1.4.2. НАУҚАСТЫҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ.
Науқастың жалпы жағдайын бағалау емдеу шараларының көлемін, кезегін (режимі,
тамақтануы, дәрі-дәрмектерді таңдау, оларды организмге жіберу жолдарын шешу)
анықтауда негізгі роль атқарады. Сонымен қатар, тексеру қандай және қай кезекте болу
керегі де осыған байланысты шешіледі.
Науқастың жалпы жағдайын көңіл-күйінен айыра білу керек. Себебі, кейде аурудың
көңіл-күйімен жалпы жағдайы бірдей болып келеді, бірақ көбіне бөлек екені анықталады.
Мысалы, кейбір аурулар көптеген шағымдар айтады, бірақ жалпы жағдайы қанағат-
танарлық болып қала береді. Керісінше кейбір аурулар ешқандай шағым айтпайды, бірақ
жағдайы қатқыл болуы мүмкін де, қарқынды емдік шаралар қолдануды қажет етуі мүмкін.
Әсіресе, жаңа туылған науқас нәрестенің жалпы жағдайын бағалау қиын болып келеді.
Ауру баланың жалпы жағдайының ауырлығын үш дәрежеге
бөледі:
қанагаттанарлық, орташа, ауыр.
Кейбір жағдайларда науқастың жағдайының нашар екендігіне көңіл бөлу үшін
«қатал», «мүшкіл»
немесе
терминальды (предагональды)
деген терминдер қолданылады.
Аурудың жағдайын дәрігер әрбір қараған сайын бағалауы керек, өйткені, науқастың
жағдайы күн сайын емес минут сайын өзгеруі мүмкін (әсіресе жаңа туылған және сәби
жасындағы балаларда).
Акушерлік және педиатриялық тәжірибеде жаңа туылған нәрестелердің жағдайын
Апгар шкаласы бойынша бағалайды (тиісті бөлімді қара).
Балалардың жалпы жағдайын бағалауда 2 негізгі шектер (критериялар) қолданылады.
1.
Токсикоз
синдромының айқындық дәрежесі.
2.
Әртүрлі
жүйелердің қызметінің (функциялық) бұзылыстарының айқындығы.
Жедел дамыған ауруларда науқастың жалпы жағдайын бағалаудың негізгі көрсеткіш
токсикоздың айқындылық дәрежесі болып есептелінеді. Керісінше, созылмалы, ұзақ
дамитын ауруларда бірінші орынға әр түрлі жүйелердің функциялық бұзылыстарының
белгілері, яғни, олардың жетіспеушілігінің белгілерінің айқындығы, шығады.
Организмде улану процесі дамығанда алғашқы болып орталық нерв жүйесі
азаптанатын болғандықтан, токсикоздың алғашқы клиникалық белгісі баланың көңіл-
күйіндегі өзгерістер болып табылады. Токсикоздың ауырлығы келесі клиникалық
белгілердің даму реті мен айқындық дәрежесі бойынша анықталады: енжарлық (апатия),
кейде мазасыздықпен ауысып отыратын адинамия, ұйқышылдық, ступор, сопор, кома,
тырысу синдромы.
Дені сау баланың көңіл-күйі жарқын, айналасындағыны қызықтап, белсенді
қозғалып ойнайды.
Жағдайы қанағаттанарлық болғанда жоғарыда көрсетілген белгілер (енжарлық және
адинамия, мазасыздану болуы мүмкін) болмайды немесе шамалы байқалады.
Жағдайы орташа науқаста енжарлық, апатиямен қатар әруақытта ұйқышылдық
байқалады. Жағдайы ауыр балаларда ұйқышылдықпен қатар сана-сезімінің бұзылуының
әртүрлі сатылары (ступор, сопор, кома) және тырысу байқалады.
Орталық нерв жүйесіндегі өзгерістермен қатар токсикозда басқа жүйелердің
зақымдалу белгілерін анықтауға да болады.
Бұның ең бірінші тыныс алу және қан айналу жүйелеріне қатынасы бар. Токсикозға
тыныс алудың жиілеуі немесе керісінше сиректеуі, өкпенің эмфизематозданып үрленуі,
әдетте тамыр соғысының жиілеуі (сиректеу сиреуі), оның кернеуі (қатаңдығы) мен
толықтығының өзгеруі, жүрек үндерінің әлсіреуі, артериялық қысымның төмендеуі тән
155
болып келеді. Ерте жастағы балаларда токсикозда іштің кебуі, бауырдың өсуі және т.б.
байқалады.
Бала ауруханада жатқан болса, токсикоз ауырлығын құрал-жабдықтармен зерттеу
әдістерімен анықтауға болады. Уланудың кейбір түрлерінде қанда улы заттардың
мөлшерін анықтауға болады (мысалы, барбитураттар және басқа). Пневмония мен
вирусты ауруларда қышқылды-сілтілік жағдайларды (рО
2
, рН, ВЕ, SВ), ЭКГ-дегі
өзгерістерді (аритмия, К, Т тісшелерінің вольтажының өзгерістері және т. б.) анықтау
арқылы бағалауға болады. Эндокриндік ауруларда жалпы жағдайын қандағы гормондар,
қант, кетондық денелер, электролиттер, глюкозурия мөлшері бойынша бағалайды.
Жүрек-тамыр жүйесінің ауруларында токсикоз ауырлығын ЭКГ, ФКГ, реографиядағы
және тағы басқа өзгерістер бойынша, қан ауруларында қанның коагуляциялық
активтілігінің арту немесе төмендеу (геморрагиялық синдромдарда) дәрежелері,
гемоглобин, гематокрит деңгейі, эритроциттер (анемиялық синдромда), бласты клеткалар
(лейкозда) мөлшері және т.б.; бүйрек ауруларында азотемияның, электролиттердің,
бұзылыстардың және басқалар; ішек-қарын патологияларында дене салмағының
төмендеуі дәрежесіне (сусыздануда), нәжістің көлемі мен сипатына (полифекалия),
қанның биохимиялық көрсеткіштерінің бұзылыстарына (қан белогінің, гематокриттің,
электролиттердің және басқалардың деңгейі) сәйкес бағаланады.
Ұзақ және созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың жағдайын бағалау әртүрлі
жүйелердің өзіне тән, қызметінің жетіспеушілігінің анықтылығының немесе
зақымдалуының тереңдігі мен жайылу дәрежесіне байланысты жүргізіледі.
Тер ауруларының ауырлық дәрежесін бағалау негізінде, әсіресе ерте жастағы
балаларда, жайылу дәрежесі (дене бетінің зақымдалу проценті) немесе жергілікті қабыну
процессінің айқындық дәрежесі (гиперемия, сулануы, инфильтрациясы және т.б.) және
жалпы құбылыстар (интоксикация, қышу және басқалар) жатады.
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруларында жағдайының ауырлық дәрежесін бағалау
негізінде бір жағынан жергілікті қабынулық өзгерістерінің айқындық дәрежесі (ісіну,
ауырсынуы, гиперемия), буындар қозғалысының шектелуі, қанқа сүйектерінің
деформациялары жатады. Рентгенологиялық зерттеулер қосымша мәліметтер береді
(сүйек тканының бұзылу дәрежесі, остеопороздың айқындылығы және т.б.).
Бұлшық еттер жүйесі зақымдалғанда (миопатия) жағдайының ауырлығы процесстің
тыныс бұлшық еттерін (тыныс бұзылуы дәрежесі) қамту дәрежесі, белсенді қимылдар
жасау мүмкіндігі бойынша бағаланады.
Бұлшық ет тонусы және жиырылу күші, миография нәтижелері және т.б. қосымша
мәліметтер береді.
Тыныс мүшелерінің ауруларында жалпы жағдайының ауырлық жағдайы тыныс
жетіспеушілігіне (тыныштықта немесе салмақ түскенде) байланысты анықталады:
тыныстың жиілеуі, пульс пен тыныс жиілігінің қатынасы (қалыпты жағдайда бір жасқа
дейін – 3:1, одан ересек балаларда – 4:1), цианоздың орналасуы мен айкындылығы,
тахипноэ (инспираторлы, экспираторлы, аралас), жабысқақ тердің пайда болуы,
артериялық қысымның өзгеруі, сонымен қатар, лабораториялық, құрал-жабдықтық
зерттеулердің көрсеткіштерінің (рН, рО
2
, рСО
2
, ВЕ, өкпенің тіршіліктік сиымдылығы,
тыныстың минуттық көлемі және пневмотахометрия) өзгерістері. Ауырлык дәрежесін
бағалағанда клиникалық (перкуссиялық және аускультациялық өзгерістердің ауырлық
және жайылу дәрежесі) және рентгенологиялық (өкпедегі инфильтрациялық немесе
деструкциялық өзгерістің дәрежесі) зерттеулердің нәтижесімен анықталатын өкпе
зақымдалуының дәрежесі, сипаты міндетті түрде қолданылуы керек.
Қан айналымы мүшелерінің ауруларыда науқастың жалпы жағдайының ауырлық
дәрежесін бағалағанда жүрек-тамыр шамасыздығының дәрежесін (пульсінің жиілігінің
орташа қалыпты керсеткішке пайыздық қатынасы), цианоз, ісінудің айқындылығы,
бауырдың өсуі және т.б. басшылыққа алынады. Клиникалық (жүрек шектерінің өсу
156
дәрежесі, шулар мен ырғағының бұзылуының айқындылығы және т. б.) және құрал-
жабдықтық зерттеулер (ЭКГ, ФКГ, рентгенография) нәтижелерінде көңіл аудару қажет.
Қан ауруларымен ауырған балалардың жалпы жағдайын бағалағанда функциялық
өзгерістердің айқындылығымен жеделдік дәрежесін есептеу қажет: постгеморрагиялық
анемияларда гемоглобиннің деңгейі, туа болған коагулопатия, тромбоцитопения және
тромбоцитопатиялардағы тромбоциттер мөлшері.
Гемолитикалық криз пайда болған жағдайларда гемоглобин және эритроциттер
деңгейінің төмендеу жылдамдығы, дене жамылғыларының сарғаюы дәрежесі, жедел
лейкозда және қатерлі лимфомаларда токсикоздың, қызбаның, цитопенияның, лимфа
түйіндерінің үлкеюінің айқындық дәрежелері.
Жедел пайда болған ауруларда (геморрагиялық криз, қан кету, буындарға, бұлшық
еттерге, жұмсақ тканьдарға үлкен мөлшерде қан кету, мұрыннан, бүйректен, жатырдан қан
ағу, қайталап құсу, ауру синдромы, дене қызуының көтерілуі) жағдайының ауырлығы
токсикозбен (жедел лейкозда, геморрагиялық васкулитте), дене қызуының күрт
көтерілуімен (жедел лейкозда, буындарға қан құйылғанда, ауру синдромымен)
геморрагиялық васкулитте абдоминалдық синдром, іш пердесінің сыртындағы гематомада
нерв будасының басылуы, буындарға қан құйылғанда буын капсуласының созылуы,
гемодинамикалық бұзылыстармен (тахипноэ, тахикардия, мазасыздану, жедел қан
кеткенде артериялық қысымның құлдырауы, басының ауруы, есінен айырылуы, тырысу),
яғни қан жасау жүйесінің зақымдалуы дәрежесінің айқындылығымен байланысты. Бұл
зақымдалулар клиникалық (бозару, сарғаю, геморрагиялық және гиперпластикалық
синдромдар) және лабораториялық (эритроциттер санының 1–2 млн, гемоглобиннің 30–50
г/л-ге дейін төмендеуі, ретикулоцитоз немесе, керісінше ретикулоциттердің жойылып
кетуі, қанда бласты клеткалардың пайда болуы, нейтрофилез, лимфоцитоз,
тромбоцитопения, гипербилирубинемия, сүйек майының бластық трансформациясы,
көкірек аралық қуысының лимфа түйіндерінің үлкеюі белгілері бойынша анықталады.
Ұзақ байқалатын туа және жүре пайда болатын қан ауруларында (гипопластикалық
және гемолитикалық анемиялар, созылмалы тромбоцитопениялық пурпура, тромбоцито-
патиялар, гемофилия) аурудың жағдайының ауырлығы қан жүйесінің қызметінің бұзылуы
дәрежесімен анықталады.
Бүйректің жедел жетіспеушілігінде науқастың жағдайының ауырлық дәрежесі
токсикоздың айқындық дәрежесіне (дене қызуының көтерілуі енжарлық, делсалдық,
комаға ұласатын ұйқышылдық немесе керісінше, науқастың өте мазасыз болуы) және
бүйректен тыс белгілермен (бозару, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек-тамыр
жүйесінің өзгерістері және т.б.), сонымен қатар, зәр зерттеулерінің (протеинурия,
гематурия, лейкоцитурия және басқалар) және диурезді анықтаудың (олигурия, анурия,
полиурия) нәтижелеріне байланысты анықталады. Ұзаққа созылатын бүйрек зақымдалу-
ларында (созылмалы гломерулонефрит, пиелонефрит, метаболикалық нефропатиялар)
жағдайын бағалау шектері болып, клиникалық белгілерімен (шөл, полиурия, олигоурия,
аузынан зәрдің иісінің шығуы, жалпы делсалдық, бас ауруы және басқалар) білінетін және
қосымша зерттеу тәсілдерімен (Зимницкий сынамасы, қанның қышқылды-сілтілік
жағдайы, қалдықты азот, креатинин, мочевина, электролиттер, клиренс және басқалар
көрсеткіштері) анықталатын бүйрек жетіспеушілігі және оның айқындық дәрежесі
есептелінеді.
Жоғарыда көрсетілген белгілер болмаса, науқастың жағдайы қанағаттанар-лық деп
бағаланады. Егер бұл белгілер бар, бірақ онша айқын болмаса (орташа білінсе) жағдайы
орташа, айқын білінетін болса жағдайы ауыр, ал өте айқын білінетін болса жағдайы қатал
(өте ауыр) болып есептелінеді.
Жедел пайда болған ішек-қарын ауруларында науқастың жағдайы токсикоз
белгілеріне және құсу мен іші өту жиілігіне, сусыздану (дене салмағының азаю пайызы,
көзінің шүңіреюі, бетінің ұштануы – Гиппократ беті, кішкене балаларда көзінің
қарашығының лайлануы, терісінің құрғауы және т.б. ), іш пердесінің қабыну белгілеріне,
157
гепатомегалия дәрежесіне және басқаларға байланысты анықталады. Ұзаққа созылатын
ауруларда полифекалиямен, кахексияға дейін арықтауымен, дене дамуының тоқырауымен
және басқа зәрулік синдромдарымен (белоктың, электролиттердің, витаминдердің және
басқалардың) белгіленетін мальабсорбция синдромының айқындық дәрежесімен
анықталады.
Бауыр ауруларында, токсикалық белгілерден басқа, наукастың жалпы жағдайын
бағалауда бауырдың өсу, сарғаюдың, геморрагиялық синдромның айқындылық дәрежесі,
портальды гипертензия белгілері (іш шемені – көк тамырдың варикозды кеңеюі),
функциялық жағдайын белгілейтін биохимиялық өзгерістер қолданылады. Мысалы:
цитолиз дәрежесін анықтайтын ферменттер (трансаминаза, альдолаза және басқалар)
деңгейі, холестаз дәрежесін бағалайтын холестерин, бетта-липопротеидтер, сілтілік
фосфатаза, лейцинаминопептидаза және басқалар деңгейі; гепатоциттердің синтездеу
функциясының бұзылуын анықтайтын билирубин, жалпы белок, альбуминдер, қан ұйыту
әсерлері; қабыну процесінің дәрежесін білдіретін гаммаглобулин деңгейінің, тимолды
сынаманың артуы және басқалар.
Өңеш ауруларына тән негізгі шектер болып, төс асты ауруы айқындылығы, дисфагия
сипаты, регургитация (сілекеймен, кілегеймен, тамақпен лоқсу, құсу), жеген тамағын кұсу,
аузынан шіріген иіс шығу, науқастың азу дәрежесі сияқты белгілер есептелінеді.
Гастродуоденальды аймақтың ауруларында науқастың жағдайын бағалау үшін іш
бұлшык етінің дефансымен байқалатын ауру синдромының айқындық дәрежесі,
мәжбүрлік қалпы, аурудың мойнингановтық ырғағы; ішек қарыннан қан кету белгілері
(кофе түстес құсық, мелена); диспепсиялық құбылыстардың айқындылығы (қыжылдау,
кекіру, лоқсу, кұсу, жүрегі айну) сияқты мәліметтер пайдаланылады. Жара ауруларында
аурудың қайда берілетіндігін (иррадиациясын), оның күшін, барысын (динамикасын)
ескеру кажет. Жаралық тыртық деформацияларда құсықтың сипатына, оның жиілігіне,
араласқан заттарға, су-тұз алмасуының бұзылу дәрежесіне көңіл аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |