Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Аллергиялық мәлімет (анамнез)



Pdf көрінісі
бет226/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Аллергиялық мәлімет (анамнез):
Баладағы аллергиялық аурулардың түрлері;
экссуда-тивтік диатез, ринит, демікпе және т.б. Қандай тағамдар және дәрі-дәрмектер
жағымсыз әсер етеді. Алдын ала сақтандыру үшін егілген дәрі-дәрмектермен (вакцинация,
гамма-глобулин) мен қаннан жасалған дәрілердің жағымсыз әсері. Туысқандарында
кездесетін аллергиялық аурулар.
Тұқым қуалаушылық:
Ата-аналары: аты-жөні, кәсібінің түрі, денсаулығы. Апасы
мен сіңлілерінің, ағасы мен інілерінің денсаулығы, егер қайтыс болған болса, қай жасында,
қандай себептерден қайтыс болғаны. Туысқандарының арасындағы созылмалы, тұқым
қуалайтын аурулардың түрлері.
ЖАЛПЫ ҚАРАУ
Дені сау және ауру балаларды клиникалық зерттеу, сұхбаттасудан кейін жүргізілетін,
жалпы қараудан басталады. Жалпы қарау ең қарапайым әдістерге жатады. Әр саладағы
лабораториялық, құрал жабдықтық зерттеу әдістерінің жедел дамып келе жатқанына
қарамастан өзінің диагностикалық маңызын сақтап қалып отыр. Ол тек дұрыс
пайдаланғанда ғана өз нәтижесін береді. Ол үшін қарау кезінде төмендегідей ережелерді
мұқият сақтау керек.
Ауруды табиғи жарықпен қараған жөн. Себебі, жасанды жарықта кейбіреулері
көрінбей қалады. Егер күн жарығын пайдалануға мүмкін болмаса, ақ жарық электр шамын
қолдану керек. Ауруға жарық қарсы және бүйірінен түсіп түру керек. Ауруды жылы
бөлмеде толық шешіндіріп қарау керек. Қарауды бір жүйелілікпен жүргізу қажет.
Қарау бала бөлмеге кірген бойдан басталып, сұхбаттасу кезінде жалғаса береді. Бұл
кезде баланың аяғын басуына (егер жүретін болса), оның дене пішінін, бет әлпетін, көңіл-
күйін, айналасындағыларға реакциясын бағалау керек.
Жалпы қарауда науқастың жалпы жағдайын, сана-сезімін, төсектегі қалпын, сыртқы
жамылғылардың (тері мен көрініп тұрған кілегей қабықтары) келбетін бағалайды.
Ауруды мүшелеп қарау тиісті жүйемен жүргізіледі:
1.
Басты қарау
2.
Бетті қарау
3.
Мойынды
қарау
4.
Кеудені қарау
154


5.
Қол-аяқты
қарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет