Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет147/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1.2.7.
ДЕНЕ ДАМУЫН БАҒАЛАУ
Жаңа туылған баланың денесінің дамуын бағалау үшін, оның антропометриялық
көрсеткіштерін гестациялық жасына байланысты болуға тиісті көрсеткіштерімен салысты-
рады. Содан соң 
салмақ-бой коэффициентін 
(СБК) анықтайды. Салмақ бой коэффициен-
ті немесе салмақ бой индексі (СБИ) Кетле I немесе Тур индексі деп те аталады.
СБК =
Бірінші 3–5 күнде жаңа туған баланың алғашқы 6–8% немесе 150–300г салмағы
кемиді. Бұндай салмақтың кемуі барлық балаларда кездеседі де, балалардың организмінде
ешқандай ауытқулар болмайды және болашақта баланың денесінің дамуына әсерін
тигізбейді. Сондықтан бұл процесс салмақтың физиологиялық төмендеуі деп аталады. 4–5
күннен бастап оның салмағы қайта өсіп, екінші аптаның соңына қарай салмағын қалпына
келтіреді. Біразырақ балаларда (әлсіз, емшекті ықылассыз аз еметін балалар) бастапқы өз
салмағын қуып жету мерзімі 15 күнге дейін созылуы мүмкін.
Дене салмағы алғашқы қалпына келген соң, тез өсе бастайды. Бір жасқа дейінгі
балалар неғұрлым жас болса, салмағының өсу қарқыны соғұрлым жоғары болады.
1.
Туғаннан кейінгі бірінші айда бала 600 г салмақ қосады. 2–3 айда 800 граммнан, 4
айда – 750 г, 5 айда – 700 г. Әрі қарай әр ай сайын 50 г кем қосып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет