10-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер
мектептері музыка бөлімдерінің «Баян» пәні бойынша білім беру
бағдарламасы
356. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Баян» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) пәннің мазмұнын, оқудан күтілетін нәтижелерді, бағалау өлшемдерін, әр сыныпқа арналған бағдарламалық талаптарды анықтайды.
357. Бағдарламаның мақсаты: баян аспабында ойнау деңгейінің білім алушылардың алған білім, дағды және біліктеріне негізінде кешенді тәрбиелеу мен дамытуға, сонымен қатар дарынды балаларды одан әрі бейіні бойынша оқу орындарына түсуге даярлау.
358. Бағдарламаның міндеттері:
1) дидактикалық: танымдық қызмет, дүниетанымды кеңейту, музыкалық білімді, орындау біліктері мен дағдыларын жүйелі түрде жинау.
2) тәрбиелік: музыка өнерін тану арқылы рухани, адамгершіліктік, ойлы, көркемдік, эстетикалық, отансүйгіштік, интернациналды тәрбие беру, даралықты, жігерді, адамгершіліктік, эстетикалық, дүние танымдық позициясын тәрбиелеу.
3) дамытушылық міндеттері: музыкалық естуді, есте сақтау жадын, ырғақты сезінуді, эмоциялық күйді, эмпатияны, шығармашылық қабілеттерді, назарды, елестететуді, қиялды, рефлексияны, салыстыра білуді, теңестіруді, жалпылауды дамыту.
359. Бағдарлама тұлғаның толық көркем-эстетикалық дамуын және олардың алған музыкалық-орындаушылық және теориялық білім, білік және дағдыларының толықтылығын қамтамасыз етед.
360. «Баян» аспабы сабағы оқу жоспарындағы «Сольфеджио», «Хор», «Қазақ музыка әдебиет», «Әлемдік музыкалық әдебиет», «Ансамбль, оркестр» пәндерімен тығыз байланыста.
361. Мамандық бойынша сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі түрі аптасына 2 мәрте 1 академиялық сағаттан жеке түрде өткізілетін сабақтар болып табылады. Сабақ теориялық және практикалық бөлімнен тұрады.
Оқыту жеке, шағын топтық және топтық формада жүзеге асырылады.
Даярлық сыныбындағы білім алушылардың сандық құрамы - 8-10 адам.
Ұжымдық музыка ойнау пәні бойынша топтардың сандық құрамы: оркестрде және ұжымдық музыка ойнаудың басқа формаларында - 6 адам, ұжымдық музыка ойнаудың шағын топтық формаларында - 2 адамнан 4 адамға дейін.
362. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету. Білім беру үдерісінің тиімділігі оның мақсатының мазмұны мен тәрбиелеу міндеттеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, педагог пен білім алушының кәсіби құзіретті педагогикалық өзара әрекеттесуіне байланысты.
Музыка мектептерінінде музыкалық қабілеттері жақсы балалармен қатар, музыкалық-орындаушылық мүмкіндіктері шектеулі балалар оқиды. Сабақта педагог олармен жұмыс істегенде музыка ойнаудың түрлі нысандары мен шығармашылық дағдыларын дамытуға екпін жасай отырып, дамытуға бағытталған оқыту әдістеріне сүйенеді. Репертуарды таңдау барысында жеке жоспардың түрлі нұсқада болуына жол беріледі: 1 және 2 сынып талаптарының (оның ішінде гаммалардың да) деңгейлерін төмендету.
363. Әр жартыжылдықтың басында жеке жоспарлар әзірленеді және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Әр жартыжылдықтың соңында педагог алдында бекітілген тізімдегі тапсырмалардың орындауы мен өзгерістерінің сапасын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушыныңмузыкалық және техникалық дамуына, үлгерімі мен еңбекке қабыілеттілігіне сипаттама береді.
364. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.
365. Педагог өз бетінше репертуарлық тізімді қалыптастырады, шығармаларды жүйелендіреді, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.
Білім алушының жылдық оқу жоспарының негізігі құрамдас бөлігі: ірі нысандағы туындылар, полифония, пъесалар, этюдтер, гаммалар және музыкалық шеберліктерін дамытатын жаттығулар, ансамбльдер, сүйемелдеулер, өзі оқып-үйренуі, қағаз бетінен оқуы және тасымалдауы, үйде музыкада ойнау үшін пъесалар.
366. Білім алушылардың жеке жоспарлары қазақ ұлттық және кәсіби музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман музыкасы 20-21 ғасырдың сазгерлік музыка элементтерін пайдалана отырып кірістірудің арқасында кең репертуарлық үрдістерді, репертуардың жаңаруы және байытылуын қамтып көрсетеді.
367. Жеке жоспарда білім алушының жылдың аяғында оның жеке даму жақтарын көрсететін мінездемесі ұсынылады:
1) музыкалық мағлұматтар деңгейі (есту, ырғақ, жады), білім алушының орындау аппаратының берілген аспапқа сәйкестігі, аспапқа икемделгішітік дәрежесі;
2) жалпы даму, эмоциялық, сезінушілік, реакция жылдамдығы; музыкаға, музыкалық сабақтарға қатынасы;
3) еңбекке қабілеттілік, жинақылық;
4) өз бетінше оқып-үйрену икемділігі, мәтінді талғаудағы сауаттылық дәрежесі, музыкалық туындыларды меңгеру шапшаңдығы;
5) жылдың аяғындағы табыстары;
6) білім алушының дамуындағы кемшіліктер және оларды игеру бойынша міндеттер.
368. Бірдей сыныпта бағдарламаны оқытудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілігінің деңгейі бойынша өзгеше болуы мүмкін.
369. Репертуармен жұмыста педагог шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтиханда) орындауға, ал қалған бөлігі – сынып жұмысына немесе танысуға арналатындығын ескеру керек. Педагог педагогикалық репертуармен жұмыстың аяқталу дәрежесін білім алушының жеке жоспарында оқу сатыларын белгілеу арқылы анықтауы мүмкін.
370. Педагогтің әрбір білім алушының жеке ыңғайын ескере отырып, жаңа репертуар есебінен репертуарлық тізімдерді толықтырады, бағдарламаның көлемі мен күрделілігін саралайды.
371. Оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспар.
1-тарау. Баянда ойнау мәдениетін қалыптастыру.
1.1. тақырып. Музыкалық сауаттылық негіздері.
1.2. тақырып. Аспапта ойнау дағдыларының негізін қалыптастыру.
1.3. тақырып. Дыбыс шығару (звукоизвлечение).
1.4. тақырып. Штрихтерді орындау техникасы.
1.5. тақырып. Музыкалық терминология.
2-тарау. Орындаушылық дағдыларын қалыптастыру.
2.1. тақырып. Техникалық дағдыларын дамыту.
2.2. тақырып. Музыкалық-бейнелі ойлауларын дамыту.
2.3. тақырып. Кіші нысандағы туындылар.
2.4. тақырып. Ірі нысандағы туындылар.
2.5. тақырып. Музыкалық мәнерлілік құралдары.
3-тарау. Шығармашылық дағдыларын дамыту.
3.1. тақырып. Музыкалық естудің алуан түрін дамыту.
3.2. тақырып. Қағаз бетінен оқу дағдысының негіздері.
3.3. тақырып. Тасымалдау (транспонирование) дағдысының негіздері.
3.4. тақырып. Естуі бойынша іріктеу техникасы.
4-тарау. Кәсіби дағдыларын кешендік тәрбиелеу.
4.1. тақырып. Есту қабілетін өзі бақылай алуын дамыту.
4.2. тақырып. Баянда орындаудың арнаулы құралдарының кешені.
4.3. тақырып. Өзіндік ізденушілік қызметін тәрбиелеу.
4.4. тақырып. Туындымен өзіндік жұмыс жасау қағидаттары.
4.5. тақырып. Сахналық мәдениетті тәрбиелеу.
5-тарау. Музыкалық-кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
5.1. тақырып. Музыкалық туындылардың негізгі нысандарын құру заңдылықтары.
5.2. тақырып. Туындыны орындау жоспарын қалыптастыру жөнінде кәсіби дағдыларын меңгеру.
5.3. тақырып. Алуан штрих, туше түрлерін меңгеру өнері.
5.4. тақырып. Интонациялау өнері.
5.5. тақырып. Орындаушылық шеберлігін жетілдіру.
372. Оқу-тақырыптық жоспар.
1) Кіріспе сабақ. Музыкалық аспаппен танысу. Баян аспабы шығуының қысқаша тарихы.Аспаптың құрылымы. Аспапты күту.
2) Отырғызу. Қолды қою. Отырғызу, ойын аппаратын қою негіздері. Сол және оң қолмен аспапты ұстау. Аспапсыз алдын-ала ойын дағдыларын қалыптастыру. Қозғалыс аппаратының еркіндігін дамытуға арналған жаттығулар.
3) Баянда ойындаудың орындаушылық дағдыларын меңгеру және дамыту. Баян аспабынана дыбыс шығару қағидаттары. Баянның көрігін (меха) қарау техникасы. Көрік қозғалысы бағыттарын сауатты ауыстыру, дыбысты тартымды жеңілдету (филировка). Басу» тушесін меңгеру.
4) Қарапайым музыкалық-есту ұғымын қалыптастыру бойынша жұмыс.
5) Баянда орындаудың бейнежазбаларын көру және музыкалық үлгі-нұсқаларды тыңдау. Музыкалық талғам мен музыкалық аспапақа деген қызығушылықты тәрбиелеу.
6) Оқытылып жатқан практикалық материалдар негізінде музыкалық естудің түрлерін дамыту Ырғақ сезімді қалыптастыру және дамыту, сөз бен музыкадағы қарапайым ырғақтар. Ырғақтық жаттығулар.
7) Қолжетімді материалдар негізінде музыкалық сауаттылықты игеру. Музыкалық терминдермен танысу.
8) Музыканы талдау. Музыка бейнесі, сипатын анықтау бойынша практикалық міндеттер, сонымен қатар музыканың дыбыстық сипатын анықтауға қол жеткізу үшін қолжетімді көркемдік мәнерлілік құралдарын зерделеу.
9) Педагогпен бірге ансамбльде ойнау. Есту қабілеті, өлеңге ән шығару, фразалар мен ұсыныстардың соңын аяқтау, музыкалық бейнені салу бойынша әуенді таңдау көмегімен шығармашылық ойлауын дамыту. Музыкалық елестетуді дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды орындау.
373. 1-сыныптың оқу-тықырыптық жоспары.
1) Кіріспе сабақ. Баянның пайда болу тарихы және аспаптың құрылысы жөнінде білімдерін бекіту.
2) Дайындық сыныбында үйренген отыру, қолды орнына қою негіздерін бекіту. Қозғалыс аппараты еркіндігін дамыту үшін арнайы жаттығуларды қолдану.
3) Баяннан дыбысты шығару техникасын дамыту.
4) Көрік қозғалыстары бағытын дұрыс ауыстырумен, дыбысты әсемдеп жеңілдетумен жұмыс.
5) Тушенің алуан түрлерін игеру. Музыкалық-есту көріністерін дамыту бойынша одан әрі жұмыс.
6) Практикалық материалдар негізінде ырғақ сезімін дамыту. Ырғақтық жаттығуларды қолдану.
7) Практикалық материал негізінде музыкалық сауаттылықты зерделеу Әртүрлі музыкалық терминдермен таныстыру.
8) Баянда қарапайым нысанадағы пьессаларды оқыту. Қолжетімді практикалық материалдар негізінде вариациялар нысандарымен таныстыру.
9) Минорлық ладпен таныстыру. Практикалық материалмен бекіту.
10) Алуан түрлі штрихпен мажорлық гаммаларды бір октавада, ұзын арпеджио мен 3 үнді аккордтарды әр қолмен жеке орындауды меңгеру.
11) Практикалық материалда вариация нысаналарын оқып-үйрену.
12) Аспаптың тембрлік мүмкіндіктерімен танысу, баянның реестрлік белгілерін зерделеу.
13) Нотаны қағаз бетінен оқу техникасын, тасымалдауды (транспонирование) меңгеру.
14) Ансамблде ойнау. Репертуармен жұмыс. Концерттік қызметтер.
374. 2-сыныптың оқу-тықырыптық жоспары.
1) Кіріспе сабақ. Көркемөнерлік туындылармен жұмыс, ноталық материалдар негізінде техникалық, орындаушылық дағдыларды одан әрі дамыту. Кантилендік сипаттағы пьессаларды меңгеру.
2) Тасымалдау (транспонирование). Қағаз бетінен оқу. Ансамблде ойнау. Репертуармен жұмыс. Әртүрлі штрихпен екі қолмен 2 белгіде екі октавада мажорлық гаммалармен жұмыс.
3) Мажорлық ұзын және қысқа арпеджионы, екі қолмен 3 үндік аккордты зерделеу. Білім алушының тембрлік есту қабілетін дамыту, баянның тіркеуде көрсетілген шартты мәліметтері туралы толықтырулар. Концерттік-байқау қызметтері
475. 3-сыныптың оқу-тақырыптық жоспары.
1) Кіріспе сабақ. Көркемөнер туындыларымен жұмыс. Практикалық материалдар негізінде техникалық, орындаушылық біліктілігін одан әрі дамыту.
2) Полифония элементтері бар пьессаларды меңгеру (дұрысы таңдау пернетақтасымен). Ірі нысанадағы туындыларды: екі- және үш бөлікті сюиталар, вариациялар түрін зерделеу.
3) Екі октавада 2 білгіге дейінгі мажорлық гаммаларды зерделеу, әртүрлі штрихтармен орындау. Әртүрлі штрихтағы ұзын және қысқа мажорлық арпеджиоларды және екі қолмен 3 үндік аккордтарды зерделеу.
4) Бір октавадағы минорлық гаммаларды игеру, сонымен қатар ұзын және қысқа арпеджио, екі қолмен 3 үндік аккордтарды меңгеру. Тіркеуде көрсетілген шартты белгілер туралы білімін тереңдету. Концерттік-байқау қызметтері.
376. 4-сыныптың оқу-тақырыптық жоспары.
1) Кіріспе сабақ. Аспапта ойнаудағы орындаушылық дағдыларын жетілдіру.
2) Полифония элементтері бар пьессаларды игеру бойынша жұмыс. Ірі нысандағы туындылармен одан әрі жұмыс жасау (күрделі үш бөлікті нысан, сюита).
3) Әртүрлі штрихта орындалған екі октавадағы 3 таңбалық мажорлық гаммаларды зерделеу, сонымен қатар бірнеше штрихтерді колдану.
4) Әртүрлі штрихтағы ұзын және қысқа мажорлық арпеджиоларды және екі қолмен 4 үндік аккордтарды зерделеу.
5) Екі октавадағы 2 таңбалық минорлық гаммаларды, ұзын және қысқа арпеджиоларды бірнеше штрихтармен, екі қолмен 4 үндік аккордтарды зерделеу.
6) Туындылармен жұмыс барысында түрлі тембрлердегі туындылар мен баян тіркелімдерін жұмыста белсенді қолдану.
377. 5-сыныптың оқу-тақырыптық жоспары.
1) Кіріспе сабақ. Репертуармен жұмыс. Аса күрделі практикалық материалдарды игеру көмегімен аспапта ойнаудың техникалық, орындаушылық дағдыларын жетілдіру.
2) 4 таңбалы екі октавадағы мажорлық гаммаларды зерделеу, алуан түрлі штрихтармен, оның ішінде бірнеше штрихтерді пайдалану.
3) Түрлі штрихтермен мажорлық ұзын және қысқа арпеджиоларды, оның ішінде екі қолымен 4 үндік акккордтарды үйрену.
4) Екі октавадағы 3 таңбалық минорлық гаммаларды, ұзын және қысқа арпеджиоларды бірнеше штрихтармен, екі қолмен 4 үндік аккордтарды зерделеу.
5) Полифониялық туындылармен (дұрысы таңдамалы пернетақталарда), сонымен қатар ірі нысандағы туындылармен жұмыс.
6) Аспаптың тембрлік мүмкіндіктерін қолдану, тіркемелік шартты белгілерді тереңдетіп зерделеу. Асқан шебер пьесалармен жұмыс. Концерттік-байқаулық қызметтер.
378. 6-7-сыныптардың оқу-тақырыптық жоспары.
1) Кіріспе сабақ. Концерттік-байқаулық, емтихандық және бітіру бағдарламаларын дайындау.
2) Аса күрделі практикалық материалдарды игеру көмегімен аспапта ойнаудың техникалық, орындаушылық дағдыларын жетілдіру (асқан шебер пьесаларды зерделеу).
3) 5 таңбалы екі октавадағы мажорлық гаммаларды зерделеу, алуан түрлі штрихтармен, оның ішінде бірнеше штрихтерді пайдалану.
4) Екі қолмен 4 үндестік аккордында мажорлық ұзын және қысқа түрлі штрихтағы арпеджионы зерделеу.
5) 4 таңбалы екі октавадағы минорлық гаммаларды, алуан түрлі штрихтағы ұзын және қысқа арпеджиоларды және 4 үнді аккордтарды екі қолмен ойнауды үйрету.
6) Полифониялық туындылармен (таңдалған пернетақтада), сонымен қатар ірі нысандағы туындылармен жұмыс.
7) Аспаптың тембрлік мүмкіндіктерін қолдану. Концерттік-байқау қызметтері.
379. Даярлық сыныбындағы пәннің мазмұны. Даярлық сыныбында музыкалық аспапта орындаудың дағдысы мен білігінің негізі қаланып, дұрыс орындаудың нұсқауы мен түсінігі қалыптастырылады.
380. Бастапқы сабақтарда білім алушы баян аспабының шығуының қысқаша тарихымен, музыкалық аспаптың құрылысымен, оң қол мен сол қолдың аспапты дұрыс ұстап отыру дағдыларын, қолды орналастыру мен қою ережесімен, дыбысты шығару негіздерімен танысады.
381. Музыкалық аспапта қарапайым музыкалық шығармаларды орындау барысында нота таңбаларын жазумен, олардың аспаптан шығатын дыбыспен шынайы үндестігі таныстырылып, ноталық сауаттылық негіздерін меңгереді.
382. Жыл бойы дайындық сыныптың білім алушылары 10 әр түрлі (балаларға арналған әндер, өңделген халық әндері, қарапайым шағын музыкалық шығармалар) шығармаларды орындайды. Баян аспабында музыкалық шығармаларды орындау барысында аспаптың пернетақтасын біле бастайды, музыканың түрін айыруға үйренеді.
383. Оқу пәнінің мазмұны:
1) баян аспабының құрылысы, оның көркемдік мүмкіндіктерімен танысу;
2) музыкалық пернетақтаның оң және сол жақтарының құрылымын (қатарлар мен клавиштердің атауы, әр клавишке дыбыстың сәйкестілігіне қарай орналасуы, дыбыстың шығуы және оған клавиштардың, әртүрлі октавалардың, аспап диапазонына сәйкестігі);
3) аспаптың орналасуы мен қойылуын меңгеру (нақты білім алушының физиологиялық ерекшелігі мен дамуын есепке ала отырып, оның денесі, аяғы, қолы, қол және саусақ буынының жалпы күйі; баянның қайысын және та,ы басқаларды дұрыс пайдалану);
4) көрікті жүргізудің (бір сарынды, тегіс, белсенді) қарапайым дағдыларын қалыптастыру, көрік қозғалысы бағыттарын ауыстыру – жылдам, «жұмсақ», жұлқусыз, жаттығулар арқылы көрікті жүргізу дағдыларын және оның қозғалысының бағыттарын ауыстыруды үйрету (сол қолымен бір сарынды және тез қозғалыс, басу мен босатуға арналған тең күш салу, оның қозғалыстарының бағыттарын білдірмей ауыстыру, көрік қозғалысын ауыстыруды дыбыс шығарумен қиыстыру);
5) қарапайым дыбыс шығару білігін игеру (көрік қозғалысы мен клавишті басу бірлестігі), оң және сол қолмен дыбыс шығарудың (басу) негізгі тәсілдерін меңгеру, бастапқы қозғалыс және ойнау дағдыларын меңгеру (оң қолмен гамма тәріздес бірізділікте нон легато тегіс дыбысымен ойнау), орындаушылық аппараттың еркіндігі (қысымның болмауы), бұлшық ет қозғалыстарын түзетуге арналған арнайы жаттығуларды қолдану;
6) баланың музыкалық-есту қабілеті туралы негізгі түсінігін қалыптастыру, оқытудың музыка тілін меңгеру үдерісінде естудің түрлерін жандандыруды арттыру болып табылатын «нотаға дейінгі» немесе «есту» әдісін қолдану, бұл жаңа бастаған баяншының есту-қозғалыстық өзара байланыстарын орнатып отыруына мүмкіндік береді;
7) музыкалық-есту ұғымын қалыптастыру және дамыту (оң қолымен және сол қолымен қарапайым сүйемелдеуімен күрделі емес бір дауысты әуендерді есту қабілеті арқылы іріктеуі);
8) оқытылып отырған көркемдік материал негізінде ырғақтық сезімдерін қалыптастыру және дамыту;
9) сол пернетақтаны бастапқы игеру (негізгі қатардағы іргелес, сабақтас дыбыстарды шығару, бас пен акккордты алмастыра отыра), дұрысы білім беру ұйымында сәйкесінше көлемдегі таңдауға дайын аспаптың болу жағдайында таңдау пернетақтасының болуы. Оң және сол пернетақталармен таныстыру қосарлана жүзеге асырылуы қажет, алдымен қолдарды алмастыруға арналған қарапайым пьесалар, кейіннен екі қолымен бір уақытта ойнауды меңгеруі қажет;
10) қарапайым жалпы аппликатуралық заңнамалықтарды меңгеру;
11) асапапта екі қолымен оң және сол қолдардың қозғалысын түзетуге төселу;
12) дайын баянда (бас пен аккордты жұмсақ кезектестіру) ойнауда сүйемелдеулердің негізгі тәсілдерін меңгеру;
13) көрікті басқару дағдыларын, құрылымның ішіндегі көріктің қозғалыс бағыттарын сауатты ауыстыруды бақылау, дыбысты әдемілеу (филировка) болйынша жұмыстар, жаттығуларды орындау;
14) үдемелі дыбыс шығарудың негізгі деңгейлерін (форте, пиано) меңгеру, музыканың үдемелі реңкімен және нақты музыкалық мысалдар арқылы меңгеру (крещендо мен диминуэндо және музыканың көркем дыбысталуының басқа да элементтері);
15) ансамбльде ойнау (музыкны ойнаудың осы түрі педагогпен бірге дуэтте меңгеру ұсынылады);
16) аспаптың оң пернетақтасындағы дыбыстық қатарды альтерирлеуді және балалар музыка мектептеріндегі талапқа сәйкес аспаптың болған жағдайда таңдаулы пернетақта арқылы меңгеру;
17) дыбыс шығару сапасының есту қабілетіне деген өзіндік бақылау;
18) есту жадысын, назарын тәрбиелеу, музыканы сезінушілік, зеректікті, эмоциялық сезімді дамыту;
19) концерттік қызметтер.
384. 1-сыныптың білім алушылары орындаушылық білікпен дағдыларын бекіту бойынша, дұрыс орындаушылық мақсат пен түйсікті қалыптастыру мен дамыту бойынша жұмыстарын жалғастырылады.
Оқытудың осы кезеңінде баян аспабының шығу тарихы, музыкалық аспаптың құрылысы туралы білімдері толықтырылады, аспап пернетақтасын меңгерудің бастапқы дағдылары бекітіледі, ойын аппаратының дұрыс орналастырылуы мен қойылуын игеру, сондай-ақ, баяннан дыбысты шығару ерекшелігі де жалғастырылады.
385. Жыл бойы білім алушылар 10-ға дейін әр түрлі музыкалық туындыларды меңгереді. Практикалық материалдар негізінде білім алушылар орындалатын пьесалардың жалпы сипаттамасын анықтауға, музыканың мінездемесін айыра алуына, қарапайым шағын пьесалар мен әндерді мағынасына жете отырып және көркемдеп ойнай алуы, сонымен қатар оқытудың бірінші жылындағы бағдарламамен айқындалған ойнаудың қажетті орындаушылық дағдыларын игереді.
386. Оқу пәнінің мазмұны:
1) баянның оң және сол пернетақтасының құрылысымен одан әрі танысу;
2) көрікті жүргізудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстар, көрік қозғалысы бағыттарын ауыстыру;
3) дыбыс шығарудың негізгі тәсілдерін әр қолмен жеке (басу, саусақпен және білезікпен соғу, ұрғылау), содан кейін екі қолымен бір уақытта жасауды игеру, қозғалыс дағдыларын ары қарай да меңгеру;
4) оқытылып отырған көркемдік материалдар негізінде ырғақ сезімін дамыту, ырғақтық жаттығуларды орындау;
5) ноталық сауаттылықты одан әрі де меңгеру;
6) аппликатуралық тәртіпке тәрбиелеу, тиімді аппликатураны жартылай өзі табуына тәрбиелеу;
7) аспапта екі қолымен ойнаудағы оң және сол қолдары қозғалысын түзетуге дағдыландыру, дайын баянда ойнауда сүйемелдеудің негізгі тәсілдерін меңгеру (бас пен аккордты жұмсақтап кезектестіру);
8) көрікті басқару дағдыларын меңгеру, құрылыстың ішіндегі көріктің қозғалыс бағыттарын сауатты ауыстыруды бақылауды жүзеге асыру;
9) серпінді дыбыстаудың негізгі деңгейлерін (форте, пиано), музыканың үдемелі реңктерімен таныстыру және нақты музыкалық мысалдар арқылы меңгеру (крещендо мен диминуэндо және басқа да музыканың көркем дыбыстарының элементтері);
10) ансамбльде ойнау, ұжымдық шығармашылықты меңгеру (аталған дағдыны педагогпен дуэтте, сонымен қатар басқа білім алушылармен ансамбльде дамыту);
11) аспаптың оң пернетақтасындағы альтерирленген дыбыстық қатарын және білім беру ұйымында сәйкесінше аспаптың болған жағдайында баянның таңдаулы пернетақтасын одан әрі меңгеру;
12) негізгі штрихтарды меңгеру (легато, нон легато, стаккато), техникалық жаттығуларды және музыкалық туындыларды ойнау кезінде қолдану;
13) метрикалық пульсацияны сезінуге дағдыландыру (мажорлық дыбыстық қатарда ойнау кезінде әлсіз және күшті бөліктермен қатыстыра отырып);
14) орындалатын жаттығулар мен туындылардың дыбыстық сапасына есту қабілетіне бақылауға үйрету;
15) мазмұны және нысаны қарапайым пьесаларды, кішігірім тақырыптық дамуымен және көркемдік бейнесі айқын әндерді орындау, оқытудың осы кезеңіндегі қолжетімді көркемдік орындауға жету (әуеннің ашықтығын анықтау, сазды, әуенді дыбыспен ойнау, жақсы легатомен және тағы басқаларды);
16) практикалық материалда минорлық ладпен танысу;
17) аспаптың тембрлік мүмкіндіктерімен танысу, тіркеудегі шартты белгілерді зерделеу;
18) баланың музыкалық-есту қабілеттері ұғымын одан әрі дамыту (бір дауысты күрделі емес таныс әуендерді есту қабілеті оң қолмен және сол қолмен қарапайым сүйемелдеу бойынша іріктеу, сондай-ақ, есту бойынша сүйемелдеуді іріктеу, оқытылып отырған пьесаларды үйлестіру);
19) есту қабілетін, зейінін, музыкалық қабылдауын дамытуды тәрбиелеу;
20) нотаны қағаз бетінен оқуды әр қолымен жеке және екі қолымен бірге ойнау дағдыларын қалыптастыру;
21) тасымалдау (транспонирование) техникасының негізін қалыптастыру;
22) әртүрлі штрихта бір октавада әр қолымен жеке мажорлық гаммаларды, әр қолымен ұзын мажорлық арпеджио мен 3 дыбысты аккордты меңгеру;
23) техникалық жаттығулар мен этюдтерді зерделеу;
24) халық әндері мен билері мысалында вариациялау түрлерін меңгеру;
25) концерттік қызметтер.
387. Балалар музыка мектептеріне 9 жасында және одан үлкен жастағы оқуға түскен білім алушыларға дайындық сыныбының білім беру бағдарламасын өту қажет емес.
Дайындық сыныбының бағдарламасын 1-сыныпта сабақ тақырыптарын ірілендіру есебінен, баланың музыкалық-есту қабілетінің негізгі түсініктерін (оқытудың «нотаға дейінгі» және «есту қабілеті» кезеңдері, орындаушылық білігі мен дағдыларының бастапқы негіздері) қалыптастыру кезеңдерін қоса жүзеге асыру ұсынылады.
388. Білім алушылар банның пайда болуының қысқаша тарихымен, асапатың құрылысымен, оның оң және сол пернетақталарының құрылымымен, сондай-ақ, қолды орналастыру мен қою тәртібімен, дыбысты шығару негіздерімен танысады.
389. 2-сыныптағы пәннің мазмұны. Білім алушылардың музыкалық-шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту жалғастырылады (музыкалық есту қабілеті, зейін, ойлау, жады), орындаушылық техникалық дағдыларды игеру, музыкалық сауаттылық негіздерінен білімін жетілдіреді, кәсіби терминологияны меңгеру (альтерлеудің қарқыны, серпіні, таңбалары), жоғары дыбыстау бағдары және әуеннің уақытша ерекшеліктері дамытылады.
390. Оқытудың осы сатысында орындаушылық аппаратының орналасуы мен қойылуын тұрақтандыруға жоспарлы және жүйелі әрі қарай да жұмыстарды жүргізу, қол қозғалыстарын түзету, көрікті жүргізу дағдыларын және оның қозғалыс бағыттарын ауыстыруды жетілдіру, орындаушылық аппараттың еркіндігіне бақылауды іске асыру бойынша жұмыстар одан әрі қарай да жалғастырылады.
391. Сапалы дыбысты шығару бойынша және контилендік сипаттағы пьесаларды зерделеу негізінде дыбыс мәдениетін қалыптастырудан жұмыс ұқыпты түрде жалғастырылады.
392. Оқу пәнінің мазмұны:
1) есту қабілеттерінің дамуы (дыбыс, есту зейінінің сапасына өзіндік естуді күшейту), музыканы әсершіл қабылдау қабілеттері, музыкаға деген жеке қатынасында бірге әсерсенушілік және оны білдіре алу;
2) музыкалық айқын бейнені құру үшін музыкалық көрнекілік құралы ретінде серпінділікті қолдану;
3) музыкалық аспапта бұрын игерген музыкалық-орындаушылық дағдыларын жетілдіру, практикалық материалдар мен жаттығулар негізінде оң және сол қол техникалық тәсілдерін біртіндеп күрделендіру, оң қолмен қосарланған ноталарды жартылай қолдану;
4) екі октава диапазонын қамтитын әр қолмен жеке техникаларды дамытуға арналған түрлі жаттығуларды орындау;
5) түрлі штрихтерде екі октаваны екі қолымен мажорлық гаммаларды, ұзын мажорлық арпеджиоларды, түрлі штрихтағы қысқа арпеджиоларды және екі қолымен бірдей 3 дыбысты аккордтарды одан әрі меңгеру;
6) аппликаторлық ережедегі жұмысқа қажетті аппликаторлық тәсілдерге дағдыландыру (гаммалар мен арпеджиода жүйеленген аппликатуралармен қайта жұмыстар атқару);
7) дыбыс шығару және штрихтердің күрделі тәсілдерін меңгеру (портаменто, екпін);
8) мәнер, метра, ырғақ, қарқын сезімдерін одан әрі дамыту;
9) ноталық мәтінді жылдам және дәл талғау дағдыларын, музыкалық туындылармен өзіндік жұмыс жасай алу білігін дамытуды бекіту;
10) білім алушының тембрлік есту қабілеттерін дамыту, оқыту үдерісінде баянның тембрлік бояуын қолдану;
11) қағаз бетінен ноталарды оқу, тасымалдау (транспонирование) және есту қабілеті бойынша іріктеу жұмыстары;
12) педагогпен және басқа білім алушылармен ансамблде ойнау;
13) ерік-жігер қасиеттері мен өзін-өзі бақылауды тәрбиелеу, музыкалық туындыларды орындауды талдау және оны шынайы бағалауды дамыту;
14) көп қырлы, көп сипатты музыкалық туындыларды орындау;
15) білім алушының сахналық мәдениетін қалыптастыру және дамыту, концерттік қойылым тәжірибелерін біртіндеп жинақтау.
393. 3-сыныпта педагогтің жұмысы (сөзбен түсіндіру, орындау тәсілдерін көрсету, бағалау өлшемдері, өзіндік жұмысты бақылау) сапалы жаңа сипатқа ие болады және ол білім алушылардың шығармашыл еркін және барынша саналы, тиянақты ойнауына қол жеткізуіне бағытталған. Оқытудың осы кезеңінде білім алушылар көркемдік мәнерлілік құралдарын ұғына білу білігін қалыптастырады және дамытады, сонымен қатар музыкалық туындылармен жұмыста осы қабілеттерін қолдана біледі.
394. Көркемдік орындаушылық мақсаттарын түсіне білу білім алушының техникалық дағдыларын жетілдіруден басым болады. Негізгі назарды білім алушының шығармашылық бастамашылдығын дамытуға бөліп, оқытудың барлық кезеңдерінде оны белсенді қатысушы ретінде қарастыру (тиімді аппликатураны, оыс немесе басқа құрылыс дыбыс серпіні іздеу, түрлі штрих және туше түрлерін қолдану, музыкалық туындының көркемдік бейнесін жасау бойынша жұмыс, сондай-ақ, техникалық қиындықтарды жеңу).
395. Оқу пәнінің мазмұны:
1) музыкалылығын дамыту (мақам сезімін, есту қабілеті, шығармашылық қиял, ассациативтік ойлау, музыкалық-ырғақтық сезімін және тағы басқаларды жетілдіру);
2) білім алушының тембрлік естуін дамыту, тембрлік бояу түстерін кеңейту, жаңа тембрлік көрнекілік құралдарын іздеу;
3) дыбыс сапасымен жұмыс (көрік қозғалысы бағыттарын білдірмей ауыстыру);
4) баса айту, интонациялаумен жұмыс;
5) музыкалық құрылыс құрылымының, музыкалық нысанның мәнін түсіну;
6) техникалық, орындаушылық дағдыларын дамыту (баянда оң қолдың бас бармағын, секіруді ішінара пайдалану, қосарланған ноталарды, аккордтар техникасын, октаваларды және тағы басқаларды кеңінен қолдану);
7) саусақтық және білезіктік стаккатоны меңгеру (бір дыбыты әуендік бірізділік, қос нота, октавалар, аккордтар);
8) полифония элементттері бар пьесалармен танысу (мүмкіндігінше таңдалған пернетақтада);
9) ірі нысандағы туындыларды, мысалы сюита ретіндегі, вариация түріндегі пьесалар, екі- және үш бөліктік нысандағы пьесаларды меңгеру (ірі нысандағы туындыларды орындау білім алушылардан көлемі бойынша үлкен, алуан түрлі музыкалық-орындаушылық элементтер енгізілген материалды игеруді талап етеді, нәтижесінде оны білім алушы бүтін, біртұтас туындыны орындау дағдыларын игеру болып табылады);
10) аса күрделі дыбыс шығару тәсілдері мен штрихтерді қолдану арқылы пьесаларды орындау (портаменто, акценттер және тағы басқалар);
11) аса күрделі ырғақтық топтарды қолдану арқылы пьесаларды орындау;
12) қағаз бетінен оқу, басқа тональдықтарға тасымалдау (транспонирование) және есту қабілеті бойынша іріктеуді бекіту және жетілдіру;
13) ансамбль, оркестрге қатысу (қазақ, орыс халық), ұжымдық шығармашылық;
14) меңгерілген музыкалық терминдерді бекіту, жаңа кәсіби терминологияны зерделеу;
15) түрлі штрихтағы екі октаваны 2 таңбаға дейін екі қолмен мажорлық гаммаларды, түрлі штрихтағы ұзын және қысқа арпеджионы және екі қолмен бірлесе 3 дыбысты аккордтарды одан әрі зерделеу;
16) бір октавадағы минорлық гаммаларды, сонымен қатар ұзын және қысқа арпеджио, әр қолымен жеке 3 дыбысты аккордты меңгеру;
17) түрлі дәуірлер мен нақыштық бағыттардағы композиторлардың өмірлерімен және шығармашылығымен танысу;
18) оқыту үдерісінде баянда ойнау қызығушылығына уәждеме.
396. 4-сыныпта игерілген арнайы білік пен дағдыны, музыкалық-көркемдік материалдарды күрделіндіру және тереңдету, музыкалдық бейнелер мен орындаушылық міндеттердің аясын кеңейту жалғастырылады.
397. Оқу пәнінің мазмұны:
1) білім алушылардың музыкалық-бейнелі ойлауды, шығармашылық көркемдік елес, қиялды дамытуға арналған жұмыстар;
2) музыкалық тілдің көркемдік құралдарын игеру, нақты көркемдік бейнені құрудың маңыздылығын түсіну және практикалық қызметте білімді қолдану, музыканы әсершілділікпен қабылдаубілігін дамыту, оның мазмұны мен идеялық-эмоциялық бағыттылығы, музыкалық туындының көркемдік ойын түсіну және ашып көрсету;
3) дыбыс серпінінің дәйектелімін (градация) кеңейту;
4) баянда музыкалық туындыны орындауда музыканың сипатына сәйкес қажетті динамикалық реңкін айыру,алу және қолдану білігін қалыптастыру;
5) музыкалық нысанды құрудың негізгі заңдылықтарын меңгеру, ірі музыкалық нысандар құрылысымен танысу (күрделі үш бөлікті нысан, сюита);
6) музыканың алуан түрлі жанрларындағы туындыларды зерделеу, оқытылып жатқан туындының жанрлық және стилистикалық ерекшелігін, музыканың мазмұнын көркемдеп өрнектеудің маңызын түсіну;
7) орындалатын туындылардың стилдік ерекшелігін талдауды жүзеге асыру білігін қалыптастыру;
8) баянның оң және сол пернетақтасының дыбыстық тепе-теңдігіне бақылауды қалыптастыру;
9) музыканың тарихы мен теориясы бойынша білім жүйесін кеңейту;
10) бағдарламалық талаптар аясында ойнаудың техникалық және орындаушылық дағдыларын дамыту (білім алушылар баяндағы дыбыстың құрылу ерекшелігін жетілдіру, музыкалық туындының дыбысталу сипатына бағдарланған тушенің алуан түрлерін белсенді қолдануы);
11) білім алушының музыкалық мәтінмен жұмысын ұйымдастыру, орындаушылық қиыншылықтармен жұмыс тәсілдерін меңгеру, өз жұмысының нәтижесін шынайы бағалауы дағдысын дамыту;
12) әр түрлі техникалық жаттығуларды орындауы;
13) баянда ойнаудағы орындаушылық техникасын жетілдіру;
14) полифония элементтерімен пьесаларды жаттау;
15) аппликаторлық тәртіппен жұмыс;
16) білім алушының қағаз бетінен оқу, тасымалдау (транспонирование) және есту қабілеті бойынша таңдау техникасын дамытудағы өзіндік жұмыстарына бақылау жасау;
17) екі октавада екі қолмен 3 таңбаға дейін мажорлық гаммаларды, түрлі штрихтармен, жартылай штрихтармен, ұзын арпеджио екі октавада екі қолмен 2 таңбаға дейін минорлық гаммаларды, ұзын мажорлық арпеджио, 3 және 4 дыбыстық аккордық бірізділіктерді жаттау;
18) ұжымдық музыка ойнау дағдыларын дамыту;
19) концерттік-байқаулық қызметтер, концерттік репертуарды толықтыру, сахналық мәдениетті дамыту.
398. 5-сыныпта музыкаға және орындаушылық өнерге деген саналы, шығармашыл қарым-қатынасты тәрбиелеу жалғастырылады, мамандық және басқа музыкалық пәндер бойынша теориялық білім кеңістігі барынша кеңейеді, білім алушының жалпы мәдени дамуымен, оның өзіндік шығармашылығы, бастамашылдығы мен белсенділігі байланысымен тығыз байланыста аспапта ойнаудың музыкалық-орындаушылық дағдылары бекітіледі және жетілдіріледі.
399. 5-сыныпта негізгі жұмыс орындаушылық дағдыларын бекітуден тұрады: есту (қабылдау мен елестету), дыбыс құрағыш (дыбыс шығару, саусақтық артикуляция және көрікті артикулдеу сапасына бақылау), музыкалық көрнекілік құралдарын меңгеру (серпін, қарқын, баса айту).
400. Музыка, музыкалық көрнекілік құралдары туралы мәліметтерді жиынтықтау үдерісінде білім алушылар музыкалық мәтінді талдау, музыкалық туындыны сұрыптау тәжірибесін игереді.
401. Оқытудың осы кезеңінде білім алушылар мамандық және басқа музыкалық пәндер бойынша теориялық білім кеңістігін айтарлықтай кеңейтеді.
Білім алушылардың музыкалық-бейнелі ойлауы, шығармашылық көркемдік қиялының қалыптасуы оқытылып жатқан көркемдік материалды күрделендіру жолымен жалғаса береді.
402. Оқу пәнінің мазмұны:
1) полифониялық элементі бар шығармаларды орындау, ірі нысанды шығармаларды зерделеуді одан әрі жалғастыру;
2) музыкалық туындының музыкалық нысанымен, оның жанрлық және нақыштық ерекшелігімен жұмыс;
3) музыкалық шығарманы орындаушылық көрнекілігімен, мазмұны мен идеялық-эмоциялық бағытымен жұмыс;
4) шығарманың музыкалық мәтінімен және оның техникалық ерекшелігімен жұмыс;
5) білім алушының еңбекқорлығы, ерік-жігері мен қойған мақсатына жету білігі және өз жұмысының нәтижесін шынайы бағалауын дамыту;
6) білім алушының есту қабілетін өзі бақылай алуын дамыту;
7) дыбыс шығару сапасымен жұмыс (көрікті байқатпай ауыстыру, туше мен штрихтардың түрлерін қолдану);
8) дыбыстау серпінінің үдемілігін кеңейту, музыканың әртүрлі серпінді реңктерін іздеу;
9) баянда ойнаудағы орындаушылық дағдыларын дамыту (октавалық, аккордтық және ұсақ техника);
10) көрікпен ойнаудың әртүрлі тәсілдерімен жұмыс (портато, көріктік стаккато, рикошет, вибрато және тағы басқалар);
11) агогикамен жұмыс (шұғыл және біртіндеп баяулату, жылдамдату, цезура, аялдау, ферматалар және тағы басқалар);
12) шығармалардағы тоналдық желіні ауытқу және модуляцияны пайдалана отырып кеңейту;
13) білім алушының оқытылып отырған музыкалық шығарманың музыкалық мәтіні мен техникалық ерекшелігі бойынша өзіндік жұмысын бақылау;
14) 2 октава аралығындағы 4 кілт белгісі бар мажорлық гаммалар, қысқа және ұзақ арпеджио түрлерін, 3 дыбысты үндестіктерді екі қолмен бірігіп орындау. 2 октава аралығындағы 3 кілт белгісі бар минорлық гаммалар, қысқа және ұзақ арпеджио түрлерін, 3 және 4 дыбысты үндестіктерді екі қолмен бірігіп орындау, штрихтардың түрлері, жартылай штрихтар, аккордтық бірізділік;
15) ансамбль мен оркестрде ансамблдік ойнаудың дағдыларын бекіту;
16) білім алушылардың қағаз бетінен оқу, тасымалдау және есту қабілеті бойынша іріктеу техникасын дамытудың өзіндік жұмысын бақылау;
17) концерттік-байқау қызметтері, концерттік репертуарды жинақтау, сахналық мәдениетті тәрбиелеу.
403. Балалар музыка мектептеріне 9 және одан үлкен жаста оқуға түсетін білім алушыларға болашақта музыкалық кәсіби білімдерін жалғастырғысы келмейтін болса, 5-сыныптан кейін оқуды бітірген абзал.
404. Оқуды 5-сыныпта аяқтағысы келетін білім алушылар бітіру емтиханына мамандық бойынша бағдарлама дайындайды, ол төрт шығармадан – полифониялық шығармалар, ірі көлемдегі пьеса, қазақтың халықтық әнін немесе Қазақстан композиторының шығармасын өңдеу және ыңғайлау, сонымен қатар орындаушының таңдауына қарай пьесадан тұрады.
405. Бітіру бағдарламасы білім алушы өзінің орындаушылық мүмкіндіктерін, асапаты меңгеру деңгейі, музыканың әртүрлі жанрлары мен нақыштарын бағдарлай алу біліктілігін, сонымен қатар сахналық мәдениетін көрсете алатындай болып құрылады.
406. 6-7-сыныптарда бұрын өткен техникалық және көркемдік мазмұны жағынан күрделі нұсқаларын оқу, баса айтудың негізгі элементтерін (сарын, фраза, сөз тіркесі (предложение), бөлік) жеке өз бетімен талдау білігін дамыту, аппликаторлық сауаттылығын және тиімді аппликатураны өз бетімен таңдауын жалғастырады.
407. Білім алушының бұрын игерген барлық аспапта ойнаудың музыкалық-орындаушылық дағдылары оның жалпы мәдени деңгейін дамытумен, шығармашылық өзін-өзі дамытуға талпыныс, белсенділін дамытумен тығыз байланыста болады.
408. Оқу пәнінің мазмұны:
1) 4 таңбалы екі октавадағы минорлық гаммаларды, алуан түрлі штрихтағы ұзын және қысқа арпеджиоларды және 4 үнді аккордтарды екі қолмен ойнауды (non legato, legato, staccato, аралас штрихтар, жартылай штрихтар), пунктирлік ырғақта гаммаларды орындайды меңгеру;
2) Түрлі штрихтерде екі қолмен екі октавада ұзын және қысқа арпеджиоларды (non legato, legato, staccato, аралас штрихтар, жартылай штрихтар), арпеджионы пунктирлық ырғақта, екі қолмен 4 дыбысты мажорлық және минорлық аккордтер бірізділігінде зерделеу және орындау;
3) техникалық дағдыларды жетілдіру (ірі – октавалық және аккордтық техника, ұсақ техника), жаттығуды орындауда штрихтер арқылы көрікпен жұмыс (портато, көріктік стаккато, рикошет, вибрато), этюдтер мен басқа да музыкалық шығармаларды орындау;
4) білім алушылардың музыкалық ойлауын, нақыштарымен, музыкалық нысан сезімімен, қарқын, шығарманың жалпы көрнекілігімен жұмысты одан әрі жалғастыру;
5) музыкалық шығармалармен жеке өзінің жұмысына бақылау жасау;
6) концерттік-байқаулық қызметтер;
7) полифониялық шығармалар мен ірі нысандағы шығармаларды меңгеру (мүмкіндігінше таңдаулы пернетақталарды пайдаланумен);
8) туындының көркемділік және көрнекілік бейнелерімен, оның мазмұны мен идеялық-эмоциялық бағытталуымен жұмыс;
9) шығарманың музыкалық мәтінімен және оның техникалық ерекшелігімен жұмыс;
10) білім алушылардың алдына қойған мақсатқа жетудегі еңбекқорлығы, ерік-жігері және білігі, өз жұмысының нәтижелерін шынайы бағалай алуын дамыту;
11) білім алушылардың есту қабілетіне жеке бақылауын дамыту;
12) дыбыс шығару сапасымен жұмыс (көрікті білдірмей ауыстыру, түрлі тушелер мен штрихтерді қолдану);
13) дыбыталу серпінінің үдемелілігін кеңейту, музыканың әртүрлі серпінді реңктерін іздей алу білігін қалыптастыру;
14) шығарманың үндестік желісін ауытқушылық пен модуляция арқылы кеңейту;
15) агогикамен жұмыс;
16) оркестрдегі ансамблдік ойнау дағдыларын бекіту;
17) қағаз бетінен оқу, тасымалдау (транспонирование), есту қабілеті бойынша іріктеудегі жеке өзін бақылау;
18) концерттік-байқаулық қызметтер, концерттік репертуарын жинақтау, сахналық мәдениетті дамыту.
409. Білім алушылар мамандық бойынша бітіру емтиханына арналған бағдарламаны дайындайды, ол төрт шығармадан тұрады – полифониялық шығармалар, ірі көлемдегі пьесалар, қазақтың халықтық әндері немесе Қазақстан композиторларының шығармаларын өңдеу және ыңғайластыру, сонымен қатар орындаушының таңдауы бойынша пьеса.
410. Бітіру бағдарламасы білім алушы өзінің орындаушылық мүмкіндіктерін, аспапты игеру деңгейін, музыканың әртүрлі жанрлары мен снақыштарында бағдарлана алу біліктілігі, сонымен қатар сахналық мәдениетін көрсете алатындай болып қалыптастырылады.
411. Бітіру емтиханы қолданыстағы оқу жоспарына сәйкес өткізіледі. Қорытынды аттестаттау білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.
412. Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау. Педагог белгіленген көркемдік-техникалық дағдыларды меңгерудің бірізділігі мен көлемін білім алушылардың жеке музыкалық және шығармашылық мүмкіндік деңгейіне байланысты айқындайды.
413. Оқу жылы бойы 2-ші сыныптан (5) 7-сыныпқа дейінгі білім алушылар кемінде 4 этюд, 4 гамма және 10 көркем шығарманы үйренеді.
414. Білім алушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейін тексеру бақылаудың төмендегі түрлері арқылы ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау арқылы іске асырылады:
1) алдын-ала: білім алушының мүмкіндіктерін диагностикалау;
2) әр сабақта жұмыстарын бағалау;
3) бақылау сабағы;
4) техникалық сынақ (1 және 3 тоқсан аяғында 2-сыныптан бастап);
5) академиялық концерт, баға қою арқылы (2,4-тоқсанның аяғында);
6) көпшілік алдында (концерттік-байқаулық қызметтер);
7) мамандық бойынша бітіру емтихандары.
415. Дайындық сыныбындағы және 1-сыныптағы білім алушылар өз тілегі бойынша 1 пьесаны (2 тоқсанының аяғында) және міндетті түрде 4 тоқсанның аяғында 2 пьеса.
416. Бақылау сабағы. Әр тоқсанның соңында және сабақ өту барысында білім алушылардың музыкалық аспапта орындау техникасы, нота кітабы бойынша шығармаларды талдау, есту қабілеті бойынша музыканы орындауы тексеріледі.
417. Техникалық сынақтар 2-сыныптан бастап өткізіледі. 3-сыныптан бастап басқа үйренген орындау дағдылары тексеріледі.
418. Бақылау сабақтарында музыкалық материалдар нотамен орындалады. Арнайы аспап бақылау сабақтарында білім алушылардың білімдері, үйренген орындау дағдылары тексеріледі. Көпшілік қауымның алдында немесе концерттерге қатысуға қажетті емес. Бақылау жұмысты өткізу барысында білім алушының шеберлік дәрежесі, өзіндік жұмыс орындауы, нота кітабы бойынша шығармаларды талдау, есту қабілеті бойынша музыканы орындау, академиялық концерттерге, сыныптан сыныпқа көшу және мектеп бітірушілердің емтихандарға дайындығы тексеріледі.
419. Бақылау сабақтардың соңында білім алушының музыкалық аспапта орындаған шығармалары талқыланып ұсыныстар айтылады.
420. Педагог білім алушылардың дайындығына, орындаушылық шеберлігіне, үйрену уәждемесін арттыруына байланысты бақылау сабақтарын тоқсан бойындағы кез келген уақытта өткізіледі.
421. Техникалық сынақ. Техникалық сынақты өткізу кезінде білім алушының баян аспабында орындау шеберлігі (техникасы) тексеріледі: мажорлық және минорлық гамма, арпеджионың екі түрі (ұзақ, қысқа), 3-4 дыбысты үндестіктер тізбегі (аккордтар), әр түрлі техникалық талаптарға байланысты екі этюд орындалады. Қойылған талаптары бойынша, этюдтерді талдаудың бірнеше түрлері бар: талдау, нота парағы бойынша орындау, техникалық сынақта тапсыру.
422. Баға қойылатын академиялық концерт, емтихан: орындалатын (екі-үш әртүлі нақыш, жанр, дәуірдегі екі-үш шығарма) музыкалық көркем шығарма. Байқауларға, іріктеу тыңдауларға, концерттерге қатысқан білім алушылар академиялық концерттерден босатылады.
423. Білім алушының жылдық бағасы жыл бойындағы алған бағаларына қатысты болып қорытындыланады: сынып жұмысы, үй жұмысы, бақылау сабақтар, техникалық сынақ, академиялық концерт, сонымен қатар концерт пен байқауларға қатынасқаны.
424. Білім алушының білімін жыл бойғы тексерулердің талабы.
1) Қазан айы – техникалық сынақ, 2-сыныптан бастап (2 этюд әр түрлі орындаушылық техникаға байланысты, 1 этюдтың орнына тез орындалатын музыкалық шығармамен ауыстырып орындауға болады, 1 гамма, арпеджио, үндестік (аккорд) сынып бойынша техникалық талаптарға байланысты).
2) Желтоқсан айы – 1-сыныптан бастап, сынақ (2 әр көңіл күйдегі музыкалық шығарма, оның ішіндегі біреуі Қазақстан композиторларының шығармасы немесе өңделген қазақ халық әні)
3) Наурыз айы – 2-сыныптан бастап техникалық сынақ (1 мажорлық гамма, 3- сыныптан 1 минорлық гамма, 1 этюд).
4) Мамыр айы – 2-сыныптан 7-сыныпқа дейін академиялық концерт (2 әр көңіл күйдегі музыкалық шығарма, 3-сыныптан бастап оның ішіндегі біреуі полифониялық шығарма немесе полифониялық үлгісі бар музыкалық шығарма, 1-сыныпта әр көңіл күйдегі 2 музыкалық шығарма.
425. Мектеп бітіруші түлектер емтиханда 4 музыкалық шығарма орындайды. Оның ішінде: полифониялық шығарма немесе полифониялық үлгісі бар музыкалық шығарма, кең көлемді музыкалық шығарма (концерт немесе вариация), Қазақстан композиторларының шығармасы немесе өңделген қазақ халық әні, сонымен қатар білім алушының еркі бойынша дайындаған музыкалық шығарма орындалады.
426. Оқу жылының ішінде мектеп бітірушілер бірініші жартыжылдықтың соңында және үшінші тоқсанның соңында барлық шығармаларды жатқа орындап, педагогтерден кеңес алып, ұсыныстарын тыңдап соңғы емтиханда музыкалық шығармаларын үздік орындауға тырысады.
427. Білім алушылар концерттерге, байқауларға қатынасып өз орындаушылық шеберлігін арттырады. Білім алушылардың қатынасқан концерттері академиялық концертте орындағанмен тең.
428. Бағалау өлшемдері. Білім алушылардың жеке сабақтарда, емтиханда, академиялық концерттерде алған бағалары бес баллдық жүйе бойынша бағаланады.
429. Білім алушылардың орындау шеберлігі сыныптан сыныпқа көшкен сайын артады. Сондықтан да бағаны қойғанда педагог білім алушылардың музыкалық шығарманы шебер орындауына, шығарманың көңіл күйін көрсете алғанына, техникалық жағынан кәсіптік орындауды игеруіне байланысты.
430. Білім алушылармен жұмыс істеу кезеңдері. Оқу-тәрбие жұмыстарын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1) білім алушымен танысу, педагог мен білім алушы арасындағы достық қарым-қатынастың пайда болуы (сенушілік, жолдастық), денені еркін ұстау, психологиялық жағымды ахуалды туғызу (білім алушының психологиясын зерттеу, жағымсыз эмоцияларды жеңу).
2) білім алушыларда бастапқы орындаушылық қабілеттерді қалыптастыру.
3) білім алушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту: алған білімдерін жинақтау және қорытындылау, орындаушылық техникасын жетілдіру.
431. Репертуар білім алушыларға орындауға ыңғайлы, түсінікті, қызықты әр түрлі жанр, қазақ, орыс, шетел, қазіргі заманғы композиторлар мен мультфильм, балаларға арналған кинофильм және халық музыкасы шығармаларынан құралыстырылады.
432. Сонымен қатар педагог қазақ халық әндері мен күйлердің өңделген шығармалардың саздың, ырғақтың, әуеннің ерекшеліктерін талдап орындауға тапсырма береді.
433. Тәжірибелік музыкалық-педагогикалық материалдың ерекше түрлерінің бірі баянда ойнауға оқыту үдерісінде қолданылатын музыкалық шығарманың бірі – этюд болып табылады, этюдты таңдауда оның көркемдік, және де техникалық маңыздылығын ескеру қажет.
Құрылымы мен мазмұнына қатысты, этюдты орындаудың бірнеше түрі мен мақсаттары бар: талдау, нота парағы бойынша орындау, техникалық сынақта орындау. Этюдты орындаудың техникалық орындаушылықты жетілдірумен қатар, аспапты дұрыс ұстап отыру дағдыларын қалыптастыру ғана емес, ойнау аппаратының қозғалғыштығы мен икемділігін дамытуға да көңіл бөліну қажет.
434. Нотаны қағаз бетінен оқу техникасы 1-сыныптан 5-сыныпқа дейін оқыту және педагогпен жүйелі түрде қадағаланып отырылады. Нотаны қағаз бетінен оқу дағдысын қарапайым пьесаларды бір қолымен орындау арқылы зерделеуден басталады. Кейінгі сыныптарда екі қолымен бір уақытта орындауға дағдыланады.
435. Нота бойынша орындалатын шығармалар орындайтын шығармалардың репертуары қызықты, орындаушылық қабілеттеріне байланысты болып іріктелінеді (пьесаның күрделілік дәрежесіне қарай 1, 2-сыныпқа төмен болуы мүмкін).
436. Нота бойынша шығармаларды талдаудың алдында ауызша талдау – мақамды анықтау (кілт белгілері-альтерация), көлем, екпін және шығарманың сипаты, серпінділік белгілері және агогика (шығарманың ішіндегі жылдамдық өзгерістері) анықталады.
437. Нота бойынша шығармаларды талдау жұмысын өткізу барысында, білім алушы ноталардан көзін алмай қарап орындауы қажет.
Нота бойынша шығармаларды талдау жұмысын ансамбль мен оркестрде жалғастыруға болады.
438. Дайын-таңдаулы баянда ойнауды үйрету.
Баян аспабының сол қол пернетақтасы іріктелген немесе (выборный или готово-выборный) дайын-таңдаулы болған жағдайда оны оң пернетақтаны қосарлана игеру арқылы іске асыру жөн.
Таңдаулы пернетақтаны меңгеруді осыған ұқсас аспаптың болмауына байланысты аспаптарда орындауды 3-ші сыныптан бастап жүзеге асыруға болады.
Таңдалған пернетақтада мажорлық және минорлық гаммаларды, ұзақ және қысқа арпеджио түрлерін, үндестіктерді үйренумен қатар білім алушылар полифониялық шығармаларды орындауды меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |