Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет249/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

 
Эрозия
(кілегей қабықтың жолақтанып қызаруы, erosion) – терінің бетінің,
эпидермистің қабыну процессіне байланысты пайда болатын зақымдалуы. Эрозия көбіне
көбікшенің, көпіршіктің қақпағының жыртылуына, сонымен қатар, терінің қабаттарына
сәйкес былжырауына немесе басқа бөртпелік элементтерге, әсіресе, папулаға байланысты
пайда болады.
Жара (ойық жара, ulcus)
– кейде төменгі мүшелерге дейін жететін терінің
зақымдалуы. Бірінші реттегі элементтердің бұзылуына, лимфаның, қан айналысының. 
Дөңгелек эритема
немесе
анулярлық бөртпе
– нәзік, бозғылт-қызғылт, қисық
сақина тәріздес, көбіне денеде, іште, аяқ-қолдардың ішкі жағында, сиректеу бетте,
табанында орналасатын, қышыма бөртпе.
Кейбір жедел жұқпалы ауруларды, бөртпелердің сипаттамасы бойынша,теріні қарау
арқылы анықтауға болады. Мысалы: қызамықта қызғылт түсті теріде (мұрын-ерін
үшбұрышынан басқа жерде) кішкене нүкте тәріздес бөртпелер аурудың бірінші күнінде
пайда болады. Қызылша барлық денеде ұсақ немесе үлкен дақты бөртпелердің болуымен
және бөртпелердің негізгі бір сатылық заңдылыққа бағынумен сипатталады. Мысалы:
бірінші күні бетінде және мойында, екінші күні денесінде, қолдарында, үшінші күні
дененің қалған бөлімдерінде пайда болады 
(26- сурет).
Терідегі бөртпелерге сипаттама бергенде төмендегі ережелерді сақтау керек:
- бөртпенің пайда болу уақытын, орналасқан жерін, мөлшерін және санын (көппе, аз ба),
түрін және түсін анықтау керек;.
- бөртпе бар дене бөліктері түгел көрсетіледі, негізгі орналасқан аймақтар (басы, денесі,
аяқ-қолының, буындарының, іші немесе сырты, терінің ірі қыртыстары және т. б.);
168


- бөртпелердің саны бойынша бірең-сараң (толық саны көрсетіледі), көп емес
(қарағанда тез санауға болады), көп бөртпе (көп, санауға мүмкін емес);
- бөртпе мөлшерін ең жақсы дамыған және басым элементті миллиметр немесе
сантиметрмен өлшеп анықтайды;
- бөртпелер түрін дөңгелек, овальды, дұрыс емес (қисық), жұлдыз тәріздес және т. б. деп
анықтайды. Шеттерінің айқындылығын немесе айқын емес деп белгілейді;
- бөртпелердің түсіне ерекше көңіл бөлінеді.Қабынған бөртпелер қызыл реңді түсті бо-
лып, бозғылт-қызғылт түспен көкшіл-айқын қызыл түстің аралығында болуы мүмкін. 
Геморрагиялық бөртпелерге сипаттама бергенде олардың эволюция (даму)
барысында өзгеруіне байланысты көк, күлгін, қара-қошқыл (пурпурлы), көк түстер
қолдынылады.
Екінші реттегі бөртпелердің ерекшеліктерін көрсету керек: түлеудің сипаты және
орналасқан жері, қабықтың түсу мерзімі және т.б.
Гипертрихоз 
– дененің шамадан көп жүндеуі (ревмартрит, ауыр туа біткен ақаулық).
Жыныстық даму кезеңінде сыртқы жыныс мүшелерінің аймағында шаштың тез өсуі
байқалады, сонымен қатар, ер балаларда – үстіңгі ернінде, иегінде, кеудесінің алдыңғы
жағында, қыз балаларда – сүт бездерінің маңында, қолтығында тез өседі. Бұл жерлерге
шаштың өте ерте шығуы уақытынан бұрын жыныс жетілуінің жүріп жатқанын білдіреді.
Тырнақтар:
туа біткен эктодермальды дисплазияда тырнақ мүлдем жоқ болуы
мүмкін.
Паранохий
– тырнақтың жиегі қабынып, ісіп айналасындағы тері қызарады.
Тырнақтың сыңғыштығы мен тегіс еместігі эритремияда, микседемада, тетанияда, қант
диабетінде және хлорозда кездеседі. «Сағат шынысы» тәрізді тырнақ кейбір іріңді
ауруларда (бронхоэктазия ауруы, өкпе іріңдігі, бактериялық эндокардит), бауыр
циррозында және жүректің іштен туа болатын кейбір ақауларында кездеседі.
а
б
в


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет