Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


 БАЛАНЫ ТЕКСЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет217/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1.4. БАЛАНЫ ТЕКСЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Баланы тексеру кезінде педиатрлар ересек адамдарды тексеруге қолданылатын
барлық тәсілдер қолданылады. Бірақ тексеру нәтижелі болу үшін баламен тіл таба білу
және кейбір арнайы тексеру әдістерін жүргізе алу керек.
Дені сау және науқас балаларды тексеру 
сұрастыру 
және 
тікелей зерттеуден 
тұрады.
Сұрастыру арқылы паспорттық мәліметтер, өмір тарихы, аурудың даму тарихы
анықталады.
1.4.1. НАУҚАСТЫҢ АУРУ ТАРИХЫ
Шежіренің бұл бөлігі науқастың (ата-анасының) шағымдарын, пайда болу тарихын
және осы аурудың даму тарихын қамтиды.
АУРУДЫҢ ШАҒЫМДАРЫ.
Шағым деп науқастың өзі сезінетін аурулық сезімді
айтады. Шағымдар негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі, ия бас шағым, әр
мүшенің (жүйенің) патологиясына тән болады. Мысалы, тыныс мүшелерінің ауруына тән
негізгі шағымдар – жөтел, қақырық тастау, ентігу және т.б.
Қосымша шағымдар организмнің патологиялық процесске жалпы арнаулы емес
жауабының көрінісін білдіреді. Бұл шағымдар әртүрлі ауруларда бірдей болады. Қосымша
шағымдарға әлсіздік, делсалдық, тершеңдік, ұйқысының бұзылуы және т.б. жатады.
Мүмкіндігі болғанда әр шағымды жан-жақты талдау қажет. Негізінен шағымды қай
жері, мезгілі, саны, сапасы, себебі, қосалқы жағдайларды анықтау бағытында талдайды.
Төменде шағымдарын анықтаудың және жүйелендірудің болжамды естелігін беріп
отырмыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет