розеолдар кішкене нүктелі бөртпелер деп аталады.
Көбіне қызамықта (скарлатинада) кездеседі: Екіншісі – эритема тиын мөлшерінен алақан
көлеміне дейін, кейде тіпті оданда үлкен болады. Дақ даму барысында түлеуі немес
пигметтелуі мүмкін. Сөйтіп біртіндеп із-түзсіз жойылып кетеді.
5–10 мм мөлшеріндегі көптеген розеолдар
кішкене дақты бөртпелер деп аталады.
Ұшпада (краснухада) кездеседі. 10–20 мм мөлшеріндегі бертпелер
үлкен дақты бөртпелер деп аталады. Қызылшада, жұқпалы эритемада кездеседі.
Қабынулы емес дақтар терідегі қан тамырларының дұрыс дамымауына байланысты
пайда болады және туа біткен (туабіткен тамырлық дақтар – naevi vasculosi); б. пайда
болған (teleangioectasiae).
Геморрагиялық дақ эритроциттердің тамыр қабырғасынан шығып кетуіне
байланысты пайда болады. Ондай жағдай тамыр қабырғасы зақымдалғанда немесе оның
өткізгіштігі арытқанда байқалады.
Пигментті дақтар тері пигметінің (меланин) шектен тыс жиналуына немесе терінің
оны түзу қабылетінің жоюылуына байланысты пайда болады.
Қабынбаған дақтарға қан кұйылудан пайда болған дақтар жатады.
Петехиялар –
нүкте тәріздес қан кұюлар. Пурпура теріде немесе кілегей қабықта 2-5 мм мөлшерде
дөңгелек, қанталаған бөртпелердің пайда болуы.
Экхимоз – теріде немесе кілегей қабықта
5 мм-ден артық мөлшерде формасы дұрыс емес көгеру (қан айналасындағы ткандарға
сорылып таралады). Осы топқа, сонымен қатар, жоғарыда айтылған іштен туа болған,
болып есептелінетін, телеангиоэктазалар (тері капиллярларының кеңеюі, ұрықтық
тамырлардың қалдығы), гиперпигментацияланған (бауырлық дақ) невустар (пигменттің
бет терісінде шоғырлануы) және пигменттсіз дақ (теріде меланин пигментінің
жиналуының бұзылуынан пайда болған дақ –