Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


 ТУЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ДЕНЕ ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет133/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1.2.2. ТУЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ДЕНЕ ДАМУЫ
Дене дамуы туралы ғылым – балалық шақтың жастық анатомиясы мен физиология-
сының өзіндік фрагменті. Антропологтар мен спорттық медицина мамандары дене дамуы
дегенді «организмнің физикалық күш қорын анықтайтын, оның морфофункциональдық
қасиеттерінің кешені» деп түсінеді. Бұл анықтауда дене дамуы организмнің әрекеттік
қабілетінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Балаларда дене дамуы деген кең түсінік
болып келеді. Ең алғашқы болып морфофункциялық қасиеттер кешенінің баланың
биологиялық даму жасына қатынасып қамтиды. Бұндай жағдайда дене дамуын бағалау
даму метрологиясы, жастық атропология мен антропометрияның синонимы (баламасы)
болып қалады.
Екіншіден «дене дамуы» ұғымы бір мезгілдегі дамуды сипаттамайды, құбылыстың
әр мезгілдегі өзгерістерін анықтайды. Бұндай көзқараспен қарағанда дене дамуы дегеніміз
бала организмінде өсу барысында анықталатын дене мөлшерінің, тұлғаның, сыртқы
пішінінің, бұлшық ет күштерінің және әрекеттік қабылетінің өзгеруі.
Балалар дене дамуын бағалау әдістері төмендегідей: дене мөлшерлерін және
салмағын өлшеу (антропометрия немесе педометрия), тұлғасымен сыртқы пішінін қарап,
белгілерін суреттеу (соматоскопия), арнайы құрал-сайман динамометрмен жүргізілетін,
динамометрия, стептест немесе велоэргометрия көмегімен физикалық әрекеттік қабілетін
тексеру. Кейде бұл кешенге кейбір физиометриялық әрекеттік қабылетін тексеру кіреді.
Даму жылдамдығының өзгерістері біркелкі болмайды. Туғаннан 2–3 апта кейін, 11–
12 жастан соң (пубертатты даму қарқыны) байқалатын қарқынды даму жатады. Кейбір
балаларда 5–8 жаста «жарты ұзындық секіріс» байқалады. Жасқа байланысты
біркелкіліксізбен қатар жеке тканьдар мен мүшелердің өсу сипатының өзіндік қарқыны
туралыда айтуға болады. Көптеген тканьдармен мүшелердің өсуінің қарқындық сипаты
жоғарыда айтылған жастық өзгерістерге жақын немесе қанқаның дамуымен синхронды
болып келеді. Дегенмен, миға, бас сүйегіне, лимфоидты тканьдар мен репродуктивті
жүйелерге (ішкі және сыртқы жыныс мүшелері) тән өте ерекше сипаттар бар екені
байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет