Биологиялық жас
деп жеке индивидуумның морфологиялық құрылымының және
оларға байланысты осы хроникалық жастың барлық популяциясының орташа деңгейіне
тән, өмірлік функциялық әрекетінің жеткен өсу деңгейін айтамыз (В. Г. Властовский,
1976). Кейбір, әсіресе, жиі ауыратын балаларда, биологиялық және хронологиялық жастар
сәйкес келмеуі мүмкін. Көбіне өсуі тежелген (тоқыраған), жыныстық жіктелуі тоқыраған
және бұзылған балалардың биологиялық жасын анықтау қажет болады.
Бала организмінің даму қарқынында өзіне ғана тән айырмашылықтар болатын
болғандықтан, күнтізбелік және биологиялық жастардың арасында сәйкес келмеушілік
болуы мүмкін.
Биологиялық жас көрсеткіш иммунологиялық көрсеткіштерге сәйкес биохимиялық,
тері морфологиялық, функциялық, иммунологиялық болуы мүмкін. Олардың диагностика-
лық маңызы жасына сәйкес өзгеріп тұрады. Морфологиялық көрсеткіштерге «қаңқа
жетілуі» («сүйектік» жас), «тістің» жетілуі (тістердің шығуы және ауысуы), физикалық
даму деңгейі және дене пішінінің жетілуі (пропорция, дене пішіні), бірінші және екінші
жыныс белгілерінің дамуы жатады.
Биологиялық жастың функциялық шектері болып орталық және вегатативті нерв
жүйесінің тірек-қимыл аппаратының, кардиореспираторлы жүйенің жетілу деңгейін
көрсететін көрсеткіштер есептеледі.
Ең маңыздырақ көрсеткіштер болып гормондар және олардың метаболиттерінің
қандағы және зәрдегі деңгейлері, иммунологиялық көрсеткіштер мөлшері және т.б.
есептеледі.Кейбір балалар өз қатарларынан ерте жетіледі (акселераттар), ал кейбіреулері
қалыс қалады (ретарданттар). Яғни, бала күнтізбелік жасы бойынша балалық шақтың бір
кезеңінде болса, ал биологиялық жасы басқа кезеңде болуы мүмкін. Биологиялық және
күнтізбелік жастардың сәйкес келмеуі әртүрлі жағдайдан болуы мүмкін. Бір балаларда ол
конституциональды, тұқым қуалау ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншілерінде
патологиялық процесстерге байланысты болуы мүмкін. Яғни, әр жеке жағдайда
биологиялық жастың күнтізбелік жасқа сәйкес келмеуін дәрігерлер жеке талдауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |