Қалыпты
жағдайда баланың қолтығының, шабының аздап ылғалданып тұрғаны
байқалады. Рахитте, ихтиозда, тиреотоксикозда, гипогликемиялық комада, пубертатты
кезенде әжептәуір ылғалдану байқалады. Баланың терісінің құрғақтануы әртүрлі себептен
азғанда, сусызданғанда, гиповитаминоздарда, гипотиреозда,
эксикозда және басқа
ауруларда байқалады.
Дегенмен, терінің қызуы дене қызуымен сәйкес келе бермейді. Балаларда жылу
шығару төмендеуіне байланысты субфибрилитет, кейде тіпті қызба байқалуы мүмкін. Бұл
құбылыс әруақытта тері қан тамыр толуына немесе артериялық ұштастықтардың іске
қосылуына байланысты қанайналымы төмендеу нәтижесінде анықталады. Егер тек жылу
шығару төмендеуге байланысты болса, дене қызуының жоғарлауымен бірге маңдайы мен
аяқ-қолдарының мұздауы байқалады. Буындар қабынуында, буын үстіндегі терең
флегмоналарда, флегмона тұсында терісінің жергілікті қызуының көтерілгені байқалады.
Сипалап қарағанда, терінің сезімталдығы менингитте, энцефалитте, полиомиелитте
жоғарылайды.
Дермографизм
инемен, саусақтың ұшының сыртымен
немесе балғаның сабының
ұшымен төс пен іштің терісін жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы анықтайды.
Дермографизмнің сызығынан бастап, сызық пайда болғанға дейінгі мезгіл (секундпен
есептелінеді) жасырын кезеңі, айқын кезеңі (сызықтың пайда болғаннан жойылғанға
дейінгі мерзім) анықталады. Дені сау балаларда жасырын кезең 5–20 секундқа, айқын
кезең 12 секундтан 3 минутқа дейін созылады. Дермографизмнің сипаты басу күшіне,
тамырлардың және тамыр қозушы нервтердің жауап беру күшіне байланысты.
Дермографизм төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1) Қызыл; 2) Ақ; 3) Аралас; 4) Валик
(білік) тәрізді немесе ісікті. Қызыл дермографизм
тамыр тонусының төмендегенін
көрсетеді де, менингитте, әртүрлі токсикозда, вегетативтік бұзылыстар байқалатын
балаларда анықталады. Ақ дермографизм тамыр тонусының
арткандығын білдіреді,
экссудативті диатезде, терінің жалпы гиперемиясында байқалады.
Тактильді (сезу) – сезімталдығы баланың терісіне кішкене мақтаны немесе басқа бір
жұмсақ нәрсені тигізу арқылы тексеріледі. Саусақтың ұшының, қызыл еріннің, жыныс
мүшелерінің сезімталдығы артық болады. Ересек балаларда бұл сезімталдығын тексеру
үшін көзін жұмып жатқан баланың денесіне тітіркендіргіш заттың тигенінде «бар», «жоқ»
деген жауабын санайды. Жаңа туылған баланың сезімін шартсыз рефлекстердің пайда
болуына байланысты бағалайды: қабағына тигенде көзін жұмады,
ерніне және тіліне
тигенде сору қимылы, бетін тітіркендіргенде сол жағына басын бұрады және т.б. 2–3
айлық бала тітіркендіргіш тиген жерге қолын созады. 3–6 айлық балалардың
сезімталдығын өзінің қолын, аяғын, анасының емшегін сипалауына байланысты бағалауға
болады. Екінші жарты жылдыкта табанына, мойынына,
қолтығына қол тигізіп,
қытықтағанда байқалатын жауабына (күледі, жылайды) қарай сезімін бағалайды.
28 сурет
.
Терінің ылғалдығын
анықтау.
171
Қызуды сезуі теріге жылы және салқын су құйылған шыныларды (кез келген басқа
жылы, салқын заттарды) тигізу арқылы бағаланады. Нәресте қызулық тітіркендіруге
қозғалыстармен немесе жылаумен жауап береді. Ересек балалар «салқын» немесе «жылы»
деп жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: