Ұйымдастырылған оқу қызметі
|
10.00 -10.30
|
1. Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2. Көркем әдебиет
Тақырыбы: Л.Н. Толстойдың «Үш аю» ертегісі
Мақсаты: Ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру.Тақырыпқа сәйкес ертегі оқып беріп, оның мазмұнын түсінуге,
кейіпкерлерге, оқиғаларға өзінің көзқарастарын білдіруге үйрету. Тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Достыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын:
«Қай аңның үйшігі?»
|
1.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты:
Жабайы жануарлар мен олардың төлдері туралы алғашқы түсінік
қалыптастыру.
Жабайы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұмат бере отырып, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Мейірімді болуға тәрбиелеу.
2. Сурет салу
Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»
Мақсаты: балалардың тікенекті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру. Қысқа түзу сызықтарды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру. Саусақ бұлшықеттерін дамыту. Жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
|
1. Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2. Құрастыру
Тақырыбы: «Лақтарға және боталарға арналған қоршаулар»
Мақсаты:
ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру, көп түсті құрылым жасау, құрылыс материалдарының негізгі бөлшектері, пішіні, түсі, шамасы бойынша тану.
Әр түрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар жасай білуге үйрету;
құрылыс бөліктерін ажырату және құрастырған құрылысын жануарлардың өлшемдерімен үйлестіру;
үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
3.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
|
1.Математика негіздері
Тақырыбы: «Үшбұрыш. Шаршы. Шеңбер»
Мақсаты:
Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйретуді жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуді жалғастыру. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін дамытуды жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; көру және ұстап көру арқылы пішіндерді зерттеуді жалғастыру, оларды қоршаған ортадан табуға баулу; есту және көрулерін дамыту, логикалық ойлауын дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
2. Жаратылыстану
Тақырыбы: «Аңдар қысқа қалай дайындалады?»
Мақсаты:
Балалардың жабайы жануарлар, олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге
бейімделу қабілеті туралы түсінігін нығайту және кеңейту.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен жануарлардың мінез-құлқы арасындағы қарапайым байланыстарды анықтау қабілетін дамыту: жүнінің түсін ауыстыру, қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы.
Балаларды жануарларға мейірімді болуға үйрету.
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
|