Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


- сурет . Қызылша (бөртпенің шығу сатылығы). а)



Pdf көрінісі
бет250/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

26- сурет
. Қызылша (бөртпенің шығу сатылығы).
а)
1-ші күн;
б)
2-ші күн,
в)
3-ші күн
169


Пальпация
– баланың денесін ауыртпай жәйлап,
жасалу керек.
Зерттеушінің қолы таза, жылы, құрғақ, тырнағы қысқа алынған болуы міндетті.
Пальпация (сипау) арқылы терінің созылғыштығын (эластикалық қасиеті), ылғалдылығын,
қызуын, тургорын, дермографизмді (теріні сызғанда, оның із қалдыру қасиеті),
сезімталдығын анықтайды. Қалыпты жағдайда баланың терісі ылғалды, бархат тәрізді
болады. Теріні пальпация жасағанда, баланың ауырсынатыны немесе ауырсынбайтынын
анықтау үшін, бет пішін, қимылдарын мұқият қадағалап отыру керек.
Терінің қалыңдығы мен созылғыштығы тері асты шел майы ең аз жерде анықталады:
қол басының сыртқы беті, кеуде қуысының алдыңғы беті, шынтағы және т. б. Ол үшін
теріні (тері асты шел майы алынбайды) сұқ саусақ пен бас бармақтың арасына теріні
қысып алып, тартып, босатып жібереді. Қалыпты жағдайда саусақты босатқан кезде, тері
тез жазылып кетеді. Егер бірнеше қыртыстар пайда болып, бірден тарамай, жәй тарайтын
болса, созылғыштығы төмендеген (нашарланған), ал тіптен тарамай қойса, жойылған
болып есептелінеді.
Тургор
(тіндер мен жасушалардың қысушы күштерге қарсы әсері) санның, қардың
ішкі бетінде теріні, шел майын, бұлшық етті екі саусақтың арасында қысып, қарсылык ету
мүмкіншілігін анықтайды
(27 сурет).
Тургор мен терінің
созылғыштығының бұзылуы әдетте қабаттасып жүреді. Бірақ,
ұдайы бұлай бола бермейді. Мысалы, эксикозды токсикозда
терінің созылғыштығы тургор өзгеруісіз нашарлайды, ал II–III
дәрежелі гипотрофияда керісінше болады.
Терінің ылғалдылығы қолдың сыртқы жағымен кеудені, ішті, арқаны, қолтық астын,
алақанды, табанды сипау арқылы анықталады 
(28 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет