Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы Күні: Білім беру саласы



бет4/7
Дата08.06.2018
өлшемі198,78 Kb.
#41628
1   2   3   4   5   6   7

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Әннің сипатын қабылдау, ырғақтық бейнесі әуенге сай түрлі қимылдарды орындауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз беттерінше әуенге еркін қозғалуды, әнді нақышына келтіре орындауды, екі түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды, тыңдап секзінуді, әңгімелеуді.

Қандай түсініктерді игереді: Музыкаәуеніне сай, әртүрлі әуенді ажыратуды, салыстырудыжаңа әннің мәтіндік мағынасын түсінуді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: Шырша жыры.

Мақсаты: Әнді бірқалыпты табиғи дауыспен мәнерлеп айтуға үйрету. Музыкаға сәйкес қимылдап, билеуге дағдыландыру.

Әрект кезең

дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Мотивациялық қозғаушылық

Шеңбер бойымен жүріп, шаттық шеңберін жасау. Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.(З. Шүкіров)

-Балалар, айналаға көз салыңдаршы, қандай құбылысты байқадыңдар?


Шаттық шеңберін жасайды.

Өлеңді тыңдап, не туралы айтылғанын түсінеді.



Ұйымдастыр у -іздестіру

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс сендерге несімен ұнады?

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

-Балалар, бұл өлеңде жылдың қай мезгілі айтылып тұр.

Ән айту: «Шырша жыры»

Сөз: Ә. Дүйсенбиев

Ән: Л.Хамиден

Аппақ, аппақ,

Жапалақтап

Қар жауады тыңбастан

Қалың орман,

Қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан

О, алақай аяз ата!

Келе жатыр алыстан

Кел билейік, үйренейік

Ол келгенше жаңа жыр

Құтты болсың, құтты болсың

Құтты болсың, жаңа жыр.


Балалар жұмбақ –өлеңге жауап айтады.

Қыс көріністері туралы түсініктерін жеткізеді.

Қыс мезгілі


Әнді мәнеріне келтіріп, қатты айғайламай, бір – бірін тыңдап орындау.

Әуенді – ырғақты қимылдар: «Көңілді балалар» Балалар көңілді музыка әуенімен серіппе, екі қадам алға және артқа жүріп, аяқты 3 рет топылдатады. Қимылды ырғақпен бірге жасау. Әуенді бірнеше рет қайталап, қимылды есте сақтау.

Би: «Қояндар биі» (Билеп үйренейік) Би қимылдарын жинақтағы түсініктеме бойынша жасау. Қоян қимылдарын аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп жасау.






Рефлексиялық түзету

-Бүгінгі іс-әрекетімізде жылдың қай мезгілін айттық?

-Қандай ән үйрендік?

-Қандай іуенге қимылдар жасадық?

-Бидің аты қалай?

-Сендерге қай іс-әрекет бөлімі ұнады?


Балала қыс туралы білгендерінше жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс көріністерін суреттеп айта білулері керек.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: зырлайды сөздерін түсінеді.

Қандай түсініктерді игереді: Би қимылдарын, әуенге ілесіп ырғақпен қимыл жасау дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: Атамекен.

Мақсаты: Әнді бірқалыпты табиғи дауыспен мәнерлеп айтуға үйрету. Музыкаға сәйкес қимылдап, билеуге дағдыландыру.


Әрект кезең

Дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Себептік ынталандыру

Шеңбер бойымен жүріп, шаттық шеңберін жасау. Ай жапырақ сары алтын,

Айналамның бәрі алтын.

Қуандырып біздерді,

Сары алтын күз келді!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі сендерге ұнады ма?Ауа рай қандай?



Шаттық шеңберін жасайды.

Балалар күз туралы білгендерін әңгімелеп беруге тырысады.




Ұйымдастыр у -іздестіру

-Жұмбақ шешіңдерші:

Ағайынды бәрі,

Шықса көк,

Түссе сары.

Бұл не?

Би: «Жапырақтар» көңілді әуенмен би билейік.

Ән айту: «Атамекен»

1. Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білемін.

Қ-cы


Қайда жүрсен атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен

2. Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп қүлем

Күннің нұры айдың аппақ сәулесін

Қазағымның мәртебесі деп білемін.

Қ-cы-

Әнді музика жетекшісі айтып береді. Балалардан әнде не туралы айтылғанын сұрайды.



Шешуі: жапырақ

Күзгі жапырақтармен әуен ырғағына сәйкес қзғалыс, мәнерлі билейді.

Әннің не туралы айтылғанын ұғып, соған орй жауап береді.


Әннің мәтінін талдап, әуенімен қосылып үйренеді. Өткен әуендерді қайталайды. Әнді мәнеріне келтіріп, қатты айғайламай, бір – бірін тыңдап орындау.




Рефлексиялық түзету

-балалар, біз қандай жыл мезгілдері туралы айттық?

-Қандай аспаппен таныстық?

Қорытындылау.


Жалпы іс-әрекеттен алған әсерлерін айтуға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Әнді бір қалыпты мәнерлеп айтуды, тыңдаған шығармаларды қабылдап сезінуді, сипаттауды білу керек.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жомарт күз, алтын күз деген ұғымды игереді.

Қандай түсініктерді игереді: Әнді табиғи дауыспен рындайды. Шығармалардың мазмұнын сипаттай алады. Әуенге ілесе мәнерлі қимылдай біледі.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: Жау-жау жаңбыр.

Мақсаты: Ән, музыка арқылы күз көріністерін сезіне білуге, күз құбылыстарын ажырата білуге үйрету.

Көрнекілік: Күздің суреттері.


Әрект кезең

Дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Себептік ынталандыру

Шеңбер бойымен жүріп, шаттық шеңберін жасау. Күзім- ау, күзім -ау,

Мінезің бұзық- ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық- ау.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?


Шаттық шеңберін жасайды.




-Ауа рай қандай?

-Табиғатта қандай құбылыстарды байқадыңдар?

-Күзді қалай атауға болады.

-Күзде жауын көп жауып, күн суытады. Жемістер көкеністер піседі. Күзді көбінесе «Алтын күз», «Жомарт күз» деп атайды.



Ән айту: «Жау-жау жаңбыр»

Өлең: Ш.Сариев. Әнін: К. Дүйсенеев

Алатаудың бауырында,

Атам әжем ауылында.

Ақша бұлттар, ауа берші,

Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

Қ-сы


Бақыт блып жаушы, жаңбыр,

Менің әсем қалама

Бақыт болып жаушы, жаңбыр

Менің әсем қалама

Менің байтақ далама.

Алматыдай астанама,

Жасыл желек жас қалама

Бұлттар, бұлттар ауа берші

Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

Қ-сы


Балалар күз туралы білгендерін әңгімелеп беруге тырысады.

Әннің не туралы айтылғанын ұғып, соған орй жауап береді.

Балалар аспаппен танысып, қолдарына алып қызықтап, әуенге ілесіп ырғақпен сілкілеп ойнауға тырысады.


Ұйымдастыру -іздестіру

-Әнді музика жетекшісі айтып береді. Балалардан әнде не туралы айтылғанын сұрайды. Әннің мәтінін талдап, әуенімен қосылып үйренеді. Өткен әуендерді қайталайды. Әнді мәнеріне келтіріп, қатты айғайламай, бір – бірін тыңдап орындау.

Музыкалық аспаппен танысу.

-Сендер қазақтың киелі аспабы домбырамен танысасыңдар. Қазақтың ерте заманнан келе жатқан көне музыкалық аспабының бірі –асатаяқ.



Асатаяқ – ұрып ойналатын аспап. Оған әртүрлі сылдырмақты, қоныраулы әшекейлер қадайды. Музыка ырғағына қарай сілкілеп ойнайды. Асатаяқ ансамбльдегі басқа аспаптардың үнін көркемдеп, көріктендіреді.

Музыкалық аспапта ойнау: «Жау-жау

Балалар кезекпен шығып, әуенге ілесіп, жаңбыр».ырғақпен сілкілеп ойнайды.






Рефлексиялық түзету

-балалар, біз қандай жыл мезгілдері туралы айттық?

-Қандай аспаппен таныстық?

Қорытындылау.


Жалпы іс-әрекеттен алған әсерлерін айтуға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: күз құбылыстарын білу керек.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жомарт күз, алтын күз, асатаяқ деген ұғымды игереді.

Қандай түсініктерді игереді: музыкаға ілесіп, ырғақпен аспапта ойнау дағдыларын меңгереді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балаларды ертегіні түсіне отырып, кейіпкерді сомдауға үйрету.

Көрнекілік: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің суреттері.


Әрект кезең

Дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Себептік ынталандыру

Шеңбер бойында жеңіл қыймылмен жүгіреді. Шаттық шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді. Жан әжемнің жанында

Тіпті рахат секілді.

Айтады ұйықтар алдыңда

Ертегіні не түрлі.

-Сендер қандай ертегі білесіндер?

-Оның ішінде қандай ертегіні жақсы көресіндер?

-Ал енді сол ертегіні еске түсірейікші.

-Қандай кейіпкерлер бар?

Музыка тыңдай отырып кейіпкерлердің қыймылын жасау.


Балалар музыка әуенімен жүреді, жүгіреді.
Ертегі туралы білгендерін айтуға тырысады. Музыка тыңдап, әр аңға тән жүрісін салады.




«Бауырсақ» ертегісін сахналауды ұсынады. Балалардың қалауы бойынша кейіпкерлерді бөлге бөлу.

-Баяғыда кемпір мен шал болыпты. Бірде шал кемпірінен бауырсақ пісіріп беруін

сұрапты. Күй ойналып ата мен әже әрі-бері жүріп, әженің қамыр илегенін көрсетіп, бауырсақты терезе алдына келтіреді.

-Жата-жата шаршаған бауырсақ терезеден домалап түсіп, қашады.

Музыка әуенімен секіреді, жүгіреді, қашады. Қоян (әндете, белгілі бір әуенге салып): Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ (әндете): Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым!

Ал сенен қашу, қоян,

Қыйын емес маған.

Бауырсақ қашып кетеді.

-Балалар, бауырсақ қояннан қашып кетті ғой. Кәне, бәріміз қоянның көңілін көтеріп,


Балалар өз қалаулары бойынша рөлдерді бөліп алады.

Әже рөлін сомдаған бала қамыр илеп, нан

пісіріп, оны терезе алдыңа қояды.

Бауырсақ жеңіл музыка әуеніне ілесіп домалайды. Қоян бауырсаққа қарсы жүріп, жейтінін байқатады.




Ұйымдастыру -іздестіру

«Қояндар биін» қосылып билейік.

Музыка ойналып қасқыр шығады. Қасқыр (әндете):Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ (әндете): Сен мені жеме, мен өлең айтып беремін (әнін айтады).

Қасқыр аңтарылып қалады.

-Қасқыр, сен ренжіме, балалар сенімен ойын ойнап, көңіліңді көтермек.

Ойын: «Қасқыр қақпан».

Қасқыр түсті қақпанға

Жортып келе жатқанда.

«аяғым» деп шыңғырады,

Аяғымды сындырды.

Осы кезде қорбандап аю келеді, алдынан бауырсақ кездеседі. Аю (әндете): Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бапуырсақ әнін айтып қашып кетеді, Аю аузын ашып қалады.

-Аю, сен ренжіме, балалармен ойын ойнаймыз. Ойын: «Аю мен қояндар».

Түлкі (әндете): Мен сұлу түлкімін,

Жай өтпес бір күнім.

Ішінде жүремін,

Айғай-шу күлкінің.

Алдынан бауырсақ кездеседі.

Түлкі: Амансын ба, бауырсақ! (әндете) Қандай әдемі болып кеткенсің!

Бауырсақ әндетеді.

Түлкі: Құлағым естімейді, қайта айтшы.

-балалар, бауырсақты түлкі жеп қоймақшы, кәне бәріміз құтқарайық.Қалай құтқаруға болады?

-Түлкі, сен бауырсақты жеме, біз саған көңілді ән айтып береміз.

Ән: «Ертегілер»


Бауырсақ әнін айтып, қасқырдан қашып кетеді.

Балалар шеңберде жүріп өлеңді айтып, қасқыр ортаға аяғын ұстап қыймыл жасады.


Аю қорбаңдап әуенімен ән салады, бауырсақты кездестіреді.
Аю балалармен ойын ойнайды.
Түлкі қутыңдап келеді.

Бауырсақ әнін айтады.


Балалар бауырсақты түлкіден құтқарады.



Рефлексиялық түзету

Бүгінгі іс- әрекеттің қай бөлімі сендерге қатты ұнады?

-Қорытындылау, бағалау, марапаттау.



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балалар ертегіні сомдай, сахналай білу керек.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ертегіні сахналау дағдыларын.

Қандай түсініктерді игереді: рөлде ойнау дағдыларын

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Әуенсазына ілесе қыс көріністерін қыймыл – қозғалыспен бейнелей білуге баулу, әнді әсерлі етіп айтуға үйрету. .

Көрнекілік: Қыс туралы суреттер.

Сөздік жұмысы: шаңғы, шана..


Әрект кезең

Дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Себептік ынталандыру

Шеңбер бойында жеңіл қыймылмен жүгіреді. Шаттық шеңберін құрады.

Қыс келді, қыс мұз – қарлы,

Қыраулы да ызғарлы.

Қыс келді, қыс боранды,

Қырат көрпе оранды.

Қыс келді, қыс мықты анық,

Қайтсе де біз ықпадық.

Қыс келді, қыс уайым ба,

Қандық біздер ойынға!


Қыс туралы өлеңді ынтамен тыңдап, өлең туралы түсініктерін жеткізеді.




-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Өлеңде не туралы жазылған?

-Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?

-Қыс мезгілінің ұнайтын, ұнамайтын жақтарын атаңдар.

-Жақсы.

-Күн суық, қалың киінесіңдер. Жаман. Бірақ көңілді.



Музыка тыңдау: Вальс

-Музыканы көздеріңді жұмып отырып тыңдауға болады. Сендер мұндай музыкаларға қандай қимыл жасағыларың келеді.

-Мұздың үстінде қалықтап сырғанауға болады. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, жұбымен айналуға болады.

Өткен күндерді еске түсіріп, қайталау.



Балалар қыс туралы білгендерінше жауап береді.
-Қыста шаңғы, шанамен ойнаймыз.

Балалар алған әсерлерін жеткізуге тырысады.



Ұйымдас-тыру -іздестіру

Ән айту: «Қыс қызығы»

(И. Нүсіпбаев, Е. Өтетілеуүлы).

Әнді музыка жетекшісі орындап береді.

-Әнде не туралы айтылған?

-Қандай көңіл күйде?

Мәтінін әуенге қосылып үйрену.



Ойын: «Қасқыр мен көжек».

Музыканы тыңдай отырып,әр аңдарға тән музыканы ажырата білу. Жеңіл, көңілді көжектер қаһарлы да ашулы қасқыр музыкасы естілісімен қашуға дайын болу.



Би: «Қасқыр мен қояндар».

Көрініс би («Билеп үйренейік»).

Түсініктеме бойынша қимыл жасап, әуенді ырғақпен үйлестіре би қимылдарын жасау.


Әнді тыңдай отырып, қандай жыл мезгілі туралы айтылғанын әңгімелейді.

Музыка әуеніне ілесе отырып, әр аңға тән қимылдарды жасайды.

Жеңіл әуенге көжектер жеңіл секіреді, қасқыр музыкасында қашуға талпынады.



Рефлексиялық түзету

-Бүгін қандай жыл мезгілі туралы ән үйрендік?

-Ән сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі іс- әрекеттің қай бөлімі сендерге қатты ұнады?

-Қорытындылау, бағалау, марапаттау.



Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: музыканы, ырғақты, сезіну, сипаттарды ажырата білу керек.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ән айта біледі.

Қандай түсініктерді игереді: Музыкамен би қимылдарын жасауды, қол буындарын қимылдатуды, би үлгілерін қайталап көрсетуді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Гүлдене бер, Астана»

Мақсаты: Музыка ырғағын сезіну, түрлі сипаттарды ажырата білу, музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезіну. Әнді көңілді, ынталы орындауға төсілдіру.

Көрнекілік: дидактикалық үлестірмелі дөңгелектер.

Сөздік жұмысы: көңілді, жігерлі, сабырлы.

Әрект кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Себептік ынталандыру

Жетекші балаларды «Көңілді марш» ырғағымен күтіп алады.

Жаттықтырып денені,

Жаттығуды бастаймыз.

Бәр-екі, бір-екі,

Адымдап біз жүреміз, - деп «Музыка ырғағымен жаттығамыз» ырғақты қыймылдар жасайық. «Сәлемдесу жаттығуың» жалғастырады. Балалар пойызға отырып, Астанаға барып келейік. РЭП ырғағымен әндете:

Гүлдене бер, Астана!

Пыш, пыш, пыш, пыш.

Астанамыз – бас қала!

Гу-гу-гу-гу.

Жасай берсін кең дала !

Бір, екі, үш, төрт,

Тоқтатамыз пойызды,

Пыш, пыш, пыш, пыш.


Балалар әдеттегідей үренген ырғақтарымен дене жаттығуын жасауға талпынады.

Бәрі бірге қосылып сәлемдеседі.


Балалар пойызға отырып, өлең ырғағымен жаңа «рэп» қыймылдарын жасауға, сөздерді бірге қайталауға тырысады.




Балаларға илюстатцияны пайдаланып (интерактивті тақтада) Астана туралы түсінік береді.

Музыка тыңдау: «Асқақтаған, Астана!»

(А. Әлиев, Н.Айтұлы) әнін тыңдайық. Әннің мазмұнына, әуеніне, ырғағына көңіл бөлейік.

-Астана қандай қала?

-Әннің сипатын ажырат?

Дидактикалық ойын: «Сипатын ажырат». Бала саны бойынша айналмалы дөңгелек


Балалар суретке немесе тақтаға қарап, Астана туралы қысқаша фильм көреді.

Балалар әнді тыңдайды. Астана - әдемі,жаңа қала. Шығармаларды тыңдап, сипаттарын

ажыратуға тырысады.

«Сәби қуанышы»-



Ұйымдас-тыру -іздестіру

таратып беріп, Қ. Құсайыновтың «Сәби қуанышы» шығармасын, «Асқақтаған, Астана!» әнін П. Чайковскийдің «Қазан» шығармасын тыңдап, айырмашылықтарың айтыңдар.

Дауыс жаттығуы: «Менің елім»

(Г. Абдрахманов) әнін бірнеше рет айту.



Ән үрету: «Бәйтерек» (Б.Әлімжан, Ж.Маханбетова).

Билеп үйренейік: «Қара жорға» балаларды тұрғызып, би қыймылдарын көрсетеді. Балалардың қыйалына байланысты би жарысын ұйымдастырылады

көңілді, «Асқақта, Астан!»-жігерлі, «Қазан»-сабырлы.

Әнді бірінші тыңдап алып, сұрақтарға жауап береді. Әнді анық айтуға, бірдей бастап бірге бітіруге тырысады.

Балалар өз орындарына тұрып, би қимылдарын қайталайды. Буындарын еркін қозғауға тырысады.


Рефлексиялық түзету

-Музыканы тыңдаған ұнай ма?

-Кім әнді жеке айтқысы келеді?

-Қандай композиторларды білесіндер?

-Келесі жолы барлық тыңдаған шығармаларды ажыратып жарысамыз.

-Сендер өте жақсы ән салып, би биледіңдер.

Балалардың жауаптар тыңдалады.


Каталог: uploads -> doc -> 0d7a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d7a -> Алғашқы тәрбие сағат тақырыбы: «Мен патриотпын»
0d7a -> Сабақтың тақырыбы: Сақ тайпаларының қоныстануы. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет