Санамақты балалар саусақтарынмен санайсындар.Қол қимылымен жасалады.Ал,санамақ санап көреміз. Санамақ
Өленің жазған И.Шұғаев
Әнің жазған С.Кәрімбаев
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы.
Ортан терек кезекші,
Шылдыр шүмек көмекші.
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Басбармағым-ағасы,
Балан үйрек – нағашы.
Ортан терек – атасы,
Шылдыр шүмек – анасы.
Шынашағым – қарлығаш,
Барлығына қарасан.
Бесеуіде бауырлас,
Ағайын,дос,ауылдас.
Әнді жаттау, оны түсіну,әнің нақышына келтіріп орындау.
Тәрбиешінің көмегімен қайталау арқылы жаттау.
Сергіту жаттығуы:
Санамақты саусақ арқылы қимылдатып жаттығу жасайды.
Рефлексивті -түзетушілік
Балалар сабақты қайталау арқылы қорытындылады.
Есте сақтау қабілетін дамыту.
Әнге қосылып айта алады.(санамақ санай алды).
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Әннің ырғағына қосылуды,санауды.
Қандай түсініктерді игереді: Сөзді толық айтуды ,саусақтарды санауды игердік.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні:_____________
Білім беру саласы: Шығармашылық,
Пәні: ән-күй сабағы.
Тақырыбы: Күй құдыреті.
Мақсаты: Қазақтын ұлттық төл аспабы домбыра туралы балаларға мағұлмат беру. Күй құдыретін балаларға ұғындыру. Күй атасы Құрманғазы туралы таныстыру. Балалардын музыкалық сезімдерін ояту. Есту қабілеті арқылы ой қатынасын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақтын халық аспабы домбыра. Құрманғазынын портіреті. «Ақсақ құлан» желісіне салынған суреттер.
Іс-әрекет кезендері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Ынталандыру
оятушы
Балаларды жылы жүзбен қарсы алып,шаттық шенберіне тұрғызып,сәттілік тілеп, сабақты бастаймын.
Балалар өз достарына сәттілік тілейді
Ұйымдастыру кезеңі
Біз бүгін халқымыздың төл аспабы – домбырамен танысқалы отырмыз. Қасиетті қара домбырадан шыққан үн талайлардың жүрек қылын қозғаған үн қатқандай әсерде қалдыратын болған.
Алдымен аспаптын өзімен танысайық. Домбыра екі бөліктен тұрады: мойны жінішке жазы және шынағы. Одан басқа екі ішегі бар,19-22-ге дейін пернелері,тиегі құлағы бар. Х.талғаров ағамыз домбыра туралы:
Құрманғазы,Тәтімбет,
Домбырамен сайраған
Жүрегіне от жақсын деп
Елге күйін арнаған.
Домбырамен сөйлеген
Махаббаты халқымның
Жігер беріп күй деген
Жарқырады алтын күн. –
Деген өлең жолдарынан көп мағына түсінуге болады! Біздің композитор аталарымыз ішкі құбылыстарын,қуаныштары мен қайғыларын осы күй арқылы беріп отырған. Бұл аспапта ән де орындауға болады.Әнді сүйемелдеп, қосылып ән айтуға болады.
Балалар бұл ертегіні жақсы біледі екенсіндер. Кербұға ханның жалғыз баласы аң аулауға шығады. Аң аулап жүріп құланды атады. Құлан өлмейді,ақсандап қалады. Қайта келіп Кербұға ханның баласын ашумен бір теуіп, мерт қылады. Хан бір жамандықтын болғанын сезеді. Халқына жариялап жар салып: «Кімде кім баламның қаралы хабарын жеткізсе,көмейіне ыстық қорғасын құямын», - дейді.
Ханның баласының өлгенін естіртуге бірде бір уәзірлері беттемейді. Сонымен елге бір күйші кісі келіп,болған мән - жайдын бәрін сол күйшіге айтады. Күйші домбырамен қайғылы хабарды естіртеді. Ашуға булыққан хан «өшір үнін» деп домбыраның шанағына қорғасын құйғызады.
(Құрманғазының «Ақсақ құлан» күйі орындалады).
Күйді шығарған Құрманғазы атамыз. Құрманғазы Бөкей хан ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Кішкентайынан мал баққан Құрманғазы қолынан кішкене домбырасын тастамаған. Уілдеген желдің, ұшқан құстың дыбыстарын салып, тартып ойнаған. Өсе келе өз жанынан күй шығарған. Күйлері екпінді,қайғылы,қайратты,қанатты. Сол кездің атқа мінерлері Құрманғазыны түрмеге жапқан. Бұндай өнер табиғатымызға жат деп қудалаған. «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Қайран шешем», «Сарыарқа», «Балбырауын»,т.б көптеген күйлер шығарған.
Құрманғазынын атында Алматыда көше бар. Ұлттық кансерватория және академиялықұлт аспаптар оркестірі де осы кісінің атында. Құрманғазы кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырды. Халықтын тұрмысын, ауыр соғысты,қазақтын кен даласын күй арқылы шебер суреттей білді. Домбырасын қартайған шағында Дина апмызға тарту етіп, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізуін өтінді. Дина Нүрпейісова сол атадан қалған өнерді біздіңзаманымызға жеткізіп,кеңес үкіметі кезінде бұл күйлерді нотаға түсірді. Енді міне, атадан балаға мұра болған күйлер бізге де келіп жетті. Мүмкін сендердін де араларыннан болашақта күйші шығып қалар.
Балалар мұқият тыңдап отырады.
-Иә білеміз.
-Ханның баласы туралы.
-Домбырамен
Рефлексивті түзету кезеңі
-Домбыра туралы кім өлең оқиды?(Домбырашы О.Асқар)
Ойыншыққа бұрын мен
Қызыққанда шығармын.
Қазір осы түріммен
Домбыраға құмармын.
Қолым жетпей мойнына
Қиналамын мен тегі,
Алып жатып қойныма,
Түсімдеде шертемін.
Үкі тақтым басына,
Күнде қолға аламын.
Әке домбырасына Өзім ие боламын.
Балалар өлеңді бірге қайталалап жаттайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: әннің ырғағына қосылу.
Нені игерді:.Өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыланады.
Нені біледі: Күйдің қалай қайдан пайда болатының біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні:_____________
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі: музыка
Тақырып: Жау-жау жаңбыр.
Мақсаты: музыканың шығармашылық іс-әрекеттін қарапайым,дағдыларын меңгеру.Әннің нақышына келтіріп айту. Әннің сөзін толық айтуын қадағалау. Көрнекілік: Суреттер, Үнтаспа.
Іс-әрекет кезең-дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең
Баланы сабаққа дайындау, жылулық шеңбер құру
.Жана сабақты түсіндіру, -балалар қазір жылдың қай мезгілі? Далада не жауып тұр?
-Жаңбыр жауған кезде біз қолымызға не ұстаймыз?Қол шатыр бізді жауыннан қорғайд екен.
«Жау, жаңбыр»
Әнін жазған;Е .Хасанғалиев
Сөзін жазған;С. Жиенбаев
Жаңғырып баулар бір,
Жау, жау жаңбыр, жаңбыр.
Төгіліп таудан нұр,
Жау,жау жаңбыр,жаңбыр.
Бір-біріне жылы тілек білдіру,(жақсы бол,ауырма, денің сау болсын)
-күз мезгілі.
-Жаңбыр жауып тұр.
-қол шатыр ұстаймыз.
Әнді жаттайды,
Оны түсініп, әннің нақышына келтіріп айтады.
Ұйымдастыру, іздену кезеңі
Салғасын таңда жыр,
Қауласын бауда гүл.
Жау жаңбыр, жау жаңбыр. Бірнеше рет қайталата отырып әнді жаттатамын.
Сергіту сәті: Жаңбыр - деген де саусағымыз бен жыбырлатып себелеп жауған жаңыр жасаймыз. Кенпір қосақ деген де қолымызды төбеге көтеріп айқастырып керілеміз.
Күн- дегенде қолдарымызды ашып жоғарыдан төмен сермейміз.
Дидактикалық ойын Жер, су ,ауа ойынын ойнату.
Тәрбиешінің көмегімен әнді жаттайды. Ойын арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады
Рефлексивті түзету кезеңі
Балаға сабақты қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Мақсаты: Әннің не туралы айтылатына түсінік беру.Музыканың шығармашылық іс-әрекеттін қарапайым, дағдыларын меңгеру. Әннің нақышына келтіріп айту. Әннің сөзін толық айтуын қадағалау.
Көрнекілік: Суреттер.
Іс-әрекет кезең-дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең
-Баланы сабаққа дайындау, жылулық шеңбер құру.
-Жана сабақты түсіндіру.
-балалар кімнің қуыршағы бар?
-Оның аты кім,кім деп атайсын?
- Сен оны жуындырасын ба?
-оған әдемі көйлек кигізесін бе?
Бір-біріне жылы тілек білдіру,(жақсы бол,ауырма, денің сау болсын)
Балалар қойған сұрақтарға қуана жауап береді.
Ұйымдастыру, іздену кезеңі
«Қуыршақ»
Әнін жазған: Ә.Бейсеуов
Сөзін жазған: Ә.Дүйсенбиев
Ай, қуыршақ,қуыршақ,
Жуынбайсың,жуынсақ.
Беті-қолдың батпағын,
Елең қылмай жатпағың.
Қашан адам боласын?!
Ай,қуыршақ,қуыршақ,
Біз қуырдақ қуырсақ,
Отырасың бұртиып,
Шікірейіп,шыртиып.
Қашан адам боласың?!
Ай,қуыршақ,қуыршақ,
Су әкелдеп қиылсақ,
Бетті теріс бұрасың,
Бедірейіп тұрасың.
Қашан адам боласын?!
Бірнеше рет қайталата отырып әнді жаттатамын.
Әнді жаттайды,
Оны түсініп, әннің нақышына келтіріп айтады.
Тәрбиешінің көмегімен әнді жаттайды.
Сергіту сәті: Қуыршағым тұршы,
Бетінді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы.
Дидактикалық ойын : «Ойыншықты атау».
Шарты: Атын ата,түсін түсте, үлкен-кішілігін ажырат.
-Балалар әрбір сөзді қыймыл көрсетіп жасайды.
- балалар қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексивті
түзету кезеңі
-Балалар бүгін біз кімге арналған өлеңмен таныстық.
-Балаға сабақты қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту
-Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Әуенді әндете айта білу керек.
Нені игерді: Әуенді ырғақты қимылдарды игереді.
Нені біледі: Қуыршақ әнін біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Күні:_______________
Білім беру саласы:Шығармашылық,
Бөлімі: ән-күй
Тақырып: «Әнші балапан».
Мақсаты: Әннің не туралы айтылатына түсінік беру.Музыканың шығармашылық іс-әрекеттін қарапайым, дағдыларын меңгеру. Әннің нақышына келтіріп айту. Әннің сөзін толық айтуын қадағалау.
Көрнекілік: Суреттер.
Іс-әрекет кезең-дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең
-Баланы сабаққа дайындау, жылулық шеңбер құру.
-Жана сабақты түсіндіру.
-балалар сендер әнші балапан әнін естідіндер ме?
-Оның авторы кім екенін білесіндер ме?
-Ол өлеңнін әнін кім жазғаның білесіндер ме?
Бір-біріне жылы тілек білдіру,(жақсы бол,ауырма, денің сау болсын)
Балалар қойған сұрақтарға қуана жауап береді.
Ұйымдастыру, іздену кезеңі
Әнші балапан
Сөзі – Құдайберген Қазыбекұлынікі.
Әні – Марат Омаровтікі.
Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата салтын ертеңге
Жеткізетін өздерің,
Жеткізетін өздерің!
Қайырмасы:
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан.
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан.
Бірнеше рет қайталата отырып әнді жаттатамын.
Сергіту сәті: «Балапандар»
-Қолдарын жоғары төмен,екі жаққа сермеу.
-Балапан сияқты секіру,мойындарын алға созып,қолдарын артқа жіберіп,су ішу.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық»
Шарты: Артық суретті тауып айтады.
-Оны түсініп, әннің нақышына келтіріп айтады.
Тәрбиешінің көмегімен әнді жаттайды.
-Балалар әрбір сөзді қыймыл көрсетіп жасайды.
- балалар қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексивті
түзету кезеңі
-Балалар бүгін біз кімнің өлеңмен таныстық. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-Балаға сабақты қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту
-Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Әуенді әндете айта білу керек.
Нені игерді: Әуенді ырғақты қимылдарды игереді.
Нені біледі: Әнші балапан әнін біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Күні:_______________
Білім беру саласы:Шығармашылық,
Бөлімі: ән-күй
Тақырып: «Пойыз» әні
Мақсаты: Әннің не туралы айтылатына түсінік беру.Музыканың шығармашылық іс-әрекеттін қарапайым, дағдыларын меңгеру. Әннің нақышына келтіріп айту. Әннің сөзін толық айтуын қадағалау.
Көрнекілік: Суреттер.
Іс-әрекет кезең-дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең
-Баланы сабаққа дайындау, жылулық шеңбер құру.
-Жана сабақты түсіндіру.
-балалар сендер Пойыз әнін естідіндер ме?
-Оның авторы кім екенін білесіндер ме?
-Ол өлеңнін әнін кім жазғаның білесіндер ме?
-Пойыз дегеніміз не?
-Ол қайда жүреді?
-Сендер оған мініп көрдіндер ме?
-Біздің ауылда пойыз бар ма?
Бір-біріне жылы тілек білдіру,(жақсы бол,ауырма, денің сау болсын)
Балалар қойған сұрақтарға қуана жауап береді.
Ұйымдастыру, іздену кезеңі
«Пойыз» әні
Сөзі – Ж.Смақовтікі
Әні – К.Қуатбаевтікі
Кәне, кімнің бойы ұзын?
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паровоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пыш-пыш, пыш-пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма бірің де,
Пыш-пыш, пыш-пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым тездеттік!
Бірнеше рет қайталата отырып әнді жаттатамын.
-Оны түсініп, әннің нақышына келтіріп айтады.
Тәрбиешінің көмегімен әнді жаттайды.
Сергіту сәті: «Пойыз»
-Балалар сап түзеп тұрады,Бір бала машинист болып, «Пойыз» әнін педагогтың көмегімен қайталап қимылмен айтады.
Дидактикалық ойын : «Не жоқ?».
Мақсаты: Балалардың зейінін,есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты:
Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші ойыншықтардың орнын ауыстырады немесе біреуін тығып қояды. Балалар жоқ ойыншықты тауып айтады.
-Балалар әрбір сөзді қыймыл көрсетіп жасайды.
- балалар қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексивті
түзету кезеңі
-Пойыз жүргізушісін қалай атайды?
-Балалар бүгін біз кімнің өлеңмен таныстық. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-Балаға сабақты қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту
-Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Әуенді әндете айта білу керек.
Нені игерді: Әуенді ырғақты қимылдарды игереді.
Нені біледі: Пойыз әнін біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні:_____________
Білім беру саласы:Шығармашылық,
Бөлімі: ән-күй
Тақырып: «Мен кішкентай баламын».
Мақсаты: Әннің не туралы айтылатына түсінік беру.Музыканың шығармашылық іс-әрекеттін қарапайым, дағдыларын меңгеру. Әннің нақышына келтіріп айту. Әннің сөзін толық айтуын қадағалау.
Көрнекілік: Суреттер.
Іс-әрекет кезең-дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең
-Баланы сабаққа дайындау, жылулық шеңбер құру.
- Жана сабақты түсіндіру.
-Балалар сендер қандай баласындар?
-Аналарына, апаларына,аталарына,
әкелеріне көмектесесіндер ме?
Қалай көмектесесіндер?
Бір-біріне жылы тілек білдіру,(жақсы бол,ауырма, денің сау болсын)
Балалар қойған сұрақтарға қуана жауап береді.
Ұйымдастыру, іздену кезеңі
Мен кішкентай баламын
Мен кішкентай баламын
Айтқан тілді аламын
Апам нанға кеткенде
Үйде жалғыз қаламын
Шкафтарды ашпаймын
Кітаптарды шашпаймын
Текшелерден үй жасап
Қызық ойын бастаймын.
Бірнеше рет қайталата отырып әнді жаттатамын.
Сергіту сәті: «Балақан»
Кіп-кішкентай балақан
Алға созып алақан,
Оңға,солға қарайды,
Саусақтарын санайды.
Ей,балақан,балақан,
Неге создың алақан?
Кел,шапалақ ойнайық,
-Оны түсініп, әннің нақышына келтіріп айтады.
Тәрбиешінің көмегімен әнді жаттайды.
-Балалар әрбір сөзді қыймыл көрсетіп жасайды.
Секіріп қол соғайық.
Дидактикалық ойын : «Өзіңді ата».
Мақсаты: Өзін құрбы құрдастар ұжымына таныстыру. Қарым – қатынас дағдысын қалыптастыру.
Барысы: Балаларға өзін таныстыру ұсынылады,өзінің атын айту.Өзін топта,үйде қалай еркелетіп атаған ұнайды соны айту керек.
- балалар қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексивті
түзету кезеңі
-Балалар бүгін біз кімнің өлеңмен таныстық. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-Балаға сабақты қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту