Аула сыпырушы еңбегін бақылау
Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегі еңбегі, оның жұмысы туралы балаларға түсінік беру. Аула сыпырушының еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көркем сөз
Қолына киіп қолғапты,
Ауланы ағай сыпырды.
Тазалап қарды мұздарды,
Бәрімізге ол жол ашты.
Еңбек: Аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпыруға көмектесу.
Мақсаты: ересек адамдарға қолдан келгенше көмек беруге деген балалардың ынтасын қолдап, еңбекке баулу.
Қ/қозғалыс ойыны: «Қоян»
Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?»
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|