түйінді эритема
деп
аталады. Қабынбаған түйіндер терінің қатерлі ісіктерінде (фиброма, липома) кездеседі.
Күлдіреу (Uptіса)
– терінің бетіне шығып тұратын, қатты қышитын, жедел қабыну-
лы элемент ретінде көрінетін жалпақ құрам. Элементтің формасы дөңгелек немесе дұрыс
емес (қисық), мөлшері бұршақтың дәнінен адам алақанындай және одан да үлкен болады.
Түсі қызыл немесе бозғылт-қызғылт. Ортасында бозғылт, кейде ақ түсті, шетке қарай
өсуге икем болып келетін кіндігі бар. Күлдіреудің пайда болу себебі дерма қабатында тез
пайда болатын ісікке байланысты. Бұл ісік қалай тез пайда болса, солай тез қалдықсыз
жойылып кетеді. Әдеттегі, күлдіреуілер қалақаймен күйгенде, сонымен қатар, әртүрлі
тағамға және дәрі-дәрмекке аллергиялық реакциялардың белгілері ретінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |