Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


,5–3,5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ



Pdf көрінісі
бет192/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2,5–3,5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Ұйқысы 12–12,5 сағатқа (күндіз бір рет 2,5 сағат) созылады. Баланың қимылы
неғұрлым икемдірек: секіреді, бір заттардың арасынан өтеді т. б. Өз бетінше жартылай
киінеді, жуынады, мұрнын сүртеді. Яғни, ырғақтық қимылдарды іске асырады. Алайда,
бұл жастағы балаларға үлкендер үнемі көмектесіп отыруы керек. Себебі, олар өз бетінше
бәрін аяғына дейін істей алмайды, басқа нәрсеге тез көңіл аударып, алаңдап кетеді.
Сөз. 
Өз бетінше сөйлей бастайды. «Бұл не?», «Қайда?», «Неге?», «Не үшін?» деген
сұрақтар туындайды. Бір мәнді сөзден неғұрлым күрделі сөздерге көшеді. Ойынның түрі
мен мағынасы өзгереді. Негізгі шарт жан-жағындағы үлкендердің шыдамдылықпен
әңгімелесіп, баламен сөздік қарым-қатынас жасауы.
Ойын. 
«Ойын дегеніміз 
– 
баланың өмірді тануына бағытталған жол» 
(М. Горький).
Бейнелеу ойындарында көбірек көңіл бөлінеді (қуыршақ, оны күту). 3 жастың соңында (үй
сала) бастайды, көбірек көңіл қояды (ұзақ ойнайды). Сурет салуы жиілейді. Баланың
ақыл-ойының дамуы бұл кезеңде қыдыру мен құбылыстарды еске түсіреді. 3 жаста қысқа
өлеңдер, әндерді еске сақтап қалады, әндетеді.
Үлкендермен араласқысы келеді. Ойын кезінде жақсы, тыныштық жағдайын жасау
керек, баланың алаңдап, басқа заттарға елеңдемегені дұрыс, бастаған ойнына
қызықтырып, мән бергізіп, ұзақ ойнатқан дұрыс.
Баламен жиі араласқан, сонымен қатар, олардың өзара дұрыс көз қарас, бір-біріне
жылы қабақпен қарауына әсерін тигізеді. Балаларға үнемі қызықты, әртүрлі жағымды
жағдай туғызатын жағдай жасаған дұрыс. Ол баланың ойлау қабілетін, ақыл-есінің
дамуына әсер етеді, сабағын күрделендіреді. Ересектер мен баланың арасындағы қарым-
қатынастың басым түрі: өзара жеке араласу, қарым-қатынас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет