Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет238/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жайылмалы (диффузды) 
және тұрақты болып келетін терінің және кілегей қабық-
тардың бозаруы әртүрлі анемияларда, лейкозда, коллагеноздарда, туберкулезде, бүйрек
ауруларында, оның жедел немесе созылмалы жарамсыздығында, дифтерияда кездеседі.
Сонымен қатар, терінің бозаруы жүйке әрекеті психикалық факторлармен қоздырылғанда
163


болатын шеткі қан тамырларының таралуында, қан тамырлары терең орналасқан жағдайда
болады. Соңғы қан аздықты жалған анемия немесе псевдоанемия деп атайды.
Ауыр науқастарда терінің түрі төмендегідей болып өзгеруі мүмкін: балауыз түстес
(гипо-және апластикалық анемиялар), сүт қосқан кофе тәріздес (сепсистік эндокардит),
жер түстес сүр бояу (токсикоздарда), жасыл түстес (хлороз).
Терінің көгеруі көбіне өкпе және жүрек ауруларында кездеседі. Терінің жалпы
көгеруі жаңа туған балаларда асфиксияда, бас сүйегінің ішіне қан кұйылғанда, іштен туған
жүрек ақауларында, өкпе солуында (ателектаз) кездеседі. Туа болатын жүрек ақауларында
байкалатын көгерудің ерекшелігі, ол ұзак және интенсивті (қарқынды) болып келеді.
Әдетте, терідегі ісік қуыстарында трансудат болмайды. Кейде жылағанда, күшенгенде
саусақтарының башпай «көгал»
 
тартады немесе «көлеңке» пайда болады.
Жергілікті көгеру, әсіресе мұрын-ауыз үшбұрышының көгеруі, өкпе қабынуының
(пневмонияның) ең алғашқы белгілерінің бірі болып келеді де, бүкіл денені алып жалпы
көгеруге айналып кетуі мүмкін. Мысалы, жайылмалы пневмосклероз, экссудативті
(сұйықты) плеврит. Өте тез дамитын көгерулер жоғары демалыс жолдарына бөгде дене
түскенде кездеседі. Бронхтық түйіндердің ісігі қысып, қан айналасын нашарлатқанда
(бронхоаденитте) кеуде де, арқасында, екі жауырынның ортасында, басының ішінде су
жиналғанда (гидроцефалияда), мидың ісігінде көк тамырлардың (венасының) кеңеюі
пайда болады. Бауыр веналарында қан іркілгенде іштің алдыңғы бетіндегі терісінің
тамырлары кеңейеді («Медузаның басы» – 
23 сурет).
Жоғарыда айтылғаннан басқа да теріде коп ауытқулар кездеседі:
Пысынаушылық 
– әдетте, терінің қатпарларында және терінің киімінің қатты қыр-
тыстарымен үйкелетін жерлерінде (мойнында, шабында, санның ішкі бетінде) кездеседі.
Пысынаушылық дегеніміз дененің қызарып пысынауы (кейде суланып былжырауы).
Бала ауырсынып, шыдамсызданады. Кейде шеттерінде кішкене ісіктер пайда болады.
Әсіресе, балалар экземасымен
 
(шілделік) ауыратын балаларда пысынаушылық жиі
кездеседі. Пысынаушылық асқынғанда құйрықта эритема (жаялық эритемасы) пайда
болады. Олар көтеншектің, сыртқы жыныс мүшелерінің айналасына, санның ішкі бетіне
тарайды да, папула (іріңсіз ісік) және жаралар пайда болады. Кейде олар іріңді безеу
түрінде (пустула) немесе везикула түріне айналады. Пайда болу себептері жиі несеппен,
сұйық нәжіспен, бактериялармен терінің тітіркенуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет