Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет253/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

«Шымшу» белгісі
– екі қолдың бас және сұқ саусақтарымен кеуденің алдыңғы
бетінен немесе жанынаң теріні, тері асты шел майынсыз, жиырып алады (оң және сол қол
саусақтрының аралығы 2–3 мм болуы керек). Шымшыған жер қанталап кетсе, белгінің оң
болғаны.
«Балға» белгісі
– төс аумағы ауыратындай күшпен перкуссия балғасымен қағады.
Тері қанталаса белгі оң болып есептелінеді.
ТЕРІ АСТЫ ШЕЛ МАЙЫ
172


Шел майының құрамының балалардағы ерекшелігі оның өзгергіштігіне байланысты,
капиллярларға өте байлығы; май бөліктерінің дәнекер тканьдерден тұратын
аралықтарының жіңішкелігі және жіктелмеген клеткалардың мөлшерінің көптігі (май
клеткалары онша көп болмайды, бірақ олар кішкене және протоплазмасы үлкен болып
келеді) болып табылады. Мезгілі жетіп туған балаларда шел майы жақсы дамыған.
Сондықтан, олардың денесі дөңгеленген томпақ болып келеді де, шабындағы, тізесіндегі,
шынтағындағы тері қатпарлары терең болады. Бұл ерекшеліктердің тері асты шел
майының қорғаныс және тағамдық заттардың қоры жұмысын атқаруда маңызы өте зор. 3
айлық балада кіндік тұсында шел майының қалыңдығы 6–7 мм, бір жаста – 10 мм, 10
жаста – 7 мм болып келеді.
Қыз балаларда, әсіресе, жыныстық даму кезеңінен бастап, ер балаларға қарағанда,
шел майы артық дамыған.
Ерте жастағы балалардың шел майы қатпарларының қалыңдығы кеуде де (бұғананың
үстінде) 1,5–2 см, іштің бетінде 2–2,5 см, иықта 1,6 см, ортан жілік тұсында 3–4 см-ге
дейін барады.
Тері асты шел майын тексеру үшін қарау және пальпа-ция жүргізіледі. Қарағанда,
тері асты шел майының даму дәрежесін және орналасуының бірқалыптылығын болжап,
шеткі ісіктерді, олардың орналасқан жерін анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет