Залдың іші қысқы орманның көрінісін бейнелейтіндей безендірілген Балалар орман ішіне қойылған кедергілерден, қисық жолдардан өтіп, орындықтарға орналасады.
Жұмбақтар:Халық «қу» деп,
Қылған күлкі,
Айласы көп,
Бұл не?
Жаңғақ жауған орманда
Күндіз қорек айырып,
Жатады кеш болғанда
Өз құйрығын жамылып.
Үстің толған ине,
Бірің берсең, шіркін,
Қадар едім түйме.
Балалар орман ішінен түрлі кедергілерден өтіп, музыка әуенімен жүреді.
Түлкі
Тиын
Кірпі
-Балалар, біз қыста жаңа жыл мерекесін тойладық. Міне, қазір ескі жаңа жыл да келді. Өздерің білесіңдер, жаңа жыл ертегі ғажайыптарына толды.
Бізде ертеңгілікке қандай аңдар, ертегі кейіпкерлері келді?
Сол мерекені еске түсіріп, әрі қарай өзіміз аңдар болып айтысамыз, ойын ойнаймыз.
Музыка тыңдау: «Күлдіргіштер». (П.И. чайковский-орыстың ұлы композиторы, балаларға арнап көптеген шығармалар жазған. «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару» балеттері бар. Өзіміз жиі тыңдайтың «Ойыншық» солдаттар марышын осы кісі жазған. Адам
Осы көңілді күймен балаларды топқа бөліп, аңдардың айтысын бейнелеу.
Ән айту: «Аңдардың айтысы» (Р.Наурызбаева, Ш.Құлманова). Түлкінің әнін үйретіп, қимылдарын көрсету. Келесі топ аю әнін айтып, әнмен бірге қорбандап жүру. Тез, шапшан қимылмен балаларға Кірпі жүрісін көрсетіп, ән айтқызу. Аңдар хорын барлығы түгел айтады.
Би: «Қасқыр мен қояндар». Өткен сабақта үйренген көрініс биді жалғастыру.
Ойын: «Аю мен қояндар». Қояндар жеңіл музыка әуенімен көңілді секіріп жүріп, үйқыдан оянған аюдың музыкасы дыбысында қаша жөнеледі.
Балалар топтарға бөлініп, әр аңның әуенін үйреніп, сол аңға тән қимылды жасауға талпынады.
Өткен іс-әрекет кезінде бастап үйренген көрініс биді әрі қарай жалғастырып үйренеді.
-Бүгін бізде қандай аңдар қонақта болды?
-Қай аңдардың әнін орындадыңдар?
-Орманда өткен сабақ ұнады ма?
Қорытындылау, бағалау, аңдарды жақсы сомдаған балаларды марапаттау.
Балалар алған әсерлерін жауап беру арқылы жеткізеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әуенге сай аңдардың музыкасың ажырата біледі.
Меңгергеді: әр аңға тән музыка бойынша қимыл-қозғалыс дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы Күні:_____________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: «Ел қорғауға әзірміз»
Мақсаты: Балалардың патриоттық сезімін ояту, музыканың түрлі сипаттарын ажырата білуге дағдыландыру. Әнді таза айтуға, музыканы сезіне би қимылдарын жасай білуге дағдыландыру.
Сөздік жұмысы: әскери марш, жеңіс күні, мәңгілік алау.
Әрекет кезең
Дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әректі
Мотивацялық қозғау
шылық
«Балдырғандар маршы» (К.Қуатбаев) шығармасы ойналады. Орындарында тұрып жеңіл ырғақ түрімен билейді. Тәрбиеші балаларды Панфилов атындағы демалыс паркіне шақырады. «9 мамыр – Жеңіс күні» автобус көлігіне мініп баруды ұсынады. «Ел қорғауға әзірміз» (К.Қуатбаев, М. Әлімбаев) әнін бірге орындайық. Аялдамадан түскеннен кейін әскери марш ырғағымен жүреді. Бірнеше қатарға тұрып, әскерилердің қимылын көрсетеді.
Балалар музыка ырғағымен жұптасып жүруге, билеуге талпынады. Балалар бірінің артынан бірі жүріп, ырғақпен орындарына келеді. Балалар қатарласа жүріп мерекеге аттанады. Әнші ұл бала әнді мәнерлеп айтуға талпынады, балалар қайырмасына қосылып, әскери қимылдар жасауға тырысады.
Ұйым
дас
тыру
шылық- ізденіс тік
Тәрбиеші интерактивті тақта, суреттер арқылы Панфилов паркіндегі «Мәңгілік алау» басында жиналған соғыс ардагерлерін, әскерилерді көрсетеді.
Музыка тыңдау: «Жеңіс күні» әнін (Д.Тухманов, В.Харитонов) үнтаспада тыңдайды.
Балаларды елің қорғаған батырлармен таныстырады.
Би: «Катюша»әніне көңілдене билеуді ұсынады. «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қоюды көрсетеді. Бір минут үнсіз тұрып, соғыста қаза болғандарды еске алуды қайталайды.
Ән үйрету: «Момышұлы Бауыржан» (Е.Өміров, С.Тұрғынбеков) Ардагерге арнап «Сарбаздар» әніне (М.Жәуітов) билеп беруді ұсынады.
Балалар «Мәңгілік алау» басына ардагерлердің не үшін жиналғанын түсінуге талпынады. «Жеңіс күні» әнін тыңдайд. Бауыржан Момышұлы атындағы ұлдардың марш ырғағымен жүгіріп көрсеткен шеберліктеріне, «катюша» биіне қызыға қарайды.
«Мәңгілік алау » басына гүл шоқтарын қояды. «Сарбаздар» әніне билеуге тырысады.
-Қандай парікте болдық?
-Қандай әндер тыңдадыңдар?
-Қандай би ансамбльдерін білесіңдер?
Дидактикалық үлестірмелі ойын: «Жанырларды ажырат» Балаларға текшелер таратылып беріледі.
Панфилов паркінде «Жеңіс күні», «Момышұлы Бауыржан»
Балалар текше арқылы жанырларды ажырата білуге тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: музыканы тыңдап, ырғақтарды сезінуді.
Игереді: әскери музыкаларды тыңдап, жанырларды ажыратуды.
Меңгергеді: әскери музыканы тыңдап, қосыла ырғақпен билеуді.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы Күні:_____________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: Бағдаршам
Мақсаты: Музыканы тыңдап, сипаттарын ажырата білу. Әннің мәтінің дұрыс айтып үйрену.
Қолданылатын көрнекілі құралдар: бағдаршам, жаяулар өткелі, тең жолмен қиылыс, қауіпті бұрылыс, басты жол.
«амандасу жаттығуын» айтуды ұсынады. Б.Бейсенованың «Жол ережесі тәртібі» әнімен балаларды залдың бойымен екін жүруге, орындарында тұрып билеуге, өз орындарын табуға үйрету. Қимыл ырғақтарын әуенмен жасауды ұсынады. Қимылдан шатаспай есінде сақтау үшін сөзіне мән беріп, бірге қосыла айтып жасауға үйретеді.
-Бізге қонаққа Қасқыр келіпті. Ол жолдан өту ережесін білмей, сендерден көмек сұрап келіпті»,-деп, Ж.Қалжанованың «Қасқыр келді қалаға» көрінісін кейіпкерлендіріп, сахналауға шақырады.
Қасқыр: Еркін өсіп далада,
Келдім бүгін қалаға.
Қиналдым көше тәртібін
Кіргізе алмай санама.
Музыка әуенімен қимылдар жасайды.
Желаяқ: Бағдаршамға қараймын,
Қараймын мен таңдана.
Өшіп-жанған көзінің
Алмай сырың аңғара.
-Иә, Қасқыр, әлі күнге дейін жол тәртібің білмейсің бе? Жол жүрудің қадірін мен бес саусақтай білемін.(зуылдап жүгіріп өтеді)
Тұлпар: Крежесін көшенің
Шемішкедей шағамын.
Болмайма екен тұлпардай,
Баяу өте алатын.
Балалар «Амандасу жаттығуын» айтады. Би қимылдарын еркін жасауға, жүгіруге, орындарына тұруға, өз жұптарын табуға тырысады.
Әннің сөзің тыңдап, есіне сақтауға, шумақ қайырмасының қимылдарын білуге тырысады.
Желаяқ сөзін әнге салып айтуға тырысады. Желаяқ мақтаншақтың кейіпін сомдайды.Тұлпар өзінің сөзін әндете айтып, ойнайды. Жолмен өту ережесін көрсетеді.
Ұйым
дас
тыру
шылық- ізденіс тік
(ақырындап жүріп өтеді)
Қоян: Ой-ой, мына қасқырды
Көріп тұрмын тұңғыш рет.
Қайдан келген бұл өзі?
Қалалықтан емес бұл.
(Қасқыр қоянды көріп, артынан жүгіреді) Қоян: Әй, әй, Қасеке,
Не көріңді көзіңе!
Бағдаршамға қиылып,
Қараймын мен жымиып,
Сары көзі жанғанда,
Үлгеремін жүгіріп.
(қызыл да жанып үлгерді, артынан қасқыр жүгірді)
Арыстан: Әй, Қоян, бері кел, бері,
Әрі-бері жүгіре берме!
Ауылдан келген қасқырға
Үйрет мына ережені!
Қоян: Арыстан аға құп болады!
Тек қасқырға айтыңызшы,
Мені қуа бермесін,
Айтқанымды тыңдасын.
Арыстан: Кел бері, Қасқыр, қасыма,
Сенің құлағын -Қоянда,
Ал көзің бағдаршамда болсын!
Түсіңдің бе?
Қасқыр: Әй , Арыстан аға!
Қоянға күнім түсті ғой.
Амал қанша, қайтейін?
Қоян: (Ескерту белгісі)
Үшбұрыш қызыл көрінсе –
«Абайла, Қасқыр!»
(тыйым салу белгісі)
Дөңгелек қызыл шеңберде –
«Тоқтай қал, Қасқыр!»
(көрсеткіш белгісі)
Дөңгелек көк шеңбер ме –
«Жолыңыз ашық».
Түсіндің бе, Қасеке? Ха-ха-ха!
Қасқыр: Түсіндім, болды енді, ыржалақтай бермей! Арыстан кетер, күнімөзіме келер-р-р!
Арыстан: Жол тәртібін білейік,
Аман –есен жүрейік.
Қасқыр: Барар жерге асықпай,
Қоян: Аман есен жетейік.
Қоян қорқақтың рөлін ойнауға тырысады. Қасқыр қуып қоян қашуға талпынады. Қоян Қасқырға жол ережесін бұзбауын түсіндіреді.
Балалар жол ережесін естеріне сақтауға тырысады. Әндетіп , ырғақтан шықпауға тырысады. Қуаныш, өкініш, қорқыныш сезімін көрсетуге тырысады.
«Тоқта», «Жол ашық» белгілерін есте сақтауға тырысады.
Қолданылатын көрнекілі құралдар: герб, ту, гүлдер, жалауша.
Сөздік жұмысы: елім менің
Әрекет кезең
дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әректі
Мотивацялық қозғау
шылық
Қыздар гүлдермен, ұлдар жалаушалармен «Елім менің» әнімен музыка залына кіреді. Екінші шумағында ырғақпен оңға, солға тербетіледі. Алға, артқа аяқтарың қозғап, жалаушамен ырғақты сезінуін, қимылдауын ұсынады. Үшінші шумағында қыздар шеңбердің ішінде, ұлдар шеңбердің сыртыңда, қыздар оңға, ұлдар солға айналып жүреді, әннің соңында бәрі орнына келіп бітіреді.
Балалар бірінің артынан бірі кіріп, үш қатарға тұруға талпынады.
Балалар әнді тыңдап, ырғақпен қимылдарды жасауға тырысады.
Ұйым
дас
тыру
шылық- ізденіс тік
Тәрбиеші А. Сәрсековтың өлеңін мәнерлеп оқиды.
Аспандай мөлдірмін,
Жайлаудай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Бала: Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымен.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Басқа балалар жалғастырады. Жетекші балаларға тыңдаған, айтқан ән-шығармаларын еске түсіреді.
Музыка тыңдау: «Алатау» (Н.Тілендиев) әнін «Жігеттер» тобының орындауында тыңдауды ұсынады. Алдың ала дайындаған қыран құс, пырақтар шауып келіп тұрады. «елтаңба мен Ту туралы аңыз» қойылымын сомдап ойнауды ұсынады. Қойылымнан кейін «Елтаңбасы елімнің», «Қазақстан жалауы» әнін қайталаймыз. «Ата толғауы» күйіне қыздардың «Асатаяқ» биін
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Гимн айтылатын кезде тік тұрып, қолдарын көк
Рефлексия
лық түзету
шілік
билеуін ұсынады.
-Балалар қандай аңыздың қойылымын қайталадыңдар?
-«Алатау» әнін қай композитор жазды?
Ойын: «Шаңырақ». Балалардың жақсы қатысқанын айтып мадақтайды.
«Гимн және ту туралы аңыз» қойылымының рөлдерін ойнадық «алатау» әнін Н.Тілендиев жазды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Музыкадағы бейнелерді ажыратуды, әннің сергек сипатын, қимылын бере біледі.
Игереді: музыка ырғағымен асатаяқты ұстауды игереді.
Меңгергеді: музыка тыңдап, билеуді,қозғалуды, тоқтауды үйренеді.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы Күні:_____________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: «Менің туыстарым»
Мақсаты:Музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға, айырмашылықтарын ажыратуға үйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке, үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.
Қолданылатын көрнекілі құралдар: отбасындағы туыстар бейнелеген суреттер.
Сөздік жұмысы: алтыбақан
Әрекет кезең
дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әректі
Мотивацялық қозғау
шылық
«Кел, билейік» (В.Конорова) әуенінің ырғағына еркін би қимылдарын жасайды. Би барысында секіртпелі қимылды, ойын ауыстыру, бір қырымен бір аяқты келесі аяққа соға секіру қимылдарың қадағалау.
Санамақ айтып, көңілденуге шақырады.
Кел, санамақ санайық,
Саусақтарды даралап.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек –анам
Титтей бөбек – мен.
Отбасы туралы әңгімелесу. Туыстарына өлең тақпақтар арнау.
Атам маған әманда,
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
(А.Асылбек)
Мейірімді апалар,
Балалар одан бата алар.
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар.
Ойын: «Менің туыстарым».
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,
Балалар көтеріңкі көңіл күймен би қимылдарын еркін орындап, ырғақты сезіне билейді.
Шеңбер бойына тұрып, санамақты саусақтарымен көрсете, сөздерін анықтап айтады.
Ойын барысында өздері үйренген, білетін тақпақтарын, әндерін орындайды.
Бастаушы ортада тұрып, допты кез-келген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала отбасы немесе туыстары туралы өлең – тақпақ айтып, ән орындауына болады. Ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкіге баланыз.
Бізге қымбат күншуақ,
Бізге қымбат анамыз.
(Ф.Оңғарсынова)
-Ең сүйікті де, бізге ең жақын адам кім?
-Неліктен анамызды күнге теңейміз?
Музыка тыңдау: «Жан анам» (Е.Өміов, Қ.Жәленова). Композитор Е.Омаров туралы әңгімелеу. Шығармаларына тоқталу.
Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән».
Жаттығуды орындағанда терең тыныс алып, дауыстарының бір қалыпты шығуын қадағалау. «Анашым» жаттығуында «а» дауысты дыбысын ауызды «дөңгелете» айту тәсілімен айтқызу, таза айтуларына көңіл бөлу.
Ән үйрету: «Екеуміз әйбат баламыз» (И.Нүсіпбаев, О.Әубәкіров). Әнді орындап, сипаты мен көңіл күйі, мағынасы, мазмұны туралы сұрайды.
-Ән қалай орындалды?
-«Қаракөз» деген кім екен?
-Сеңдер аналарына қалай көмектесесіңдер?
Әннің мәтінін үйретіп, әуенін еске сақтау үшін ырғақты шапалақпен көрсетулерін сұрайды.
Оркестірде ойнау: «Айгөлек». Музыкалық аспаптар дауыстарының анық шығуын, ұстау тәсілін бақылайды.
білетін, жаттаған өлең-тақпақтарын, әндерін айтып, ойынды қызықты өткізуге тырысады.
Ана
Әнді тыңдап, нәзік әуезді сипатын ажыратады. Ән авторлары туралы естіп, біледі. Дауыс жаттығуын орындайды. Дауысты дыбыстарды таза, анық айтуға тырысады. Әннің ойнақы, жүрдек екпіні сезініп, ән мазмұнын түсініп орындауға тырысады.
Сұдыңрақтарға жауап беріп, өз ойларын жеткізеді. Ән әуенін үйреніп, сөзін жаттауға, ырғақпен әндетуге үйренеді.
-Туыстарымызды, ата – анамызды сыйлап, ардақтайық балалар!
Туыстарына, ата-аналарына арналған жылы лебіздерін қайталайды.
Балалар өлең жолдарын қайталап, жаттап алуға талпынады. Туыстарына сыйлықтарын дайындайды.