кеуде қуысының шеңбері 24–29 см, бас шеңбері 26–34 см болып келеді. Бұндай
балалардың анасында екі қабат кезінде көптеген «қауіпті» жағдайлар кездеседі.
«Ірі» дене салмақты балалар.
Бұл балалар салмағы туғанда 4 кг-нан артық болады.
Бұл балалардың анасында да екі қабат кезінде көптеген «қауіпті» жағдайлар кездеседі.
Мерзімінде туылған баланың алғашқы салмағы мен ұзындығына әлеуметтік-тұрмыс
факторлары, әсіресе,
әйелді қоршаған орта, оның ішінде жұмыс орны,
қай мерзімінде
демалысқа шыққаны әсер етеді. Анасының денсаулығы, әсіресе аяғы ауыр мезгілде, жүкті-
ліктің түрлі ауытқулары, тамақтану ережелерін, күн тәртібін орындауы да әсерін тигізеді.
Балалардың физикалық дамуын бағалау үшін соматоскопиялық, соматометриялық
(антропометриялық), физиометриялық (функциялық) көрсеткіштер қолданылады.
Соматоскопияда тері асты шел майының, бұлшық ет және сүйек компоненттерінің
даму
дәрежесін, кеуде қуысының, аяқ-қолдарының түрлерін,
эпигастральдық бұрыш
мөлшерін бағалайды. Соматископиялық тәсілмен соматиялық конституцияның түрін
бағалайды, дене пішінінің тепе-теңдігін (пропорциялығын) бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: