Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ӘР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КҮН ТӘРТІБІ



Pdf көрінісі
бет193/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ӘР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КҮН ТӘРТІБІ
Тәрбиелеу әдістерін үйренбестен бұрын балалар мекемесінің ерекшеліктерін оқып-
үйрену керек.
Балалар үйі.
Ата-анасынан айырылған немесе әр түрлі себептермен ата-аналары
тәрбиелей алмайтын балалар тәрбиеленетін жабық түрлі мекемелер. Тәрбиеленетін
балалардың жасына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: Сәбилер үйі – 3 жасқа дейінгі
балалар тәрбиеленеді; Мектеп жасына дейінгі балалар үйі, мектеп жасындағы балалар үйі
болып бөлінуі мүмкін.
Сәбилер үйіне 
балалар көбіне перзентханадан ауыстырылады, көбісінің ауыр тұқым
қуалайтын аурулары бар, көпшілігі туылу кезінде зақымдалған болып келеді. Туылғаннан
бастап жасанды қоспалармен тамақтанады.
Балалар үйлерінде тәрбиелік жұмыстың өз ерекшеліктері және қиындықтары бар.
Олар негізінде от басының тәрбиелік ықпалының жоқшылығына, балалардың үнемі
ұжымдық ортада болып, күнделікті өмірінің бір сарынды, пікір әсерінің шектеліп келетін
өмір сүруіне байланысты болып келеді. Қалыптасу кезеңдегі карантин топтарының
ерекшеліктері одан да көп болып келеді.
Бала үнемі ұжым ортасында болғандықтан тез шаршайды, сондықтан оларды мезгіл-
мезгіл балалар үйінің басқа, жеке бөлмелеріне шығарып тұрған дұрыс. Бөлмедегі
мүліктерді баланың жекелеп айналысуына, жұмыс істеуіне ыңғайлы етіп қойған жөн.
Баламен жеке қарым-қатынас жасауға тырысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет