Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет236/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ТЕРІНІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Теріні зерттеуді (тексеруді) сұрастырудан бастайды: аурудың қашан басталғандығы,
қышыну, тершеңдік, ауыру, науқастың қайталануы немесе өршуі туралы деректер
жинайды.
Одан әрі жағдайы, көңіл күйі, ақыл-есі бағаланады және қарау. Баланы жылы, жарық
бөлмеде қараған дұрыс. Ең дұрысы жанынан түсетін жарықты пайдалану. Жас сәбилерді,
егер жағдай көтерсе, жалаңаштап, шешіндірген дұрыс. Ересек, әсіресе, кыз балаларды
жартылай шешіндіріп қарайды. Жас сәбилер тез тоңатын болғандықтан тезірек қарау
керек. Қарау жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі. Терінің түсіне (бояуына), патологиялық
162


факторлардың бар-жоғына көңіл аудару керек. Ерекше көңіл бөлетін жерлер: бөксе асты
және арасы, саусақтар арасы. Қыртыс, қатпарларды жәйлап тартып, ашып, қарайды. Бас
терісін, алақанды, табанды, көтеншекті мұқият қарау керек.
Сау баланың терісі тегіс бозғылт-қызыл болады. Жаңа туған сәбидің терісі ғана
қызарып (эритема немесе физиологиялық қабыну), немесе сарғайып (физиологиялық
сарғаю), түлеп, қабыршақтанып, қайызғақтанып (физиологиялық қабынудан кейін 2–3-ші
тәулікте) тұрады. Жаңа туылған нәрестенің кіндік аймағы үлкен ұқыптылықпен қаралады.
Жаңа туылған балалардың мұрнының ұшында, мұрын қыртысында, май безінің
қызметінің жоғары екендігінің дәлелі ретінде, кішкене ақ түйіршіктер (милиа) байқалады.
Жаңа туған нәрестенің терісін ақ-сұр түсті шарана жауып тұрады. Ол кұрсақ ішінде
жатқан кезеңде теріні құрсақ ішіндегі судан қорғайды және ананың босану жолы арқылы
баланың өтуін барынша жеңілдетеді. Шарананы алып тастағаннан кейін көп жағдайда
баланың терісінде қызарған, кейде шамалы көкшіл, белгілер байқалады. Мұны терінің
физиологиялық қатары деп атайды. Тері капиллярларының елеулі түрде кеңеюі
нәтижесінде пайда болатын бұл қызару негізінде қолдын басында, табанында бірнеше
сағаттан 2–3 тәулікке дейін сақталады. Қызару қайта бастаған кезде, сол араның терілері
түлеп түседі.
Бала өмірінің алғашқы күндері оның бүкіл денесін, айңаласы қызғылт, ақшыл
түйіндер қаптап кетуі тым жиі кездеседі. Қалақайдың күйдіргенін еске түсіретін, бұл
бөртпелер токсикалық эритема деп аталады. Екі күндей тұрады да, орнына дақ қалдырмай
жоғалып кетеді.
ТЕЛЕАНГИОЭКТАЗИЯЛАР. Тері капиллярдарының кеңеюін, ұрықты қан
тамырларының қалдықтарын осылай атайды. Олар негізінен желкеде, бастың шаш
шыққан жерінде, маңдайда, жоғарғы қабақта орналасады. Бұлар төңірегіндегі сау теріден
айрықша бөлініп тұратын қисық формалы қызыл, кейде аумағы әртүрлі, сәл-пәл көкшіл
дақтар. Егер олардың үстін саусақпен ақырын басса, қызарғандары жойылады. Артынан
қайта пайда болады. Бала өсе келе дақтар жоқ болып кетеді, бірақ қатты жылап
мазасызданған кезде қайта шығуы мүмкін. Бала тынышталса, дақ солғын тартады.
Жаңа туылған балалардың 70–80% жуығында 2–3 күндері терінің физиологиялық
сарғаюы пайда болады. Көбіне бірінші аптаның аяк шенінде жойылады. Бұнда тері, көзге
көрінетін кілегей қабықтар сарғаяды. Баланың жалпы жағдайы өзгермейді.
Баланың терісінің сарғаюы ішкі және сыртқы әсерлерге байланысты болуы мүмкін.
Экзогендік сарғаюлар бала құрамында көп бояушы заттар бар тармақтарды қолданғанда
болады: сәбіз, мандарин, апельсин, помидор және акрихин сияқты дәрі-дәрмектер.
Эндогенді сарғаюлар гемолитикалық анемияларда, гепатитте, сиректеу обтурация-
ларда кездеседі. Экзогенді сарғаюды эндогендіктен сұрастыру арқылы және ауруды қарау
арқылы айыруға болады. Экзогенді сарғаюда кілегей қабаттар сарғаймайды, ал, эндоген-
дік сарғаюда кілегей қабықтары сарғаяды. Гемолитикалық анемияда терінің сарғаюымен
тері мен кілегей қабықтарының бозаруы қатар білінеді. Бауырдың паренхимасы
закымдалғанда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет