Нәрестелік кездегі ауырған аурулары: а) сарғыштығы, пайда болған мезгілі,
ұзақтығы; б) басқа аурулары (жоғары тыныс жолдарының қабынуы, құсу, сұйық дәрет
және т. б.).
Қоректенуі: а) бірінші рет емізген уақыты; б) емізу тәртібі; в) қосымша тағам
берілген мезгілі; г) аралас және қолдан қоректендіру кезіндегі қосымша тамақтың берілген
153
мезгілі және қолдан қоректендіру себептері; Қоректенуге берілген сүт қоспаларының
түрлері; д) бір жасқа толғаннан кейінгі қоректенудің ерекшеліктері (жарамдылығы,
толықтығы, жүйелі, ретсіз).