Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


 ОҚУ АУРУ ТАРИХЫН ЖАЗУ ЖОСПАРЫ



Pdf көрінісі
бет232/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1.4.3. ОҚУ АУРУ ТАРИХЫН ЖАЗУ ЖОСПАРЫ
1.
Төлқұжаттық бөлігі
.
Тегі, аты, әкесінің аты, жасы және туған күні, айы, жылы,
ауруханаға түскен күні және курацияның басталған күні, жолдаған мекеменің диагнозы,
балжам диагноз, толық түрде берілген қортынды клиникалық диагноз: 
159



Негізгі

Қосалқы 

Асқынулары
2.
Аурудың шағымдары. Маңыздылық реті бойынша (аурудың негізгі диагнозына
сәйкес) беріледі.
3.
Ару шежіресі (анамнезі). Дерттің белгілері хронологиялық ізділікпен әртүрлі фак-
торлардың әсерінің өзгеруін, оның ішінде емнің нәтижесінде, сипаттап көрсетіледі.
4.
Өмір шежіресі (анамнезі). Өмір шежіресін жинау сатыларына сәйкес жүргізіледі.
5.
Объективті тексеру көрсеткіштері. Мүшелер мен жүйелерді объективті тексеру
сатыларына сәйкес жазылады.
6.
Болжам диагноз. Диагноз қысқаша шағымдарының, ауру және өмір шежірелерінің,
объективті тексеру нәтижелеріне сүйеніп, негізделеді. Зерттеу және емдеу жоспары
беріледі. Диагноз ауру тарихының алдыңғы бетіне шығарылады. 
7.
Лабораториялық және арнайы зерттеулердің, сонымен қатар жекелеген мамандардың,
қортындылары. Берілген мәліметтер келтіріледі, оладың қортындысы және бағалауы
беріледі.
8.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
9.
Күнделіктер. Курациялық кезеңнің барлық күндеріне жазылады. Қысқаша объективті
тексеру мәліметтері және жағдайының, белгілерінің толық динамикалық
өзгерістерін көрсетеді. Объективті тексеру мәліметін жазғанда мүшелер мен жүйелер
толық қамтылады. Күнделікті емі көрсетіледі.
10. ЭПИКРИЗ. Ауруды курациялау аяқталады. Қысқаша төлқұжаттық және анамнездік
мәліметтер келтіріледі. Қортынды клиникалық диагноз (негізгі диагноз, қосалқы
диагноз, асқынулары) толық негізделеді. Негізгі диагноз болып, осы ауруханаға
емделу үшін жіберілген диагноз есептелінеді. Қосалқы диагноз этиологиялық және
патогенетикалық тұрғыдан негізгі диагнозбен байланысты болмауы керек.
Жүргізілген емнің негізділігіне, жүргізілген емнің мақсатына және тиімділігіне көңіл
аударады. Дерттің болжамын құрастырады. Аяғында науқастың болашақта тексеру,
емдеу, диспансерлік бақылау бойынша нақтылы ұсыныстар береді. Қортынды
диагноз толық түрінде ару тарихының алдыңғы бетіне, төлқұжаттық бөлігіне
шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет