Бақылау :Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.
Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру, күздегі өзгерістерді айтқызу.
Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды жинату.
Мақсаты: еңбекке баулу.
Көркем сөз:
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Қимылды ойын. «Аңшылар»
Балалардың өз еріктерімен жасайтын іс-әрекеттері.
|
Бақылау: «Күзгі құстардың тіршілігін бақылау»
Мақсаты: Балаларға құстардың күзгі тіршілігін бақылату. Олардың іс-әрекеттері туралы әңгімелеу. Құстардың атын атап, еске сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Еңбек: Құстарға жем беру.
Мақсаты: құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көркем сөз: С.Сейфулиннің «Бозторғай» өлеңін оқу.
Міне торғай
Үйін қорғай
Жер бауырлап зырлайды
Шырқап биік
Күнге күйіп
Қалмай, сайрап жырлайды
Қимылды ойын. «Құстардың ұшып келуі»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.
|