Есінің қараюы (сомноленттігі).
Енжарлық және ұйқышылдық ұдайы байқалады,
бірақ ұйқысы қысқа және беткейлі болып келеді. Айқалап жылаудың орнына жәй
ыңқылдайды, күтім жасаған адамға жауабы білінбейді. Қарағанда және құндақтағанда
әлсіз ғана жауап береді. Тері сезімталдығы және сіңірлік рефлекстер төмендейді.
Есеңгіреу (ступор).
Науқасты мелшиіп қатып қалған жағдайынан қозғау қиынға
түседі, тек қатты жұлқылап қана қозғауға болады.
Көбіне қимылдық мазасыздану кезеңдерімен атетоз тәріздес қимылдар байқалады.
Рефлекстер төмендейді. Ауырлық қоздырғыштарға жауабы айқын, бірақ қысқа болады.
Сопор.
Терең «ұйқы», есінен танып қалу. Баланы жұлқылап, ояту мүмкін емес. Тері
сезімталдығы толық жойылады, сіңірлік рефлекстер үлкен күшпен анықталады, бірақ
ұзаққа бармайды. Ауыртқанға (егуге) жауабы айқын болмайды. Көз қарашығының, мүйізді
қабығының рефлекстері сақталады. Ақыл-есі өте әлсіз, жұтына алады.
Достарыңызбен бөлісу: |