Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1513/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1509   1510   1511   1512   1513   1514   1515   1516   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Күл ауруы
Мақсаты:
инфекцияның таралуына жол бермеу,науқас балаға жайлы жағдай
ұйымдастыру, асқынулардың дамуының алдын алу
Шаралардың жоспары
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына 
ауруы жөнінде мәлімет беру
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз 
етіледі
- Науқаспен және оның туыстарымен 
психологиялық- тәрбиелік жұмыс жүргізіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық 
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Науқасты клиникалық сауығуға 
дейін ВL-ге бактерияға себісінің нә-
тижесі теріс болғанға дейін оқшаулау
- Инфекция таралуының алдын алуын 
қамтамасыз етіледі 
3. Науқаспен қарым- қатынас кезінде 
бетперделік тәртіпті ұйымдастыру
- Инфекцияның ауа-тамшылы жолымен 
берілуіне жол берілмейді
4. Бөлменің үнемі желдетілуін, күніне
2 рет-тен кем емес ылғалды 
жинаудың жүргізілуін қадағлау
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың 
концентрациясы азаяды
- Ауа тазалығы қамтамасыз етіледі
5. Хлорлы режимді ұйымдастыру
- Леффлер таяқшалары сыртқы ортаға төзім ді, 
тұрмыстық заттарда ұзақ сақталуын мүмкін, 
соның нәтижесінде инфекция тұрмыстық заттар 
және «үшінші адам» арқылы берілуі мүмкін
6. Науқасқа дұрыс тамақтануды 
ұйымдастыру. Тағам болуы керек:
а) механикалық, химиялық, 
термикалық аяушылықпен
б) калийге бай
в) тұздар мен сұйықтықтың 
шектелуімен
г) В витаминіне бай тағамдарды көп 
мөлшерде пайдалану
Есте сақтаңыз
! Диета З апта көле-
мінде сақталуы тиіс (одан аз емес)
- аранның тітіркенуі азаяды (аранда 
жиі фибризонды жабынды болады)
- Калий жүректің қызметін жақсартады, бұл 
микробтың дамуына жол бермейді
- Бүйрек пен жүрекке түсетін жүктеме азаяды, 
осыған орай нефрит пен мокардит даму мүмкін-
дігі азаяды
- Парез бен салданудың дамуының алды алына-
ды, себебі, В тобының витмаминдері жүйке 
жүйесінің қызметін жақсартады
- Күлде аурудың басталуынан 1-3 апта ішінде 
ерте және кеш асқынулар дамуы мүмкін
7. Баланың 7-10 күн бойы қатаң төсек
тік режимдер сақтауын ұйымдасты-
рып қадағалау (баланы көтеріп жүру-
ге немесе төсегінде отырғызуға тиым 
салу қажет, емдеуге тамақтандыруға 
қатысты барлық шараларды жатқан 
қалыпта жасау керек.) Науқас 
жағдайының жақсаруына байланысты
біртіндеп кеңейтуді қамтамасыз ету
- Миокардит дамуы ескеріледі
8. Тері мен кілегей қабатының 
гигиенасын қадағалау
- Тері мен кілегей қабаттары күлде фибризоды 
қабықтың орналасатын жері
9. Еңбек пен демалысты ұйымдастыр-
ған кезде физикалық және эмоциялық
жүктемені шектеу
- Асқынулар дамуы ескеріледі
887


10. 3 апта бойы диурез бен несеп
сипатын бақылау 
- 1-3 апта ішінде күлдің асқынуы ретінде нефрит 
дамуы мүмкін
Жәншау
Мақсаты:
инфекцияның таралуына жол бермеу, науқас балаға жайлылық жағдай
жасауды ұйымдастыру, асқынулардың дамуының алдын алу
Шаралардың жоспары
Негіздеу
1.Науқасқа және оның туыстарына 
ауруы жөнінде мәлімет беру
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз 
етіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық 
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Науқасты 10 күнге оқшаулау (8 
жасқа дейінгі бала болса, онда 
берілген оқшаулау мерзіміне 12 күн 
«үй тәртібін» қосу)
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз 
етіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық
күтім шараларының мақсатын түсінеді
- Жәншауға көбінесе 7-8 жасқа дейінгі балалар 
шалдығады
3. Науқаспен қарым- қатынас кезінде
бетперделік тәртіпті ұйымдастыру
- Инфекцияның ауа тамшылы жолмен таралуына
жол берілмейді
4. Бөлменің үнемі желдетуін, күніне 
2 реттен кем емес ылғалды 
жинаудың жүргізілуін қадағалау
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың 
концентрациясы азаяды
- ауа тазалығы қамтамасыз етіледі
5. Хлорлы режді ұйымдастыру
- Стрептококк сыртқы ортада төзімді, 
тұрмыстық заттарда ұзақ сақталуы мүмкін, 
соның салдарынан инфекция тұрмыстық заттар 
және «үшінші адам» арқылы берілуі мұмкін
6. Науқастың дұрыс тамақтануын 
ұйымдастыру.Тағам болуы керек:
а) механикалық, химиялық, 
термикалық аяушылықпен.
б) Калийге бай
в) тұздар мен сұйықтықтың 
шектелуімен
г) облигатты аллергендердің 
болмауымен
Есте сақтаңыз!
Диета 3 апта көле-
мінде сақталуы тиіс (одан аз емес)
- Аранның тітіркенуі азаяды(«Баспасыз жәншау 
болмайды»)
- Калий жүректің қызметін жақсартады, бұл 
миокардиттің дамуына жол берілмейді
- Бүйрек пен жүрекке түсетін жүктеме азаяды, 
бұл миокардиттің дамуына жол бермейді
- Стрептококк организмнің аллергизациялануы-
на, жүрек пен бүйректің инфекциялық- аллергия-
лық ауруларының туындауына септігін тигізеді
- Аурудың басталуынан 1-3 апта ішінде инфек-
циялық аллергиялық асқынулар дамуы мүмкін
8. Ауыз қуысының гигиенасын 
қадағалау
- «Баспасыз скарлатина болмайды»
9. Еңбек пен демалысты 
ұйымдастырған кезде физикалық 
және эмоциаялық жүктемеі шектеу
- Асқынулар дамуын алдын алады
10. 3 апта бойы диурез бен несеп 
сипатын бақылау
- 1-3 апта ішінде күлдің асқынуы ретінде 
нефрит дмуы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1509   1510   1511   1512   1513   1514   1515   1516   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет