Қызба байқалатын болса:
дене қызуы ұдайы жоғары бола ма, ұстамалы түрде
көтеріле ме, тәулік бойындағы өзгерістері қандай, қызбаның сипаттамасы (ұдайы, толқын
тәрізді, үзбелі, екі өркешті және т.б.); Қызбалық кезеңнің ұзақтығы, қызуы ненің әсерінен
төмендейді, қалтырай ма, оның жиілігі, терлей ме, оның қарқыны және терлейтін уақыты,
түнде терлей ме?
Тері, тері асты шелі:
терісі қыши ма, жалпы немесе жергілікті қыши ма, қай жері;
тері жамылғысының түсі. Бөртпелер, орналасқан жері, сипаты. Бөртпелердің тамақпен,
қабылдаған дәрілерге байланыстылығы. Қан кету, олардың орналасқан жері, сипаттамасы.
Ісінуі, орналасқан жері, пайда болған мерзімі (ертеңгісін кешке). Баланың арықтағаны
немесе толықсығаны қай уақытта байқалған.
Достарыңызбен бөлісу: |