Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы Күні: Білім беру саласы



бет3/7
Дата08.06.2018
өлшемі198,78 Kb.
#41628
1   2   3   4   5   6   7

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Наурыз мерекесі –күн мен түннің теңелу, тавбиғаттың жанару мерекесі екенін.

Қандай түсініктерді игереді: қазақтың ұлттық тағамдары туралы түсініктерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: арқан тарту арқалы күш сынасу дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:_____________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Ана – өмір шырағы»

Мақсаты: Музыкалық шығармаларды салыстыруда талғампаздыққа баулу. Музыканың көмегі арқылы көңіл күйді сезініп, әңгімелей білуге, мимика түрінде көрсете алуға үйрету. Әртүрлі сипаттағы әуенді қимылмен көрсетуге, би қимылдарын есте сақтауға дағдыландыру. Музыкалық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуды жалғастыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: атақты суретшілердің шығармаларынан ана суреттері.

Алдың ала орындалатын жұмыстар: Ана туралы тақпақтар, қанатты сөздер.

Әрект кезең

дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Мотивациялық қозғаушылық

Вальс: «Билеп үйренейік» балалар би қимылын қайталап үйренеді. Еске сақтап, биді мәнерлеп орындау шеберліктерін ұштайды. Би элементтерін соңына дейін көрсетіп, бірге мәнерлеп билеулерін қадағалайды.

«Гүлдермен би» қимылдары үйретіледі.

Балалар мен ата- аналары туралы әңгіме айтып, өз сезімдері, ой-пікірлері туралы сұрайды. Суретшілердің әйел-ананы бейнелейтін суреттертерін көрсетеді, әңгімелейді.

Балаларға әртүрлі көңіл күйдегі аналардың бейнелерін атап айтуды сұрайды (қуанышты, салмақты, сабырлы, т.б.)

- ал сендердің аналарын қандай көңіл күйде жүреді?

- қуанғанда қандай болады?

- сендерге ренжігенде не істейді?

- сендерді еркелеткенде, жақсы көріп иіскегенде түрі қандай болады?

Балаларға мимика арқылы көрсетуді ұсынады.

Еркелеткен баласын,

Аман болшы, анашым.




Үйренген би қимылдарын әуенмен мәнерлеп билейді, өз шығармашылықтарын көрсетеді.
Гүлдермен би қимылдарын нәзік, жеңіл орындайды. Гүлдердің әсемдігін қимылменжеткізуге тырысады.

Атақшы суретшілердің еңбектерін тамашалап, эмоциялық бейнелерін салыстырады, әңгімелейді.


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мимикамен көрсетіп, бет- әлпетті өзгерте көңіл күй түрлерін өзгертеді.




Ұйымдастырушылық- ізденістік

Музыка тыңдау: «Аман болшы, анашым!»

- Бұл ән бәріміздің де аналарымызға арналған.

- Әннің көңіл күйі қандай?

- Сендерге ұнады ма?

Мазмұның әңгімелеуді сұрайды.
Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән», «Анашым». Терең тыныс алып, дыбыстардың біркелкі шығуына көңіл аудару. Таза айтуларын қадағалау.

Ән үйрену: «Анашым»

(Е. Хасанғалиев, А. Асылбек) орындалады. Балаларға ән мәтіні және әуені үйретіліді.

Өтпесін әр кеш құр,

Ойнаймыз оркестр!



Аспапта ойнау: «Айгөлек» әуеніне қоңырау, ұшбұрыш, бірнеше металлофон аспаптарында ойнауды жалғастырады. Әуеннің ырғағын сезіне, өз реттіліктерін сақтауын қадағалау.

«Өрнек» биінің эхлементтері қайталанып, еске сақтауға, мәнерлеп орындауға үйрету.



Әнді зейін қойып тыңдау, әсер алады. Нәзік әуенді сезініп, ойға батады.

Алған әсерлерән жеткізе айтып, әңгімелейді.


Жаттығуды көңілді, жайлары орындап, терция (ре І, фа І) ми, ля квартира интервалдарын таза орындауға жаттығады. Әнді тыңдап, нәзік, сазды әуенін сезіне қабылдайды. Әнді орындағанда әннің сипатын түсініп, оны өз эмоцияларымен көрсете біледі.

Металлофонда, қоңырау, ұшбұрышта реттілікпен үндестігін сақтай ойнайды.

Оркестірде ойнауға қызығушылықтары артып, көңілденеді.

Ұлттық би элементтерін үйреніп, мәнерлеп билеуге талпынады.



Рефлексиялық түзетушілік

Қимылдық ән- ойын: «Алтын қақпа».

Ойын шартын қатаң сақтап, шапшаң қимылдауға, жұптасып, қақпа жасап тұруға дағдыландыру.

- Өз аналарына қандай тілек айтасындар?

- Аналарыңа қандай мерекелік сыйлық ұсынасындар?

- «Ана- біздің гүліміз» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Менің сүйікті анам» тақырыбына өз аналарын бейнелеп, суретін салуға тапсырма беріледі.

Көрме ұйымдастырылады.


Ойынды ұйымшылдықпен, тату- бірлікпен белсене ойнайды, қызығушылықтары артады.

Ойларын жеткізе

әңгімелеп, сұрақтарға жауап береді.

Өз аналарына дайындайды. тілектерін, тақпақтарын









Мерекелік көңіл күймен шығады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: музыкалық шығармаларды тыңдап, салыстыру. Түрлі сипаттағы көңіл күйді ажырату, әнді таза, тембрін сезіне орындау.

Қандай түсініктерді игереді: әртүрлі көңіл күйді мимикамен көрсетуді. Би қимылдарын мәнерлеп көрсетуді, гүлдермен биді жеңіл, бірқалыпты билеуді, аспаптардың үндестігін естіп, бірге оркестрде ойнауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әнді таза орындап, эмоциясын көрсетуді, түрлі сипаттағы, ауыспалы әнді мәнерлеп айтуды.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:_____________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Біз өмірдің гүліміз» Ә.Дүйсенбиев

Мақсаты: Музыкаға қызығушылығын дамытуды жалғастыру. Музыкалық шығармашылыққа, қабілеттерін ұштауға баулу. Әуендік, динамикалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту. Би қимылдарына, ойын әрекеттеріне қатысу белсенділігін арттыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: Әр ұлттың суреттері

Әрект кезең

дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды «Күн шуағы» атты шаттық шеңберге тұрғызады.

Күлімде күн күлімде

Бүлдіршіндер қуансын

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн, біз –көңілді баламыз!

Қайырлы күн, біз сүйкімді баламыз!


Балалар шаттық шеңберіне тұрады, өлең шумақтарын қайталайды.

Ұйымдастыру -іздестіру

Әуенді –қимылды ойын: «Тату достар».

Балаларға әуенді тыңдап, өз ойларынан, таныс би қимылдарынан қарастыруға, еркін билеуге мүмкіндік береді.

-Кімнің қандай өнері бар?

-Кім билегенді ұнатады?

-Ал кім қалаған әнін орындап береді? – деген сұрақтар қойып, балаларға өз шығармашылықтарын, өнерлерін көрсетуді ұсынады.

Дауыс жаттығулары: Ән жаттығуында нүктелі нотаның орындалу ерекшелігіне, регистріне көңіл аудару. Дыбыс ұзақтықтарын көрсетуді қадағалау.

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз,

Біз тату достармыз,

Біз үнемі біргеміз.

Ән үйрену:«Біз өмірдің гүліміз» Ә.Дүйсенбиев Дауыс диапазондарын ескеріп, дикциясына көңіл бөледі. Сөздің анық айтылуын қадағалайды.


Әуенін сезіне жеңіл қозғалады.Өз ойларынан би құрастырып, мәнерлеп орындайды.
Дауыс жаттығуларын анық, таза орындайды. Дыбыс ұзақтығын шапалақтап көрсетеді.

Жаңа әуенді қуана қабылдап, әуеннің үйренеді. Сөздерін қайталап мағынасын







Зеңгір көктем, нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз

Жайнап өскен, жайдары өскен.

Біз өмірдің гүліміз

Бал достыққа, жолдастыққа,

Шақырады әніміз

Тыныштыққа нұр құшаққа

Бақыттымыз бәріміз.

Көңілді, ойнақы сипатына көңіл бөліп, мазмұнын қысқаша түсіндіреді. Әннің әуенін үйреніп, бірге қосыла айтуға икемдейді.


түсінеді.

Әннің ойнақы, көңілді сипатын сезініп, қосылып айтады.



Рефлексиялық түзету

Сергіту жаттығуы:

Ойна, ойна, ойнайық,

Биле, биле, билейік.

Ойын ойнап көңілді,

Қызыққа тоймайық!

Ойын: «Етек-етек». Ойын шартын қатаң сақтауларын қадағалау.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: дыбыс биіктігін, ұзақтығын ажыратуды. Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауды білу керек.

Қандай түсініктерді игереді: жаңа ән үйреніп, әуенін таза айтуды, дыбысталуын ажыратуды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: музыкалық шығармалар сипатын өз беттерінше ажыратуды, әнді, дауыс жаттығуларын мәнерлеп орындауды.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: Ақ әже

Мақсаты: Музыкалық сипаттағы сабырлы әуенді, ән мазмұнындағы көңіл күйді сезінуге талпындыру. Музыкадағы дыбыс биіктігін, ырғақты мәнерлілігін түсініп, ажыратуға үйрету. Ұлттық ою-өрнекті бейнелейтін би қимылдарын үйретіп, еске сақтауға дағдыландыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: Ұлттық ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар (сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы).

Алдын ала орындалатын жұмыстар: әже туралы әңгімелесу, «Менің әжем» тақырыбына сурет салу.

Сөздік жұмысы: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, сырмақ.

Әрект кезең

Дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Мотивациялық қозғаушылық

«Вальс» орындалып, балаларға жұптасып тұрып, өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасауды сұрайды. Әуен аяқталысымен отырып жайғасуды ұйымдастырады. «Менің әжем» атты суреттерді көрсетіп, өз әжелерімен таныстырады. Әжелеріне арналған өлең –тақпақтардан сайыс ұйымдастырылады.

1.Мейірімі –жел жібек,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп,

«Құлыным» деп құшады. (С.Мәуленов)

2.Құртпен майын жинаған,

Балаларға силаған.

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған (Х.Талғаров)


Жұптасу биінің қимылдарын қайталайды.

Өздері салған әжелерінің суретін көрсетіп, әжелеріне арнап жаттаған тақпақ, өлеңдерін, әндерін айтып, сайысқа түсіп, өз өнерлерін көрсетеді.



Ұйымдастыру -іздестіру

Ән үйрену: «Әже». Дауыс диапазондарын ескеріп, дикциясына көңіл бөледі. Сөздің анық айтылуын қадағалайды.

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен, кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Құртпен майын жинаған

Балаларға силаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған


Жаңа әуенді қуана қабылдап, әуеннің сипаты, көңіл күйі туралы әңгімелейді.

-Әже деген кім?

-Сенің әжен кімнің анасы?

-Сен әжеңді қалай қуантасың?

-«Әже» әнінде не туралы айтылған?

-Сипаты, көңіл күйі қандай?

-Әжемізден үйренгег ою-өрнектерімізді бимен көрсетейік. «Өрнек», «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз» би элементтерінің суреттері көрсетіледі.

-Енді би қимылы арқылы өрнектейік. Балаларға би элементтерін жалпы көрсетіп, қайталауларын қадағалайды. Алдын ала қиылып дайын тұрғаноюлардан текемет, сырмақ құрастыру.

Әуенді –қимылды ойын: «Сырмақ жасайық».

Саусақтарың майысып,

Ою-өрнек оямын.

Төрімізге жаятын,

Сырмақ жасап қоямын.


Сұрақтарға жауап беріп, өз әжелері туралы әңгімелейді.

Би элементтерін түсініп, суреттегі бейнеленген ою-өрнектерден ұқсастығын көріп, әсем көрсетуге тырысады.

Ою түрлерін атап көрсетеді.

Өз ептіліктерін, шеберліктерін көрсетіп, әуен ырғағын тыңдай жүріп, сырмақ жасайды.



Рефлексиялық түзету

Дидактикалық ойын: «Қай аспапта ойнаймын»

Ұлттық ішекті және үрмелі аспаптарды қолдану. Дауысың тыңдап, ажыратуын, үлестірмелі текшелерден тауып көрсетуді сұрайды.



Текшелерден аспаптарды дұрыс тауып көрсетуді үйренеді. Аспаптар дауысын естіп, түрлерін ажыратып айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Лирикалық сипаттағы әуендерді ажыратуды, дыбыс биіктігін анықтауды, ұлттық би қимылдарын билеуді, ою түрлерінесте сақтауды білу керек.

Қандай түсініктерді игереді: «Қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз» оюлар түрі мен би элеметтерін үйренеді, ән мазмұнындағы көңіл күйді сезінеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сабырлы әуенді созылта әндетеді, ырғақтың мәнерін түсінеді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: Бесік жыры

Мақсаты: Лирикалық сипаттағы әндерді орташа екпінмен, күш түсірмей әндете айтуға баулу және тембрін, динамикасын қабылдап сезінуге, тыныс шығармалар ырғағын сезіне, би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрену.

Қажетті құрал – жабдықтар: Қуыршақ, бесік.

Әрект кезең

дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Мотивациялық қозғаушылық

«Вальс» ырғағымен балаларға би қимылдарын қайталауды ұсынады. Аяқ ұшымен жеңіл жүгіру, қол ұстасып баяу тербетіліпу, айналу, орын ауыстыру қимылдарын бекітеді. Балаларды шеңбер бойымен отырғызады. Жұмбақ жасырып, шешулерін сұрайды.

-Тұрады ол әр үйде,

Жайлы орын сәбиге.

Шаңғы табан үйшік ол,

Тербететін, әрине.

Бұл не?



Балалар өздеріне таныс вальс қимылдарын еркін орындайды.
Ойлап тапқан би элементтерін қоса орындайды.

Балалар жұмбақты тыңдап шешуін табады.

Бесік


Ұйымдастыру -іздестіру

-Балалар, Әмина әжеміз бүгін немересі Айдананы бессікке салу рәсімін жасайды. «Бесік тойына» біз де қуыршақты бөлеп, бесікке салу рәсімін жасайық. Ортаға бесік әкелініп қойылады. Аршаның түтінімен бесікті аластап, тазарталық.

Алас, алас, баладан алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас.

Бісіміллә, келді міне иесі,

Көш пәлесі! – деп, аластап, бесікке қуыршақ «сәбиді» жатқызып, бөлеуді көрсетеді.

Бесікті тербетеді.

Ән айту: «Бесік жыры»

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.


Балалар«Бесік жырын» тыңдап, әннің сипаты туралы әңгімелейді.




Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін

Әлди-әлди, шырағым,

Көлге біткен құрағым,

Жапанға біткен тірегім,

Жаным менің жүрегім.

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Қонақ келсе, қой, бөпем,

Құйрығына той, бөпем!

-Бесік жыры қандай ән?

-Сендерге ұнады ма?

-Кішкене сәби ұйықтады. Оянып кетпесін, өте ақырын, жәй дауыспен айтайық, - деп ескертеді.

-Сәбиді ұйқтатар алдында «Бесік жырын» айтса, ұйқысы тәтті болады. Сәбиіміз тыныш ұйқтасын,-деп бесікті төрге апарып қояды.



Ойын: «Қандай аспап?»


Балалар апайларына қосылып айтады, дауыстарын баяу,ақырын шығарып айтуға тырысады.

Жаңа әннің лирикалық әуенін жеткізе әндетуге үйренеді.


Аспаптар атын атап айтады.



Рефлексиялық түзету

-«Бесік жырының» әуені қандай екен?

-Сәбиді ұйқтатарда қалай әндеткен дұрыс?

-Әминә әжеміз немересін бесікке қалай жатқызды?

Сұрақтар қоя арқылы оқу іс-әрекетінде өткен, үйренген материалдарды пысықтайды.



Балалар сұрақтарға көңілді жауап беріп, өз ризашылықтарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Әннің сипатын қабылдау, ырғақтық бейнесі әуенге сай түрлі қимылдарды орындауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дауысқа күш түсірмей әндетуді, динамикалық белгілеуді ажыратуды.

Қандай түсініктерді игереді: Ырғақты сезіне музыкалық әуенді тыңдап, сезінуді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: Чебурашка

Мақсаты: Музыкаға қызығушылығын дамытуды жалғастыру. Музыкалық шығармашылыққа, қабілеттерін ұштауға баулу. Әуендік, динамикалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту. Би қимылдарына, ойын әрекеттеріне қатысу белсенділігін арттыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: Қуыршақтар, ойыншықтар.

Әрект кезең

дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Мотивациялық қозғаушылық

Шеңбер бойымен жүріп, шаттық шеңберін жасау. Қанша бала, қанша қыз,

Бір шоқ гүлміз баршамыз.

Ойын-күлкі ордасы

Біздің балабақшамыз.

-Балабақша туралы қандай тақпақ өлең білесіндер?


Қол ұстасып, өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасайды.
Балабақша туралы, өз достары туралы білгендерін айтады.

Ұйымдастыр у -іздестіру

Балабақшада не үйренесіндер?

Өзі кішкентай,

Құлағы үлкен

Бұл кім?


Ән айту: «Чебурашка»

Чебурашка жолдасым,

Сен неге мұнайасын

Сен неге балмұздақ жемейсін

Кел бірге отырайық

Отырып ән шырқайық

Туған күн біз үшін көңілді.

Қ-сы


Мен тартамын сырнайымды

Бүкіл адам тыңдайды

Шіркін әттен туған күндер

Жиі болып тұрмайды.

Көгілдір тік ұшақпен

Сыйқыршы ұшып келет

Ол бізге көрсетеді кино

Құттықтап туған күнмен

Сыйлыққа көп балмұздақ

Қалдыруы мүмкін ол бізге

Қ-сы


Балалар жұмбақ –өлеңге жауап айтады.
Чебурашка

Әннің көңілді жарқын бейнесін сезініп, үйренеді.



Би: «Ойыншықтармен би» қимылдарын үйретеді. Қуыршықтарды бірге қозғап, қимылдарын бір қалыпты жасауға дағдыландырады.

Қуыршақтарды ұстап, би қимылдарын бірге мәнерлеп орындайды.

Рефлексиялық түзету

-Сендер барлық өнер түрін балабақшада үйренесіңдер?

-Қандай ән үйрендік?

-Сендерге балабақша ұнайды ма?

-Сүйікті ойыншығын не?

-Қандай өнер түрі ұнайды?

Жатқа білер дос атын,

Күнде бізді тосатын.

Балабақша –біздің үй,

Басымызды қосатын.


Балалар сұрақтарға көңілді жауап беріп, өз ризашылықтарын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет