Күтілетін нәтиже:
Біледі: шығармалардың айырмашылықтарын ажыратуды, әнді динамикасын сақтап орындауды.
Игереді: әнді әсерлене орындауды, ырғақтық динамикалық белгілерді қолдануды, ойын шарттарын сақтауды.
Меңгергеді: ән мазмұның тыңдап, әңгімелеуді, әуенге сәйкес мәнерлеп қозғалуды.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:_____________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: «Бақшадағы ән–сауық»
Мақсаты:Музыкаға қызығушылығын дамытуды жалғастыру. Музыкалық шығармашылыққа, қабілеттерін ұштауға баулу. Әуендік, динамикалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту. Би қимылдарына, ойын әрекеттеріне қатысу белсенділігін арттыру.
Қолданылатын көрнекілі құралдар: қуыршақтар, ойыншықтар, түрлі түсті шарлармен зал іші безендіріледі.
Сөздік жұмысы: қуыршақ мұны, жас дәуір, түлек.
Әрекет кезең
дері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әректі
|
Мотивацялық қозғау
шылық
|
«Біздің балабақша» (Б.Қыдырбаева, М. Әлімбаев) әні ойналып, балаларды залда қарсы алады. Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Ойын-күлкі ордасы
Біздің балабақшамыз!
Өлеңдерді айтып беріп, балаларға «Тату достар» (И. Штраус) әуеніне өз беттерінше би қимылдарын ойлап тауып, жұптасып билеуді ұсынады.
-Балабақша туралы қандай тақпақ өлең білесіңдер?
-Балабақшада не үйренесіңдер? – деген сұрақтар қою арқылы балабақша туралы әңгімелесу. Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
Бұл не?
Ойыншық қуыршақтарды алып, «Ойыншықтармен би» қимылдарын үйретеді. Қуыршақтарды бірге қозғап, қимылдарын бірқалыпты жасауға дағдыландырады.
Музыка тыңдау: «Қуыршақ мұңы» (Б.Жүсібәлиев) әуенің тыңдауды ұсынады. Әуенді тыңдап, сипаты туралы сұрайды. Қуыршақтары туралы әңгімелеп берулерін
|
Қол ұстасып, өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасайды.
Музыканың ширақ, ойнақы сипатын көрсете билейді.
Балабақша туралы тақпақ-өлеңдер айтады.
Өз балабақшасы, достары туралы әңгімелейді.
Қуыршақ
Қуыршақтарды ұстап, би қимылдарын бірге мәнерлеп орындайды.
«Қуыршақ мұны» -мұңды жабырқау. Әуенді тыңдап,сезінеді, мағынасын түсінеді,
|
Ұйым
дас
тыру
шылық- ізденіс тік
|
өтінеді. «Қуыршақтар әуенін» (М. Калганова) тыңдатып, екі әннің ерекшеліктерін сұрайды.
Дауыс жаттығуы: «Әлди әлди» және «Ән шырқайық» орындалады. Дикцияның анық айтылуы мен дауысты дыбыстарды ауызды «дөңгелете » айту әдісімен жаттықтыру.
Ән үйрету: «Жас дәуірдің түлегіміз» (Т.Жұмалиева, Е.Өтетілеуұлы) әнін орындап, мұқият тыңдауды ескертеді. Әннің мазмұнымен қысқаша таныстыру, көңілді, ойнақы әуеніне көңіл бөлу. Әнді үйреткенде сөздерді анық айтуына, бірге бастап, бірге аяқтауына назар аудару.
Ойын: «Алтын қақпа». Ойынның сөздерін жатқа айтып, бірдей қимылдап, ойын шартының орындалуын қадағалайды. Ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтайды.
Би: «Аққу» биінің негізгі елементтерін үйретіп, мәнерлеп орындауға дағдыландырады («Билеп үйренейік» жинағынан)
Әуенді –дидактикалық ойын: «Әуенді сағат» ойналады. Өткен оқу іс-әрекетіндегі әндер орындалып, тыңдалып, ән мәтініне сәйкес бейнеленген суретті сағат тілімен көрсету. «Әуенді сағат» үлестірмелі карточкасын барлық балаларға тарату. «Қошақан», «Чебурашка», «Шырша жыры», т.б әндер орындалады.
|
әңгімелейді. Ойнақы, жеңіл музыкаға қуыр
шақтарын қозғап би
летеді. Дауыс жатты ғуына қуыршақтарын ұйықтатып, әлдейлейді. Дауыстарын қатты және жай шығаруға дағдыланады. Әннің көңілді жарқын сипатын сезініп, үйренеді. Ырғағы мен динамикасын шапалақтап көрсету арқылы есте сақтайды.
Ойынды қызыға ойнап, ұйымшылдықпен, белсене араласады. Балалар шапшаң қозғалуға, тез қимылдауға, жүгіруге дағдыланады. «Құс қанаты», «құс тұмсық» би элементтерін үйренеді, мәнерлеп орындайды. Әндерді тыңдап, ажырата көрсетеді. Үйренген әндерін еске түсіріп, әуенді сағатта бейнел енген мазмұнына сәйкес суретті тауып көрсету.
|
Рефлексия
лық түзету
шілік
|
-Сендер барлық өнер түрін балабақшағы үйренесіңдер.
-Сендерге балабақша ұнай ма?
-Сүйікті ойыншығың не?
-Қандай өнер түрі ұнайды?
Жатқа білер дос атын,
Күнде бізді тосатын.
Балабақша – біздің үй,
Басымызды қосатын.
Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
|
Балабақша, достары туралы тақпақ, өлеңдер, ән айтып сайысқа түседі.
Балалар сұрақтар көңілді жауап беріп, өз ризашылықтарын білдіреді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әннің сипатын қадағалау, ырғақтық бейнесімен динамикасын дәл беру, әуенге сай түрлі қимылдарын орындауды.
Игереді: музыка сипатына сай, әртүрлі әуенді ажыратуды, салыстыруды, жаңа әннің мәтіндік және музыкалық мағынасын түсінуді, «құс қанаты», «құс тұмсық» би элементтерін.
Меңгергеді: өз беттерінше әуенге еркін қозғалуды, әнді нақышына келтіре орындауды, екі түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды, тыңдап сезінуді, әңгімелейді.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:_____________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: Күйші – композитор Н. Тілендев туралы түсінік беру. Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, әсерлі реңктерін ажырактуға баулу. Ондай би шығару іскерліктерің дамыту. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Құстарды қорғап, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілі құралдар: құстардың суреті, ойыншық құстар, құстар атрибуттары.
Сөздік жұмысы: аққу, көкек, бұлбұл.
Әрекет кезең
дері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әректі
|
Мотивацялық қозғау
шылық
|
Марш әуенімен кіріп, шеңбер бойымен тұруды ұйымдастырады.
Қолымызды жаяйық,
Құстай қанат қағайық.
Үнтаспадан әуен ойналып, құстардың қанат қағуын көрсете жеңіл жүгіруді ұсынады.
Көктем келіп шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай,
Құстар сайрап, Бақтар жайнап,
Гүл атты.
-Көктем мезгілі келіп, құстар да орала бастады. Ендеше құстар туралы жұмбақ шешейік.
Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді.
Өз атын өзі шақырады,
Сөйтіп күнді батырады.
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртың жояды.
|
Маршпен шеңбер бойымен жүгіреді., аяқтарың нық басады.
Құстардың қанатың көрсете, қолдарың екі жаққа созып, аяқ ұшымен жүгіреді. Бір орында айналады. Балалар тақпақты бірге қайталап, еске сақтауға тырысады.
Жұмбақтардың жауабын ойлана, қызыға шешіп табады.
Бұлбұл
Көкек
Тоқылдақ
|
Ұйым
дас
тыру
шылық- ізденіс тік
|
Көктемгі тоғайға серуенге шақырады. «Полька» әуені ырғағымен балаларға «тастан секіру», «шалшық судан аттау», «бөрене үстімен жүру» қимылдарың көрсетуді ұсынады.
Тоғай, тоғайғ көк тоғай,
Көк тоғайда көп торғай.
Тоғай іші қапырық,
Дем алайық отырып, - деп, балаларға отырып, жайғасуларың сұрайды.Үнтаспадан
|
Балалар әуен ырғағымен секіру, аттау қимылдарың көрсетеді, бірге жасайды.
Отырып дем алуға жайғасады. Құстың үнін естіп елеңдейді, қызығушылықпен
|
|
Құстар дауысы естіледі. Құстардың дауысың ажыратады.
Көктем, көктем, көктемде
Құстардың бәрі де
Әнші болып кеткен бе?
Бізде ән салайық,
Шығып алып бөктерге!
Ән үйрену: «Көктем» ( А.Жайымов, Қ.Сыдықов) әнің орындап, мәтінің түсіндіріп, әуенін үйретеді.
Дидактикалық ойын: «Не қалай шақырады?» Қарға,көкек, шымшық құстарының дауысын салады.
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Жердегі құстың серкесі,
Көктемгі құстың еркесі.
Бұл не?
Би: «Аққу» күйі (Н.Тілендиев). Күйдің көркемдігін, үндестігін сезініп, түсінулеріне ықпал етеді. «Аққу»күйіне қыздарға би қимылдары үйретіледі.
|
тыңдайды. Дауыстарың ажыратып, аттарын атап айтуға тырысады.
Ойын шартын сақтап, көңілді ойнап, қызығушылықтары артады.
Аққу құсы туралы біліп, суретін көрсетеді. Күйді тыңдап, әсер алады, қызығушылықтары оянады. Би элементерін нәзік, баяу көрсете, мәнерлеп билеуге талпынады, үйренеді.
|
Рефлексия
лық түзету
шілік
|
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
-Қандай құстың дауысың ұнатасың?
-Біздің аулда қандай құстар бар?
-Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күиші-композитор Н.Тілендиев туралы түсінік алу. Ән мәтінін түсініп, таза айту, мазмұның әңгімелеуді біледі.
Игереді: құстар туралы біліп, мағұлмат алады. «Көктем»әнін үйреніп, мазмұның түсінеді, «Аққу» биінің элементтерің игереді.
Меңгергеді: әннің музыкасын әндете айтуды, дұрыс тыныс алуды, өз мәнінде нақышына келтіре орындауды, құстардың дауысын ажырата алуды.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:_____________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат
Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қимылмен түрлі сипаттағы әуендерді көрсету. Ән айту, есту қабілеттерін әрі қарай дамыту. Классикалық музыкаға қызығушылығын арттыру, түсініп, әңгімелеуге дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекілі құралдар: скафандар, атрибуты, құрсаулар, ғарыш кемесін бейнелейтін суреттер. Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев
Сөздік жұмысы: ғарыш, ғарышкер, зымыран, Байқоңыр, скафандр
Әрекет кезең
дері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әректі
|
Мотивацялық қозғау
шылық
|
«Кел, билейік» ойнақы, көңілді әуеннің ырғағына бір аяқтан келесі аяққа жеңіл секіртпелі қимыл жасауды, бір қырымен аяқтарды бір-біріне тигізе секіру қимылдарың үйрету.
12сәуір-Ғарышкерлер күні екенің айтып, ғарыш бейнеленген суретті көрсетеді. Жетекші балаларды ғарышқа саяхатқа шақырады.
Сапар үшін келесі
Дайын ғарыш кемесі.
Бұған ертең мініп ап,
Айға барамыз зымырап. (А.Сопыбеков)
-Ғарышқа тек мықты, шымыр балалар ұша алады. Ал кәнекей, қазірден жаттығуға әзірленейік! – деп, жаттығулар жасауды ұсынады ( музыка жетекшінің таңдаумен).
|
Көңілді биді жеңіл, жұптаса билеп, би қимылдарын еркін жасайды. Өз беттерінше еркін билеп дағдыланады.
Ғарышкерлер туралы біліп, түсінік алады.
Дене жаттығуларын бірдей қимылдап жасайды. Әуен ырғағын сезіне қозғалып, мәнерлеп көрсетеді.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
-Міне, енді шынығып ұшуға дайынбыз.
Скафандрларын киіп, үшуға дайындық жасалады. Үнтаспадан «Ғарыш кемесінде» әуені ойналып, балаларға көздерің жұмып, «ұшу» қимылын ырғақты сезіне көрсетуді ұсынады.
-Міне, белгісіз планетаға тап болдық.
«Фантастикалық би» балаларға робыт қимылдарың өз беттерінше көрсетуді сұрайды.
-Балалар, сендер қай планетаға сапар шеккілерің келеді? (Ай, Юпитер,т.б)
-Айға ұшатың бала туралы ән айтып берейін
|
Әуенді тыңдап, ерекше үндерді естіп сезінеді.
Көзді жұмып, өздерің ғарыш кемесінде отырғандай сезінеді.
Қойылған сұрақтарға көңілдене жауап береді
|
|
Мұқият тыңдаңдар!
Музыка тыңдау: «Айды әперші, апатай!» (Е.Өміров, Ө. Тұрманжанов) әнін орындап береді. Әннің мәтінін, сипатын түсіне әңгімелеуді ұсынады.
-Ғарыш деген не?
-Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
-Ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?- деген сұрақтар қойып, толық мәлімет береді. Тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев суреттерін көрсетеді, мәлімет береді. Ғарыш айлағы Байқонырда орналасқан, алып зымырандар ғарышқа осы жерден ұшырылатынын түсіндіреді.Көкте ұшамын,
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Мұсабаев ағаның.
Даңқы көкке самғаған
Тоқтар аға, Гагарин
Салған жолды жалғаған.
-Батыр ағаларыңдай сендер де ғарышкер болғыларың келе ме?
Ән үйрету: «Ғарышкер боламыз» (С.Мұхамеджанов, Ш.Мұхамеджанов) әннің мәтінің түсіндіріп, әуеннін үйретеді.
Әуенді қимылды ойын: «Робыттар кемесінде» Үнтаспада робыттар қимылына сай әуен ойналы, балалар робыт қимылдарң көрсетеді. Әуен тоқтағанда, өз «кемелеріне» отырып үлгерулері тиіс.
Сурет салу: «Зымыран»немесе «Ғарышта» тақырыбына сурет сал.
|
Ғарышкерлер туралы мағұлмат алып, Байқоныр туралы біледі.
Тақпақты қайталап, еске сақтауға, жатқа айтуға үйретеді.
|
Рефлексия
лық түзету
шілік
|
«Кел, билейік» әуеніне көңілді би билеуді ұсынады. Таныс іуенге өздері би ойлап табуды, мәнерлеп билеуді ұсынады.
-Ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?
-Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
Балаларды мадақтап, белсене қатысқан балаларды атап өтеді.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әр сипаттағы шығармаларды тыңдауды, әуенді әңгімелей біледі.
Игереді:ғарыш, ғарышкерлер, ғарышкерлер айлағы туралы түсініп, түрлі сипаттағы әндерді анықтайды.
Меңгергеді: Шығарманы тыңдап мағынасың түсіндіре алуды.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:_____________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: Көктем әндері
Мақсаты: Музыкалық дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын білу. Көктемгі құстардың сайрағаның музыкада ажырата білу.
Қажетті құрал – жабдықтар: көктемдегі көріністер, қара торғай суреттері.
Сөздік жұмысы: Қараторғай, жыл құстары
Әрекет кезең
дері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әректі
|
Мотивацялық қозғау
шылық
|
Көктем көріністерін бейнелейтін суреттерді қызықтау. Жылы жақтан қайтқан құстардың, жылғаның суреттеріне қарап әңгіме құрастыру.
Сулар ағып жылғадан,
Құстар әнің жырлаған.
Бұлт айдары желбірейді,
Бұл мезгілді қалай» дейді?
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салады.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алады.
|
Балалар көктем көріністері бейнеленген суреттерді қызықтайды.
Балалар өлең не туралы екенін айтуға талпынады.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
-Балалар, бұл өлең жолдары қандай жыл мезгілің меңзеп тұр?
-Сеңдер қандай құбылыстарды байқадыңдар?
Музыка тыңдау: «Қараторғай» (Ақан сері)
-Көктем шыға жыл құстары да жылы жақтан атамекенге келе бастайды. Құстар сайрап, көктемгі көріністерге жан біткендей күйде болады. Көптеген әндер табиғатпен, тау-тас, өзен-сумен байланысты болса, енді біреулері табиғат аясында қанат қағып жүрген құстарды әнге қосады. Міне, сол әндердің бірі-осы ән. Құстың шырылдаған әнің үнге қосқан.
Ән айту: Өткен іс – әрекет кезінде айтқан әндерді еске түсіріп, қайталау. Ән айту кезіңде ережелерді еске түсіріп, демді иықты көтермей алып, бойды тік ұстау.
Ән үйрету: «Көктем» (Д. Гусинцев, Т.Исабеков).
|
Балалар әнді тыңдап, ән туралы өз түсініктерін айтуға тырысады.
Өткен әндерді естеріне түсіріп, қайталап айтады.
|
|
Бұл әнде де құстың келуің,өлкенің жаңаруын, жеміс ағаштардың бүршік атып гүлдеңген кезін жырлаған. Музыка жетекшісі әнді орындайды. Балалардан әннің мазмұның сұрайды. Мәтінді қайталап, әуенге қосылып үйрету.
Ойын: «Түлкі мен қаздар»
Диалог түрінде түлкі бастайды, қаздар жауап қайтарады. Түлкі қаздарды қуады, алдарынан күшік шығып, түлкіні қуып, қаздарды кері қайтарады.
Ойын өте көңілді ойналады.
Би: «Апатайым-ай» («Билеп үйренейік»). Түсініктеме бойынша қимылды үйреніп, әуенге ілесе би билеу.
|
Балалар жаңа әнмен танысып, ән туралы білгендерің ортаға салып, әнді үйренеді.
Балалар түлкі, қаздар және күшік болып үшке бөлініп, өз әуендерін орындай жүріп әрекет жасайды.
|
Рефлксия
лық түзетушілік
|
-Сонымен, бүгің қандай жыл мезгілі туралы әңгімеледік?
-Көктем туралы не білдіңдер?
-Бүіңгі іс-әрекеттің қай бөлімі сендерге қатты ұнады?
|
Көтеріңкі көңіл күймен сабақ аяқталады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Көктем құбылыстары, табиғат өзгерістьерің білу керек.
Қандай түсініктерді игереді: жыл құстары, қараторғай туралы түсініктерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үш түрлі музыкаға сай қимылдар жасау дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:_____________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: «Наурыз – жыл басы»
Мақсаты: Ұлттықрәсім туралы қарапайым түсінік қалыптастырып, сыйластық сезімін тәрбиелеу.
Көрнекілік: Наурыз дастарханы, ұлттық тағамдар, арқан
Сөздік жұмы: Наурыз көжеқұрт, жент, ірімшік, қонақкәде
Әрект кезең
дері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әректі
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Ортада дөңгелек үстел, үстінде құрт, ірімшік, жент, бауырсақ, т.б. Үстелдің жанында қазақша киінген ата мен әже отырады.
Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Көжесі көп, қыры көп,
Қандай жақсы наурыз. (Қ.Баянбай)
Ата мен әже балаларды қарсы алады.
|
Балалар дөңгелек үстел жанына келіп, ата мен әжеге сәлемдесіп, үстел айналасына орналасады.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
Балалар атамен, әжемен амандасады. Әже балалардан қандай мереке екенің сұрайды.
-Наурыз дегенді қалай түсінесіңдер?
-Наурызды халық қалай тойлайды?
-Наурызға қатысты қандай ырымдарды білесіңдер?
-Наурыз күн мен түн теңелген кез, ол күні ренжіскен адамдар бір-бірімен құшақ жайып, төс қағыстырып татуласады. Әр үйде дастархан жайылып, бір – бірінің үйіне қонаққа барады.
-Міне, алдарыңда қазақтың ұлттық тағамдары тұр. Жеті түрлі дәм салынып наурыз көже дайындалады.
Ата қонақкәде ретінде ән айтып береді.
Музыка тыңдау: «Ақ сиса» (Жаяу Мұса)
Ата әнді орындап болып, балаларға Мұсаның неліктен Жаяу Мұса атанғаның баяндап береді. Сол кездегі Байлардың кедейлерге жасаған зорлық-зомбылығын
әңгімелейді.
Ән үйрету: «Наурыз –жыл басы».
Музыка жетекшісі әнді орындайды. Ата мен
|
Балалар наурыз туралы білгендерін әңгімелейді. Наурызда бірНаурызда бір-біріне қонаққа бару керектігін, татуласу керектігің ұсынады.
Балалар ін туралы түсініктерің жеткізеді.
|
|
әжеге қарап үйренулерің сұрайды.
-Ән не туралы айтылған?
-Ән көңілді ме, әлде көңілсіз бе?
Әннің бірінші шумағын қайырмасымен үйрену.
Ата мен әжеге өткен әндерін орындап береді.
Ойын: «Арқан тартыс»
Ата өзімен бірге арқан ала келгенің айтады. Қазақтың ұлттық ойыны – арқан тартуды екі командаға бөліп ойнатады.
-«Міне, бүгін күн мен түн теңелді», -деп «Күн мен түн» ойының ұсынады.
|
Балалар жаңа әнді әуенімен айтуға, естеріне сақтауға тырысады.
Балалар екі командаға бөлініп, арқан тартысады.
|
Рефлексиялық түзетушілік
|
Ата мен әже балаларға ризашылығын білдіріп, мадақтап, қоштасып, үйлеріне қайтады.
|
Балалар алған көңілді әсерлерімен тарайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |