп сәлемі.
Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.
Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.
Қ/қозғалыс ойыны: «Күн мен түн»
Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.
Жұмбақ:
Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,
Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (Ағаш)
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Желді бақылау
Мақсаты: желдің соғу бағытын бақылау. Аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сұрақтар:
1. Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?
2. Қыста жел қандай болады?
Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу.
Мақсаты: Үлкенге көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Қ/қозғалыс ойыны: «Қасқырлар мен лақтар»
Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|