Кішкене бала түрі (типі). Бірінші дөңгелектену немесе бірінші толықсу кезеңіне (1
– 3 жас) тән. Бет биіктігімен тұлға ұзындығының аяқ-қолдарға қарағанда шартты
басымдылығы сақталады. Бірақ индекстер аяқ ұзындығының созылуының басталғанын
көрсетеді. Аяқ-қолдар өзінің цилиндр тәріздес түрін сақтап қалады. Бірақ дистальды
бөлігі проксимальды бөлігіне қарағанда айқын кішірейеді. Қолдары санның жоғарғы 1/3
бөлігінің шетіне немесе санның ортасына жетеді. Тұлғаның формасы цилиндр тәрізді
болып, кеуде мен іштің айырмашылығы әлі айқындалмайды. Бірақ іштің шығып тұруы көп
білінбейді. Іш көлденең сызығы айқын білінеді. Бет рельефі терең емес, бет пішіні
дөңгелек, мұрын бет томпағынан шамалы шығып тұрады.