Ұйымдастырылған оқу қызметі
|
10.00 -10.30
|
1.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
1.Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алтын дән» өлең
Мақсаты: еңбекке қызығушылықты қалыптастыру, және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.
Дамытушылық: Зейініні, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершіліккке тәрбиелеу.
|
2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Көкөністерден көже жасау» (дид.ойын)
Мақсаты:
Білімділік: балаларға көкөністер оның пайдасы туралы түсінік беру, артикуляциялық жаттығу арқылы дұрыс дыбыстауды үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Көкөністер жайында түсініктерін кеңейту. Балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, «ш» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Дамытушылық: Балаларға ойын барысында "ш" дыбысына артикуляциялық жаттығу жасату арқылы орфоэпиялық дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
3. Сурет салу
Тақырыбы: «Алтын күз»
(сюж.с/с)
Мақсаты: Білімділік: балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Күздің бейнесін сжюетті сурет салу барысында жапырақтарды әр жеріне қылқаламның ұшын басып жағу тәсілімен салуды
үйрету.
Дамытушылық: Саусақ бұлшықеттерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру
|
2.Дене шынықтыру
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
2.Музыка
Пән мұғалімінің өз жоспары боиынша
. 1.Құрастыру
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты:
Білімділік: қағаздан құрастыру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиялды дамыту.
Күзгі жапырақтарды қағаз бетіне дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыру;
түрлі тәсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіре алу;
табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
|
1. Математика негіздері
Тақырыбы: «Тәулік бөліктері»
Мақсаты:
Білімділік: таңертең – кеш, күн – түн сияқты қарама-қарсы тәулік бөліктерін ажырату білігін қалыптастыру.
Тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнының өзгеруі бойынша ажырата білуге үйрету; балаларды дайын пішіндерді суретке жабыстыру кезеңдерін сақтау тәсілдерімен таныстыру; Тәрбиелік: жапсырмалармен жұмыс жас ауда мұқияттылыққа тәрбиелеу.
|